Қалқаман САРИН: Жастар әдебиетіне қамқорлықтың үлкені – оған назар аудару

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жас ақын Қалқаман Сариннің өзгеше өлеңдері жырсүйер қауымды елең еткізгелі біраз уақыт болды. Әнге жазылған мәтіндері де сұлу қыздың тіккен кестесіндей ерекше өрнекке толы. Бірақ өзі жұрт көзіне көп түсе бермейді. Таныс та, бейтаныс ақын қайда тұрады, немен айналысады?

Бастапқыда өзін таба алмаған соң, бұл туралы сырт көзден сұрастырған едік. Ешкім жарытып ештеңе айта алмады. Ұзынқұлақтан жеке бизнесі барынан ғана хабардар болдық. Сөйтіп жүргенде сәті түсіп, өзімен танысу мүмкіндігі туды. Біз өз кейіпкерімізден «Бизнес көзі, хитқа айналған әндері туралы, сондай-ақ алдыңғы толқын ағаларға айтар арызы мен болашақ алдындағы парызы жайлы сұраған едік.

 - Жұртшылыққа аты таныс, бірақ түрі бейтаныс Қалқаман Сарин кешегі Ақмола, бүгінгі Астана қаласында 1994 жылдан бері тұрып жатыр. Қазір сол өзім оқыған Еуразия Ұлттық университетінде оқытушы болып қызмет атқарып жүрмін. 

Бизнес деп бір күлдірдіңіз-ау. Шамасы, бір теңгеден екі теңге жасау - бізге бұйырмаған кәсіп болса керек. Иә, «бизнесменмін» деп айтқым-ақ келіп тұр. Амал қанша, өтірік айта алмай отырмын. Мен бизнеспен айналысып көрген жан емеспін. Алған затымның бағасын түсіріп сатсам да, өткізе алмайтын шығармын. Сондықтан ол сала менің қолым да, жолым да емес. Қалталы деп ойлағаныңызға да рақмет. Аллаға шүкір, Жаратқан иеден басқа ешкімге алақан жайған жан емеспін. Көпбалалы отбасының кенжесі болған соң, әлі күнге дейін аға-әпкелерімнің жаны қалмайды. Ал енді «Қалталы ақын жүректің үнін жеткізгенімен, халықтың мұңын қаншалықты жырлай алады?» деген сауалыңызға айтарым, жүректің үні - ол менің өз үнім. Халықтың мұңын жырлау маған міндет емес. Міндетім - өз үнім арқылы, елдің жанына жырым арқылы жұбаныш сыйлау. Қалғаны Алланың еркінде ғой.

ХИТ ЖӘНЕ ҚИТЫҚ

- Хит деген сөзіңіз қитығыма тиеді осы. Меніңше, уақытша жиі айтылатын және тыңдармандардың жүрегіне жазылып қалатын өмірлі әндер болады. Ескі әндерді «ретро» деген атпен қайта тірілтіп жатады кейде. Қаншалықты хитқа айналғанын білмедім. Азды-көпті әндерге мәтін жазғаным рас. Бірақ «осы хит болады-ау» деп жазған емеспін. Көбіне өтініш бойынша жазғанмен, сөзінің жүректен шыққан, боямасыз болуына мән беремін. Бүгінде мен мәтінін жазған әндерді «МузАРТ», «Бәйтерек», «Аламан», «Дабыл» топтары, жеке орындаушылардан, елге есімі белгілі Гүлмира Сарина (Қызыма), Досымжан Таңатаров (Анашым), Сәкен (Әкеге, Достар), Мейрамбек (Терме, Әлди жыры, Сәулем-ай, Алтыным) Клара Төленбаева (Жібек сезім), Ғаділбек Жанай (Күрсін бе), Медет Шайкелов, Әсел Мадекешова, тағы басқа әнші бауырларым мен әпке-қарындастарым айтып жүр.

...ӨЗІМ СҮЙІП, ӨЗІМ КҮЙІП ЖАТАТЫН, МЕНІҢ МҰҢЫМ - ЫП-ЫСТЫҚ

- «Махаббатпен жаратты адамзатты, Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті» - дейді хакім Абай. Ол махаббатты сезіну үшін баршамызға ерекше түйсік берді. Мәселе Алланы сүю үшін ол жаратқан сұлулықты, ғажайыптарды сезіне, түйсіне білу керек шығар. Әр жаратылған нәрседен өзіне тән тылсымдар мен Раббының Құдіретін таныған адам өмірді сүймей, маңайына махаббатпен назар салмай тұра алмайды. Аллаға шүкір! Жаратқан ием, маған сүйікті жар нәсіп етті. Әке болу бақытын бұйыртып, нәресте сүйгізді. Бұл - менің өзгеше махаббатым, өмірлік сертім! Ал өлеңім - дертім. Тек ақынның абыройы ақиқатынан жаңылмай, махаббатты мәнімен жырлай білуінде деп ойлаймын. «Поэзия махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» - деген екен Мұқағали Мақатаев. Парасат биігіне көтерілу үшін күш-жігерімізді барынша жұмсап қалуға тырысамыз. Өлеңдерімде махаббат мұңы басым болса, оған қоғам қайшылықтарының еш қатысы жоқ.

... АЛЛАДАН БАСҚА ЖОҚ ТӘҢІР, МҰХАММЕД - ОНЫҢ ЕЛШІСІ

- Дін жайында бірдеңе жазып-сызу үшін, үлкен жауапкершіліктің қажет екенін жақсы түсінемін. Қаншалықты күрделі болса, соншалықты нәзік тақырып ақын үшін. Бірақ жаңылыспайтын пенде болмайды. Ақын жаңылысса, оның жырын оқитын оқырман жаңылысып кетеді ғой. Сондықтан адастырмауды әуелі Алладан ғана сұраймын. Мейрамбек орындап жүрген терменің сөзін қайта өңдеп, жіберген кемшіліктерімізді түзеген болдық. (Алла кешірсін!) Бұл арада біраз мұсылман бауырларымыздың ақыл-кеңесін назарға алғанымызды айта кеткенім жөн болар. Терменің өзгерген нұсқасы (сөзі) бірқатар баспасөз беттерінде жарияланды. Алла каласа, Мейрамбек қайта дауысын жазып шығарады. Жалпы, дін тақырыбына көп жазған емеспін. Алдағы уақытта негізгі тақырыптарымның бірі болатын шығар. Әзірге ең алдымен рухани білімнің кәусарын қанып ішкім келеді.

ЕРТЕ ШЫҒАРҒАН КІТАПТА КЕЛТЕ КЕТКЕН ДҮНИЕ БОЛМАСА

- Қай заманда болсын, үлкендердің жастарға көңілі толған емес. Меніңше, жастарға көңілдің толмауы - өзіңнің оларға берген тәрбиеңе көңіліңнің толмауы. Сондықтан жастарға Мағжанша сену керек. Аға буынға айтар арыз-арманым жоқ. Арызым мен арманым болашаққа айтылады. Ал датты тек патшаға айтады. Онда да сыртынан емес, алдына барып... Сыртынан айтқан сәлем болады.
Ал жастар әдебиетіне қамқорлықтың үлкені - оған назар аудару! Пікір білдіру. Барын бар деп, жоғын жоқ деп айту, кемісін түзеу, дұрысын бағалау! Қалғаны жас қаламгердің өзіне сын. Баспана мәселесі, қаламақы, кітап шығару, атақ беру жағына келгенде, ол мәселе үнемі күн тәртібінен түспейтін шығар.
Өз басым кітаптарының саны жағынан әзірге ұяттымын. Бірақ мәселе жарыққа ерте шығарған кітапта келте кеткен дүние болмаса деген ой ғой. Құдай қаласа, бір жыр-жинақтың шығатын уакыты кеп қалды. Алдағы күндерде оқырмандарымен қауышып калар. Аздап аударма жасап жүрмін. Біраз өлеңдеріме ән жазылды. Өткен күнге өкпе жоқ, келер күннен үміт көп.



Әңгімелескен
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТОВА

АЙҚЫН газеті

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Мырзашова Шакизат

    2012-11-17 10:31:19

    Өнеріңіз өрге бассын!

    Пікірге жауап жазу

  • абдибаева назигул бердибеккызы

    2012-07-17 13:50:52

    Саламатсыздарма барша окырман кауым жане Калкаман ага! Калкаман ага сизге АЛЛАНЫН нуры жаусын! Сиздин олендериниз маган катты унайды. Аттен тоннын келтесин ай мен 9 сыныпты биыл битирдим. Сиздин китабынызды табу маган киын тусип жатыр. казир танда китабынызды кайдан тапсам болады. Рахмет

    Пікірге жауап жазу

  • Кенжегүл Тергембаева

    2012-06-02 20:24:17

    Көздің жасы, көзден ақпай, жүрегімде іркілді,
    Іздеуменен келем әлі, бақыт дейтін шіркінді...
    Сергелдеңнен көзімді ашпай, шырмауықша шырмалдым,
    Тағдырымнан жеген таяқ - тыйды барлық күлкімді.

    Мазасыз ой түңілдірен, бұзды түнгі ұйқымды,
    Бір - біріне жалғап келем үміт дейтін қиқымды.
    Сыртым бүтін, ішім жамау, мен де бір қай жетіскен,
    Көрсетпеуге тырысамын, бейшара бір сыйқымды...

    Күліп келем, ар жағымда өзекті өртеп өкініш,
    Аз боландай араласар, өкінішке қорқыныш...
    Осындама ойға батпай, ажалымен Алланың,
    Қара жерге кіріп кетсем - бәрінен де сол тыныш...

    Пікірге жауап жазу

  • Кенжегүл Тергембаева

    2012-06-02 20:12:42

    АЛЛАҒА СЕНІҢІЗДЕР!

    Сабыр түбі сары алтын сарқылмайтын,
    Әр нәрсені ақылға сап салмақтайтын.
    Жолай көрме, сайқалдық, сатқындыққа,
    сайтан жолы ешкімді қарқ қылмайтын.

    Пенде болып жасаймыз - пендешілік,
    Кімде жоқ, қателесу, бір кемшілік?!
    Ақ жолға түс, адам бол, арам болма!
    Бейнет берер Аллаға сенбеушілік.

    Аллаға сеніңіздер ағайындар,
    Аллада "жұмақ" дейтін сарайың бар.
    Иман жолға шақырып адамзатты,
    Алла - деп, жер жүзіне салайын жар!

    Аллаға сеніңіздер, Халқым менің,
    Халқым менің, Алла берген алтын кенім,
    Жүзі жарқын болашаққа жетелейтін,
    Аллаға деген құлшылық - нағыз сенім!

    Пікірге жауап жазу

  • Кенжегүл Тергембаева

    2012-06-02 20:07:24

    Қазіргі заманда көлік жүргізу құжаттарыңыз дұрыс болмаса, рөлге отырып, алыс жолға шықпақ түгілі, қала ішінде жүрудің өзі – қыруар айыппұл мен көліктен айырылуға, әкімшілік жауапкершілікке апарып соғарына дау жоқ. Көлікте техникалық куәлік, жүргізуші куәлік, техникалық қаралғаны туралы құжат, сақтандыру құжаты мен көлік салығының төлегені туралы түбіртек болуы қажет екені белгілі. Егер, автокөлік сіздің атыңызда болмаған жағдайда көлік иесінен нотариалды куәландырылған құжат болуы шарт. Ол құжат келісім бойынша үш жыл мерзімге дейін беріледі.
    Иә, жоғарыда аталған талаптарды жақсы білемін. Жақсы біле тұра, бір кезде тәуекелге барғанымды ойласам, жағамды ұстаймын.
    Күз мезгілі. Тамылжыған тамыз айы. Астанада мемлекеттік қызметте жүргеніме 5 жылдың жүзі болыпты. Жалақысын сақтаусыз 10 күнге демалыс алып, Шығыс Қазақстан облысына жеңіл көлігіммен баруға бел будым. Жүргізуші куәлігім жоқ. Болған, кезінде оны Зайсаннан оқып алған болатынмын. Астанадаға алғаш келгенде жоғалтып алған едім. Қайтадан қалпына келтіру үшін Зайсанға баруға тура келді. Астанадағы МАИ-дан сұрату жасау арқылы қайта жасауға болар еді, бірақ оған «шаш жетпейді» деп естідім. Бір жағынан Зайсанда тұратын апайымның тұңғыш қызы тұрмысқа шығатын болып, тойға шақыра қалмасы бар ма?! «Екі қоянды бір оқпен ататын» сәт туғандай болды. Не болса да бір Аллаһтың қолында ғой, күйеуімнің де қарсы болмай, менімен бірге тәуекелге баруға даяр екенін көріп, бойыма жігер біткендей болды.
    Он екі баланы дүниеге әкелген, «Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған» асыл Анам Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында тұрады. Әкем марқұм болған соң, балаларыма біртабан жақындаймын деп Үржарға көшкен болатын. Немересінің тойына шақыруды алғанда Анам: «Алматыдағы, Астанадағы балаларымның біреуі жолдан соғып, Зайсанға тойға алып барады. Тәубә, жеңіл көлікпен барамыз» - депті. Алматыдағы ағам ауқатты болса да, Үржарға баратын жол жаман, дөңгелегімнен дөңгелек қалмайды деп, тура Зайсанға тартып отырса керек. Соны естігенде намысым удай қайнады. Не болса да тәуекел дедім. Мақсатым Үржарға барып, Анамды көлігімнің алдына отырғызып, Зайсанға тойға алып бару, жүргізушілік куәлігімді қайта жасату, Анамды Үржарына аман жеткізіп, Астанама қайту болды. Күйеуім де мақсатымды құп алды.
    Көліктің бізге бұйырғанына көп болмаған. Күйеуімнің Қарағандыдағы татар досы 4 мың доллардай қарыз ақша алып, қайтара алмай, Фольксфаген Пассат В3 маркалы көлігін беріп құтылған. Жоқ дегенде жұғынын алайық деп ойладық. Астанаға келгенде күйеуімнің жолдастары мені рөлге отырғызып, «былай жүресің, былай жүресің» деп көрсеткені болмаса, машина айдаған тәжірибем де жоқ-тын. Көлік жүргізіп жаттығатын, үйренетін уақыт жоқ. Уақыт – тығыз. Сонымен не керек, көлікпен қала ішіне шықтық. «Сәлем» автобазарына барып, қажет саймандарды, құрал – жабдықтарды алып, жол – жөнекей машина жөндейтін орынға кіріп, саймандарды салдыртып, ең соңында дөңгелекті түзулетіп, тәуекелді ұзақ жолға шықтық.
    Астанадан шыға берісте жанармайды толтырып құйып алдық. МАИ бекетінен де еш бөгетсіз өттік. Көлік нөмірі Z-тен басталғандықтан ба, жоқ әлде жөнімен жүрдік пе, әйтеуір, МАИ қызметкерлері тоқтатқан жоқ. Әдетте, көлік жүргізушілері үлкен тас жолдарға шыққанда «гобарит» дейтін бәлесін жағып жүруі керек екен. Оны күйеуім айтып, ескертіп қойған.
    Күйеуім демекші, ол туралы бір ауыз сөз айта кетейін. Арман – Қарағанды облысы Теміртау қаласынан. Анасы – жағы беларустар. Әкесі - қазақ, жарықтық ерте қайтыс болған. Арман бір ауыз қазақша білмек түгілі түсінбейтін. Қазір де қазақшасының оңып тұрғаны шамалы. Дегенмен, адамгершілігі, қарапайымдылығы, маған деген сүйіспеншілігі мені әлі күнге тәнті етіп келеді. Алтынай есімді қызымыз – біздің маххабатымызды одан сайын бекіте түсетін дәнекеріміз сияқты. Сол үшін Аллаға мың да бір тәуба деймін.
    Сонымен ұзақ жолға оралсақ. Астанадан шығып кеттік, ендігі бағытымыз – Повлодар. Мен сцеплениені басмын, Арман жылдамдықты (скорость) қосады, мен басамын ол қосады. «Зади чисто. Зади чисто» - деп радио сияқты қақсап отыр. 3 (скорость) қосылмалы жылдамдықпен келеміз. Негізгі жылдамдық 110 – 120 көрсетеді. Ұзын тас жолмен жүйіткіп келеміз. Айнала жазық дала. Трастағы сезім мүлдем басқаша екен. Қала ішінде үрейге бой алдырып, терлеп – тепшіп, сасқалақтап жүрген едім, мынау тіпті бір жайбарахаттық, тыныштық екен. Жолға қарап, рөлді түзу ұстап отырсаң болды. Иә, басында солай ойлағам. Ерейментауға жетпей бұл ойым күрт өзгерді.
    Ерейментауға таяғанда жанармай стансасына тоқтап бензин құйып алмақшы болдық. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан бетім еді, Арман «поворот» деп айқайлағанда рөлді шорт бұрғанымды өзім де білмеймін. Тежегіш орнына газды басып, қайтадан тежегішті басыппын. Машина сырғанап, жол шетіне шығып барып, цементтен құйылған төтбұрышқа соғылды. Күйеуім екеуіміз көлік ішінде шалқалап жатырмыз. Көлік жолдан шығып кеткен. Жанармай стансасында адам көп екен. Барлығы «шу» етіп, жүгіріп келді. Есімнен танып қалғандай, түс көріп жатқандай болдым. Жеткен жеріміз осы екен дедім. Еркектер қаптап кетті. Ішінде біреуі: «Бәрі жақсы, бәрі жақсы. Амансыз ғой, келіңіз» - деп мені тысқа шығарып алды. Қаптаған қалың адам көлікке арқан жалғап, жолға шығарды. Арман екеуімізде үн жоқ. Жасы үлкендеу бір аға «Машинаның асты кішкене жапырылыпты, Сіздерді бір Алланың өзі сақтады. Қайда барасыздар?» - деп сұрады. Біз Үржарға одан әрі Зайсанға бара жатқанымызды айттық. Тұрған адамдар талып қала жаздады. Машинаны оталдырсам, оталмайды. Көп адам итеріп оталдырды, бакты толтырып алып ары қарай - Үржарға кеттік. Екеуімізде де үн жоқ. Алдындағыдай жүйіткімей, ақырындап келемін. Бір кезде машина қайта сөнді. Күйеуімнің шын ашуланғанын сонда көрдім. «Чтобы резко остановится нужно нажимать сцепление до конца и тормоз! И тормоз!» - деп машниада отырған жерінде тепкілене бастады. Менде үн жоқ. Ішімнен стресін шығарып алсын деп отырмын. Машинаны итеру керек. Екеуіміздің оған шамамыз келмейтіні түсінікті. Сол себепті жолға тұрып, өткен көліктерден көмек сұрауға тура келді. Кісі толы машина тоқтады. Ішінде кемпір – кешек, бала – шаға. Оларды қоя беріп қарап тұсам, аппақ «Джип» ағытып келеді. Қол көтердім. Тоқтады. Оның артынан қара «Джип» те келіп тоқтап, ішінен күшті киінген ағалар шығып, машинаны итеріп оталдыруға көмектесті. Екі «Джип» бір бағытта кетіп бара жатқан туысқандар болып шықты. Рахметімізді айтып қала бердік.
    «Аллам, өзің ақ жол бере көр, аман барып, аман қайтсақ екен», - деп, ішімнен күбір – күбір етемін. Басымыздан өткерген оқыс жағдай көз алдымнан кетер емес. «Е, құдіреті күшті жаратқан ием! Өмір мен өлімнің арасы бірер секунд екен ғой. Мына өмір жалған екен ғой. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Шынында да Аллах Тағалам өзі сақтамағанда сол сәтте бақилық болып кетер ме едік?! Жанармай стансасына соғылғанда ше? Біз ғана емес, сол жердегі адамдардың да күлі көкке ұшар еді ғой. Құдай сақтасын! Ей, Аллам, білместігім болса, күнәм болса кеше гөр. Ризамын Аллам, мың да бір ризамын, тәубә, аман қалғанымызға» - деген ойлар миымда арпалысып жатты. Ішкі жан дүниемнің күйзелісін жарым, Құдай қосқан қосағым сезді ме, білмеймін, әйтеуір мені жұбата бастады. «Ничего страшного, жаным, все будет хорошо. Теперь будеш знать, что на сильной скорости нельзя повернуть», - деді. Үнсіздік. Павладарға таядық. Жылдамдықты азайтып, жол шетіндегі белгі – нұсқауларды қарап келеміз. Қала іші қыж – қыж қайнаған тіршілік. Ары – бері ағылған көлік. Біздің етіміз үйреніп кеткен қалалық өмір. Павладардың ішінен Семейдің тас жолына шығу керек болды. Жол – жөнекей кетіп бара жатып, көшеде баласымен өтіп бара жатқан орыс әйелден Семейдің трассасына қалай шығатынымызды сұрадық. Ол да солай қарай баратынын, жолымыздың бірге екенін айтты. Отырғызып алдық. Қала ішімен жүріп келеміз, жүріп келеміз, «оңға» десе - оңға, «солға» десе - солға бұрып отырдым. Сөйтіп, қаланың арғы шетіне де шықтық. Жол көрсетушілер ақ жол тілеп қала берді. Семейдің тас жолына да шықтық – ау, ақыры. Дұрыс екен. Белгі – нұсқауда Семей бағыты көрсетілген. Павладарға «көріскенше» деп, Семей «қайдасың» деп тартып отырдық.
    Жол бойында әңгіме «соқтық», музыка тыңдадық. Алдында бастан өткерген тосын оқиға ұмытылып, Семей тас жолына түскен соң, көңіліміз жайланғандай болды. Арман: «Жаным, сколько живем, мы стобой так необщались никогда, даже?» - деп қояды. Мен жымиып күлдім. Бірге тұрып жатқанымызға бесінші жылға кетсе де, шынымен, алғаш рет ішіміздегі сырымызды үтір – нүктесіне дейін ақтарып отырғанымыз осы шығар? Бір – біріміз туралы көп нәрсені әлі де білмеппіз. Өмір сонысымен қызық емес пе? Сүйгенің жұмбақ секілді, жаңа, жақсы қырынан танылып жатса...
    Сонымен не керек, кешкі сағат сегіз шамасында Ұлы Абай, Шәкәрім сияқты зиялыларды дүниеге әкелген киелі мекен – Семейге де табан тіредік. Қала шетінен дүкенге кіріп, жол сұрадық. Семей ескі – жаңа болып бөлінеді екен. Бізге сатушы бір жолды көрсетіп, сол жолмен тура кетсек Жаңа Семейге шығатынымызды, одан әрі Аягөздің тас жолына түсетінімізді айтты. Қала ішімен жүріп келемін, жолдары нашар екен. Ойық – ойық жолмен келе жатып, жағалай тізілген таксистерден жөн сұрадық. Семейді осынша үлкен қала деп ойламаппын, ана шеті мен мына шетіне шыққанша үш сағат өтті. Бәлкім біз қысқа жолды таппай, айналып – айналып, қысқа жолды өзіміз ұзартып алған шығармыз?! Бұрын осы жолмен өздігімнен жүріп көрмегендіктен, солай болуы да мүмкін.
    Қалада жанған түнгі шамдар – қаланы көріктендіріп қана қоймай, жолаушыларға жарық шашып, жол көрсетіп тұрды. Күні бойы жолға алған нан мен шұжықты жұлмалап жегеніміз болмаса, мандытып тамақ ішпеген едік. Қарнымыз әбден ашыпты. Жол шетіне тоқтап, «Мейрамханадан» тамақ ішпек болдық. Мейрамханасы бар болсын, тамағы удай қымбат екен. Қандай қарнымыз ашса да ақшамызды үнемдеу үшін, арзан асханадан тамақтанайық деп шештік. Біраз жүргенде өзіміз қалаған асхана мен қонақ үйінің бар екенін де естідік. Оны да таптық – ау, ақыры. Дәмхана алдына камаз тоқтап тұр екен. Олар да алыс сапардан қажып, ауқаттанып, демалу үшін тоқтаған жолаушыларға ұқсайды. Дәмхана ішінде бір үстелге жайғасып, асқа бас қойыпты. Тамақтың иісін – ай, мұрынды жарып барады.
    Төр жақтағы үстелге біз де жайғастық. Тамақтың түр – түрі бар екен. Тамақтары сондай қымбат емес екен. Арманға «Лагман Гуру», өзіме мантыға тапсырыс бердім. Асты әзірлеп әкелгенше сол жерде Мұрат деген семейлік жігітпен таныстық. Ол біз тоқтаған дәмханада такист болып істейтін көрінеді. Өзі бір ақкөңіл жігіт екен. Бұрыннан таныс адамдардай араласып кеттік. Ас та келді. «Гуруды» үлкен тәрелкемен толтырып тұрып әкеліпті. Қолдан созылған лағман кеспесі, үстіне қуырылған ет, тәтті бұрыш, сарымсақ дейсің бе, неше түрлі қызылды – жасылды тұздығы бар. Ой, шіркін, қызығып кеттім. «Жаным, дай попробую» - деп едім Арман таза тәрелке сұратып лағманды бөліп берді. Бір тәрелке «Гуру» Арман екеуімізге молымен жетеді екен. Оны қайдан білейік. Мантыны тойып қалсақ та зорланып отырып бөліп жедік. Дәмхананың тура жанында жанар – жағармай стансасы орналасқан. 92, 93 сортты жанармайдың бағасын сұрағанымызда Мұрат оның тек талонмен ғана берілетінін айтты. 80 санаттағы жанармайды ғана талонсыз алуға болады екен. Ол да бір уайым болды ғой. Үржарға дейін бензин жетпесі анық. 80 санаттағы жанармайды өліп кетсем де құймаймын. Себебі, машинаның қозғалтқышын құртып аламын. Қалай болса да сапалы жанармай құю керек. Енді не істейміз? Мұрат таң атқан соң көмектесетінін айтты. Стансадағы сатушы қыз жақсы танысы болса керек. «Көліктеріңді арнайы қоршалған тұраққа қойыңдар. Күзетші таңға дейін қарап жүреді. Әйтпесе, тентектер жетеді. Түн ішінде келіп, терезелеріңді шағып, ақша сұраудан ерінбейді» - деп, бізді тегін тұраққа кіргізіп, өзі азанда келетінін айтып жөнелді. Арман екеуіміз Мұратқа дән ризамыз. Машинаның ішінде орындықтарды жатқыздық та таңға дейін ұйықтадық. Өмірі көлікте ұйықтап көрмеген, машинада ұйықтаған ыңғайсыз екен. Мыж – мыжым шықты. Оның үстіне бұрын – соңды рөлде ұзақ отырып көрмеген, екі иығым көтертпей ауырсынып қалыпты.
    Таң бозарып атып келеді. Мөлшермен сағат 6 шамасы. Ұйқыдан оянып, дәмханаға бет алдық. Жабық. Күзетші жігіттің дәмхана сағат таңғы алтыдан бастап жұмыс істейді дегені есімде, тоқылдатып аштырып алдық. Жуынып – шайынып, тағы да «Гуруға» тапсырыс бердік. Бір тәрелке лағманды Арман екеуіміз бөліп жеп, ыстық, қою-қызыл шайға қанып алып, Мұратты іздедік. Ендігі жұмысымыз Мұрат арқылы бакты бензинге толтырып алу. Семейлік ақкөңіл жігітіміз айтқан сөзінде тұрды. Жанармай стансасына барып, келісіп, бізге арзан бағамен бензин толтырып берді. Телефон нөмірлерімізді бір – бірімізге жазып беріп, хош айтысып кете бардық. Жүріп бара жатып: «Астанаға қонаққа келіңіз. Өзіміз тосып аламыз!» - деп, ризашылығымды білдіріп жатырмын. Жалпақ тас жолға шығып жүріп келеміз. Семейдің тура шетінде қонғанымызды ұмытып кетіппіз. Кішкене жол жүрген соң, алдымыздан МАИ бекеті шыға келді. МАИ қызметкері ала таяғын сумаң еткізіп, маған тоқта деген белгі берді. Арман: «Е, мое! Про гобарит забыли!» - деді. Астанадан шыққалы жол полициясы бірінші рет тоқтатып тұрғандықтан ба, әйтеуір жүрегім аузымнан шығып кете жаздады. Қызметкер келіп амандасты да, құжаттарымды сұрады. «Көлік жүргізуші куәлігіңіз қайда? Астанадан правасыз келесіз бе?» - деп, көзі шарасынан шығып кете жаздады. Мен Зайсанда автомектепте оқыған қағаздарымды тықпалап болмаймын. «Маған бұл қағаздардың қажеті жоқ. Жүріңіз. Меннен үлкен бастық отыр. Соған барасыз» - деп, алға бастап жүріп кетті. Мен де оның соңынан жүгіре басып, постқа кірдік. Әлгі жас жігіт құжаттарымды төрде отырған орта жастағы еркекке ұсынды да кете барды. Менің алдымда кірген жүргізуші айыппұлға хаттама толтырып жатыр екен. Мен сияқты «нарушитель» болса керек. Қағазын алып сүмірейіп шығып кетті. Формада отырған МАИ қызметкері басын көтеріп: «Қазір хаттама толтырамыз, машинаны штраф стоянкаға қоямыз. Куәліксіз қалай жүрсіз?» - деді қатулы үнмен. Мен жалма – жан: «Ағай, кешіріңізші, мен правамды Астанада жоғалтып алып едім, енді Зайсанға жасатуға кетіп барамын. Ағай, жібере салыңызшы...». Ол маған қызық көзімен қарады. Бір нәрсені айта алмай тұрған сияқты. Журналистер тіл мен жағына сүйенген «халық» қой, онымен кідірместен:
    - «Құрғақ қасық ауыз жыртады» дейді ғой, мынау түскі асыңыз, аз да болса көптей көріңіз – деп, бүтін бес жүз теңгені алдына тастай салдым. Түрі бұзылып кетті.
    - Мұны азсынсаңыз машинамның артында домбырам жатыр, терме айтып берейін – дедім. «Жо – жоқ, қажет емес. Бара – берші. Байқап жүр!» - деп, құжаттарымды қайтарып жатып, күліп жіберді. Мен мәз – мейраммын. Машинаға қарай жүгіріп келемін. Келсем, Арманның көзі алақандай болып кетіпті. Не айтар екен деген адамдай меннен екі көзін алмайды. Мен «көрдіңбе, бәлем, әйелің қандай?!» - деген сөзді көзіммен айтып, өзімше болып рөліме жабыстым. «Все нормально?» - деді, шыдамы жетпестен. «Конечно, нормально. Аллах с нами!» - дедім де, кілтімді бұрап, жүріп кеттім.
    Семей мен Үржардың арасы 500 – 550 километр. Бірақ, оны жүріп өту, қиямет қайымның дәл өзі. Неге дейсіз ғой, жолы жол емес – тозақ. Ойық – ойық, ұңқыр – шұңқыр, айналып өтетін сау жері жоқ. Ағамның айтқанындай дөңгелектен дөңгелек қалмайды екен. Шұңқырын көрсе адам шошиды, тереңдігі сондай дөңгелек емін еркін түсіп кетеді. Әйтеуір не керек, аһілеп – уһілеп Аягөзге де жеттік – ау. Аягөздің МАИ-ы көліктерді тіркеуден өткізіп жатыр екен. Қас қылғанда біз де сол уақытқа дөп келмесіміз бар ма?! «Ала таяқты» тоқтатты. Құжаттарымды қарады да әдеттегідей бекеттің ішіндегі жоянына апарып берді. Маған қоса жүруімді талап етті. Бекетке кірдім. Кірсем, толған жас жігіттер. Төрдегі беті табақтай болған жігіт менің құжаттарымды алып: «Провасыз қайда кетіп барасыз? Машинаңызды штраф стоянкаға қоямыз. Ешқайда кетпейсіз. Көліктің иесі қайда?» - деп, дікің – дікің етеді. Мен жүгіріп шығып, Арманды шақырып келдім. Арман кірді, көзі жаутаң – жаутаң қағады. «Сіз бе көліктің иесі? Провасы жоқ адамға рөлді бергеніңіз үшін Сізге 19 000 теңге штраф, мына кісіге 6 800 теңге штраф саламыз. Неге рөлді бересіз?» - деп, Арманға қадала берді. Арман: «Ну, она вообще то востанавить едет» - деп, мыңқылдай бергенде, жалпақ бетті маған: «Өй, мынауың неге қазақша сөйлемейді – ей?» - деп, адырая қарады. Мен оның шешесінің белорустар екенін, қалада өскенін айтып ақталып жатып: «Жігіттер, жібере салыңдаршы, өтінемін» - деп, жалынып, жыларман болдым. Қарайтын түрлері жоқ. Одан сайын есіріп барады. Албаты ашуланбайтын, ашулансам – тау қопаратын адам едім, енді ашуым шынымен келді. Айғайға бастым: «Сендер немене, біз Астанадан келе жатқанға бай, ақшалары көп деп ойлайсыңдар ма? Жас семьямыз. Орыстың көртышқан қаптаған аядай бөлмесін жалдап, жарамызды жасырып жалап келе жатқан жандармыз. Неге жібере салмайсыңдар, не болды сонша?!...». Үн жоқ. Бәрі екі алған балалардай бастары салбырап қалыпты. Құжаттарымды ұсына беріп, жас жігіт өтініш айтты: «Кенжегүл, байқап жүріңізші, иә?! Қайтарда Зайсанға баратын болсаңыз шофер тауып алыңыз. Өзіңіз рөлге отырмаңыз. Жолыңыз болсын!». Құжаттарымды алдым да қарыштай басып машинаға беттедім. Арман «мынаның есі дұрыс па» дегендей маған аң-таң көзімен қарайды. Үнсіз машинаға отырдық та жүріп кеттік. Жол сақшыларының әдейі жасап қойған тар жолынан сүрінбей өттім де газға бастым. Ағытып келе жатырмыз. Бағанадан бері ойға шомып, үнсіз отырған Арманым қарқылдап бірақ күлді: «Ха-ха-ха! Ну, ты даешь. Сама виновата, еще кричишь. Да, с тобой не соскучешся...». Мен де өз қылығыма өзім бір жағы ұялып, бір жағы күлкім келіп келеді. Олай етпеске амалым болмады. Жіберетін түрлері жоқ болған соң, толқу мен сезімнің арпалысынан туған ерсі жағдай болды.
    Сонымен не керек, 92, Таскескенді басып, Үржарға да жеттік – ау, әйтеуір. Үржарға кірмес бұрын Арман ескерткен: «Все, забудь про скорость. Населенный пункт. Больше сорока нельзя!». Ұғып келем, бірақ шаршағаным сонша, миым істемей келеді. Тура көшенің ортасымен біреу сиырларын айдап барады. Бипілдетіп жатсаң да қарайтын түрі жоқ. Ақырын сиырдың артынан ілесіп келе жатып, артқы екі аяғынан «тық» еткізіп соқтым. Сиыр бамперге артымен отырды да тұрып кетті. Иесінің көзі шарасынан шығып кетіпті. Мені күлкі қысып барады. Арман ашуға булығып: «Слепая что ли?! Куда смотришь!» - деп айқайлап жатыр. Мен терезеден басымды шығарып, мал иесіне айқайладым: «Көшенің ортасымен неге айдайсыз? Шетімен айдамайсыз ба?!». Сөзімізге құлақ асып жатқан пенде жоқ. Бәрі «қайдан келген жабайылар» дегендей таңданып қарайды бізге.
    Есім шығып жүріп сәлем – сауқыт та алмаған екем. Енді құр қол балаларға қалай барасың. Жол шетіне тоқтап, дүкенге беттедім. Басым айналғаны сонша дүние дөңгеленіп барады. Шарбақтан ұстанып, жағалап барып дүкенге кірдім де біраз тәтті – пәтті алдым да, сатушыға: «Апай, мен қазір осы жерде құлап қалатын шығармын» - дедім. «Не бір жеріңіз ауырып тұр ма?» - деді. Басымның қатты айналып тұрғанын айтып, сүйене – сүйене көлікке де жеттім. Біраз отырып, демімді алып алған соң, Анамның үйіне тартып отырдық.
    Анам Алексеев көшесінде, 1972 жылы туған апайым Төлеуғайша Комсомол көшесінде тұрады. Кішкентайым Алтынай апайымның үйінде. Анам мен апайым мен келе жатыр дегенде бәс тіккен көрінеді. Анам айтыпты: «Кенжем мені аттап кетпейді. Бірінші менің үйіме келеді. Көр де тұр!» - деп. Апайым оған: «Бәс, көресің. Ол баласын сағынып, шөлдеп келе жатыр. Бірінші біздің үйге келеді» - депті.
    Әкемнің түтінін өшірмей, қара шаңырақта қалқиып отырған анамнан аттап кету мен үшін кешірілмес күнә. Сондықтан да қай – қашан алдымен анамның шаңырағына бас сұғатын әдетіміз. Сол дәстүр бойынша Анамның үйіне келдік. Анам дастархан жасап дайындалып отыр екен. Бір-бір шыны шай іштік. Анам тыпырлап отырғанымды білді ме: «Балаңды сағынған шығарсың, жүр Ғайшаның үйіне барайық» - деді. Жиналып сонда кеттік. Жүрегім дүрсілдеп, аузыма тығылардай. «Балам мені қалай қарсы алар екен. Жоламай қойса қайтемін?»- деп, жүрегім толқып келеді. 7 айында омыраудан шығарып, апайыма тастап, жұмысқа шыққан болатынмын. Қаладағы бір күн жұмыс істемесең аш қалатын аласапыран тіршіліктің салдарынан ғой. Қай бір жетіскеннен баламды апайымның қарауына беріп жүр дейсіз. Енді жоламаса қайтем деп жаным шығып келеді. Апайымның үйіне де келдік. Есік алдында адам қарасы көрінбейді. Ішке ене бергенде апайым жүгіріп шықты. Бас салып құшақтап, бір – бірімізді сүйіп жатырмыз. Бірінші сөзім: «Алтыным қайда?» - болды. Апайым оның ұйықтап жатқанын айтты. Ақырын барып бөпем ұйықтап жатқан бөлмеге кірдім. Құлыным, қуыршағым, тәп – тәтті болып ұйықтап жатыр екен. Сүйсініп ұзақ қарадым. Иіскеп сүйгім келді. Еміреніп тұрғанда апайым шайға шақырды. Дастархан басына жайғасып, ішіміздегі әңгімені ағытып біте алмай жатырмыз. Апайым: «Ертең таңертең Зайсанға шығып кетпесек тойға үлгермейміз. Барамыз ба, кім – кім барамыз?» - деп сұрады. Мен Анамның көлік алдына отыратынын, артына үш адам сиятынын айттым. Зайсанда тұратын Сәкен деген ағамның Әйгерім атты қызы Үржарда қонақта болатын. Оны тастап кеткен тағы болмас. Дап – дардай бойжеткен бір адамның орнын алады. Ғайшаның күйеуі Ернияз – момын, жуас, жайбасар адам. Бірақ, тойға оның да барғысы келген. Амал нешік, жездемнің қалуына тура келді. Тойға Анам, Ғайша, Арман, Сәкеннің қызы Әйгерім, менің қызым Алтынай баратын болып шештік. Сөйтіп, «қызыл танау» болып жатқанда Алтыным ұйқысынан тұрды. «Жаным, күнім» - деп, еміреніп бас салдық. Аң – таң болып қарап, «таныдың ба» деген сөзімізге жымия күлді. Анам: «Әй, қасқырдың күшігі. Іші сезіп тұр ғой...» - деп, риза болып, қарқылдап тұрып күлді. Біз де мәз-мейрамбыз.
    Жолдан шаршағаным сонша, жастыққа басым тие салып, қалай «талғанымды» білмеймін. Сілекейім ағып тұрып ұйықтаппын. Таң бозарып атып келеді. Тағы да жолға шығу керек. Недеген бітпейтін жолдар десеңізші... Зайсанға қарай жол тіпті жаман деп естідім. Ойық – ойық жолды ойлағанда денем түршігіп кетеді. Амал жоқ, Зайсанға бір жолдан басқа жол да жоқ. «Тәуекел түбі желқайық, өтесің де кетесің» дедік те шығып кеттік. Тағы да Аягөз арқылы өтеміз. Аягөздегі ала таяқтылар маған шопыр ал деп ескерткені бар емес пе еді?! Енді не істейміз? Анам қасымда алдыңғы орындықта отыр. Анам: «Апа отыр» деп тоқтатпайтын шығар?!» - деп қояды. МАИ бекетіне таядық. Көз көрген ескі қызметкер ала таяғын шошаңдатып ары – бері жүр екен. Менің рөлде отырғанымды көріп, қолын бір сілтеді де, «жүре бер» деп ымдады. «Мына әйелге дауа жоқ екен» деген шығар?!
    Сонымен не керек, Зайсанның тас жолына түсу керек еді. Анам: «Біз бұрын Зайсанға барғанда мына бұрылмадан бұрылатынбыз» - деп, жанама бұрылманы көрсетті. Бұрылдым. Ағытып келем. Жол бір түрлі күдікті көрінді. Өйткені, тас жолымыз шөптен көрінбейді. Зырлап келе жатып, бір жарға кеп қадалдық, машинаның ерні (губасы), алдыңғы дөңгелектердің калпактары сынып ұшып кетті. Байым ойбайға басты. Сөйтсек, ол саяжайға апаратын, адам қарасы көп жылдар бойы жүрмеген, ескі жол болып шықты. Көлікті тастап, апайым екеуіміз жол көруге жаяу кеттік. Ол жол негізгі тас жолға апара ма, жоқ па соны білмек едік. Әйтеуір, жол бар екен. Ақырындап тас жолға шықтық. Анам: «Арманның ашуланатын жөні бар, кәрі кемпірді неге тыңдайсың?» - деп қояды. Бәріміз тырқылдап күліп отырмыз. Сөйтіп, Ақсуатты басып, Зайсанға кеттік.
    Қараңғы түсіп барады. Қараңғыда көлік жүргізіп көрмеген басым, қандай қорқынышты. Жол жоғалып кеткендей әсерде болдым. Рөлді мықтап, түзулеп ұстап алғам. Шошығаным сонша, шамамен сағатына 30 – 40 км. келе жатырмын. Бірте-бірте көзің үйренеді екен. Газға бастым. Зулап келе жатып едім жол бітіп қалды. Оңға және солға бұрылма, тура жол жоқ. Жылдамдықпен келе жатқан едім, рөлді бірден оңға бұрдым. Машина «ши – и – қ» ете қалды. Салондағылардың зәресі ұшты. Мен де қорқып кеттім. Дұрыс бұрылыппын, сол жаққа бұрсам – Алматыға кетеді екенбіз. Зайсанға оңға бұрылу керек. Бірінші рет бара жатқан соң жолды дұрыс білмейсің ғой. Әйтеуір «уһ» дедік. Тас қараңғы түн. Ай жарығы болса, әйтеуір айналаңды көресің ғой. Анда машинаның жарығы түскен жерге дейін көрінеді, қалған маңайымыз тас қараңғы. Ақырын жүріп, анық басып, деттеген жерімізге де жеттік. «Зайсан»; «Хош келдіңіздер!» деген жазуларды оқығанда жүрегім толқып қоя берді. Қанша дегенмен туып - өскен жер ыстық қой. Таныс ескі көшемен апайымның үйіне ағытып келеміз. Апайым Гүлжамал – Ибраев көшесі 11 үйде тұрады. Есік алдына тоқтай бергенде машинаның дауысын естіген туған – туыс жапырлай далаға шықты. Барлығы қуанысып, қауышып жатыр. Айтарлықтай шаршаппын. Тәлтіректей мен де көліктен түстім.
    Алматыдағы үлкен ағамның әйелі Сәния қытымырлау адам. Ол құшақтап жатып: «Бәріміз трактор келді ме деп қалсақ. Кенжегүлдің машинасының даусы қандай жаман!» - деп, мысқылдай күлді. Даусы жаман деп тұрғаны, саяжай жолында орға түскен кезде машинаның глушителі үзіліп кетіпті. Соның дауысы ғой бырылдап шыққан. Жақын адам көлік алса – «құтты болсын» айтушы еді, мұнысы несі табалап тұрғандай деп ойладым. Көңіліме келсе де үндеген жоқпын. Сонымен у – шу болып, шәй іштік. Әңгімеміз таусылар емес. Ұйқыға кеш жаттық. Ертеңінде тойдың күні. «Тойдың болғанынан – боладысы қызық» деген осы шығар. Таң атпай тұрып, барлығы шаруаға кірісіп кеткен. Мен «жеке шопыр» болдым. «Алып кел, шауып кел» жұмыстарға машинамен жүріп бердім. Той иесі – Гүлжамал апайым маған дән риза. «Құлыным сол, машинаңның бары қандай жақсы болды» - деп қояды. Азаннан қара кешке дейін шапқыладық та жүрдік. Кешке уақыт тауып, боянып – сыланып тойға бардық. Кәдімгі қазіргі заманғы қазақы той. Дәмханаға жасады. Асаба, әншілер өз міндеттерін қызу атқаруға кірісті. Төр жақтағы дастарханға жанұяммен мен де жайғастым. Даңғұр – дұңғұр музыка, сөз сөйлеулер, құттықтаулар. Ән шырқалып, би биленіп жатыр. Бәлембай жыл көріспеген алыс туыстарымды көріп, абыр – сабыр болдық.
    Сәкен ағамның «жигули» маркалы машинасы итермесе жүрмейтін «темір тұлпар». Ол өзінің машинасын тастап, менің машинаммен зырлап жүр. Той аяқталып қалған кез. Ағам тағы да жалма – жан меннен машинамның кілтін алды да жүгіріп кетіп бара жатты.
    - Сәкен, қайда барасың? – десем:
    - «Сәнияларды Арманданың (Сәнияның туысы) үйіне апарып саламын!» - дейді. Жеңгемнің «Трактор» деген сөзі есіме түсіп:
    - Керек болса өз машинаңмен апар! Кілтті әкел! – дедім. Жеңгем қарап тұр. Ағам қызара бөртіп, кілтті берді де жылдам басып машинасына қарай жөнелді.
    Сонымен не керек, той бітті. Анамды, бала – шағамды алып апайымның үйіне кеттік. Ертеңінде жігіттің тойы. Оған бармасқа тағы болмас. Құда – құдағи, құдаша – құдабала деп тойға арнайы шақырған. Үйге жетіп, демалдық.
    Ұйқымды қандырып, түсте тұрдым. Тамақ асулы екен. Асықпай жүріп ас ішіп, кешкі жігіт жақтың тойына дайындалдық. Боянып, сыланып жігіттің тойына да жеттік. Құдаларға төрден орын беруші еді, бізді жасы кіші деді ме, төмен жақтағы үстелге апарып жайғастырды. Жолдасым, қызым, бәріміз отырмыз. Дастархан кең-молымен жайылған, көздің жауын алады. Мұнда да әдеттегідей жігіт жақтың тойы басталды. Беташар, құттықтаулар, сөз сөйлеулер және тағы басқа. Дабырлап, астан жеп отырмыз. Ауылдың таныс балаларын байқадым. Бастарын изеп амандасып қояды. Ыстық тамақ әкелді. «Тефтели» деген бәлені әкелген екен, оның арасы шикі болып шықты. Сөйтсе, аспазшылар асығып жүрып, оны буға ұстамай ұмытып кетсе керек. Сонымен не керек ертеңінде барлығымыздың ішіміз өтіп ауырдық. Жаман ауырдық. Анамның беті көнектей болып ісіп кетті. Той дабырысы осылай бітті...
    (жалғасы бар)

    Пікірге жауап жазу

  • Кенжегүл Тергембаева

    2012-06-02 20:06:39

    ШӘКІМ – ШӘКІРТ
    Шәкім – Шәкірт екі ұлы Жеделханның,
    Жанына қас қылмаған адал жанның.
    (Әкемнен осы аңызды естісімен,
    Қолыма Сіздер үшін қалам алдым).

    Шешесі өлгеннен соң екі ұлдың,
    Хан алыпты жас қызын сұлу Сырдың
    (Аңыз деген ақиқатпен жанасады,
    Астарына үңілейін асыл жырдың).

    Хан кетіпті қырық уәзір ертіп алып,
    Құлдары дайындап берді азық салып,
    Серуендеп, аңға шығып, құс салғанда,
    Жеделханның қалады екен бағы жанып...

    Шәкім де серік қылып адам ертті,
    Әкесінен ол бірақ, бөлек кетті.
    Бауыры барайын деп өтініп ед,
    Тоңасың деп ол байғұсты тастап кетті.

    Бозбаламен жалғыз қалды өгей шеше,
    Жас келіншек еді ғой, түскен кеше.
    Жас балаға қызығып, «ойнайық» деп,
    Түн ішінде қасына барды неше.

    Бозбаланың ақылы алжаспаған,
    Деді: «Шешей, мұның не қалжақтаған,
    Етегің шешей, Әкеме тиді ғой!»-деп,
    Жас жігіттің есі шығып, заржақтаған.

    Деді шешей жас балаға: «Қойып зарды,
    Одан да аймаласай, ыстық жарды...»
    «Қой» дегенге көнбей шешей төне берді,
    Ашуланған Шәкірт көзге қойып қалды.

    Құмартқаны соншалық, көзі түсіп,
    Іс насырға шапқандай, әбден пысып,
    Жас бала қарғып тұрып кетіп қалды,
    Келіншектің кетеді көзі ісіп.

    Қызынғаны соншалық, күйеу кетіп,
    Үш-төрт күнде келеді хан да жетіп,
    Қанжығасын қандаған, тым көңілді,
    Кіріп келді, уәзірінің бірін ертіп.
    Хан көреді өзінің қалыңдығын,
    Қыз сөйлейді: «Хан ием, жанымды ұғын,
    Сен кеткен соң қол салды маған балаң,
    Өз балаңның білмеушімедің, тақсыр қырын.
    Көнбеп едім, көзімнен қойып қалды» -
    деп ашты өгей шеше жалған сырын.

    Ашуланды, Хан мінді қаһарына,
    Уәзірін шақыртты шаһарына,
    Ұлын қиды өлімге, бұйрық берді,
    Уәзір мен бір қой қосты қатарына.

    «Мынау сұмдық! Мұны ел естімесін!
    Сеннен шығар, шешесіз жетім өстің,
    Апарып өлтіріңдер, ал көйлегін,
    Қанға бояп әкеліңдер! Енді кетсін!»

    Деп, ащы Әке бұйрық бергеннен соң,
    Кісендеулі бала құлға ергеннен соң,
    Жас бала «Ағатайлап» зар жылады,
    Хан нұсқаған қанды жерге келгеннен соң.

    Өлімге қимады олар жас баланы,
    Сезіп тұрды іштері ақ – қараны,
    «Ағамды тауып алам, көрінбеймін!»,
    Деген дауыс күңірентті кең даланы.

    Көйлекті бояп алды қой қанына,
    Өтірік бейіт орнатты діл маңына.
    Көйлегін алып уәзірлер кете берді,
    Боздады жігіт жайылғандай у жанына.

    Қан көйлекті көрген Хан қайырымсыз,
    Ақ – қарасы қалады айырусыз.
    Қызуы басылмаған келіншекпен,
    Күліп-ойнап жүре берді уайымсыз.

    Біледі жігіт ағасының кеткен жағын,
    Айтпақшы ғой мұңы мен сынған сағын.
    Естіді де ағасы жылағанын:
    Деді ол: «Тайған екен бастан бағым!»

    Жүгіріп кеп бауырын құшақтады,
    (Сағыныш сағым болып ұстатпады).
    Естіледі бала сөзі өксікпенен,
    «Аптықпашы, түсіндірші дұрыстап тағы.»
    Жылап тұрып, бала сонда бәрін айтты,
    Өгей шеше қорлығын, болған жайтты:
    «Жатыр едім ұйықтап,
    Текеметім тұйықтап,
    Түн ортасы болғанда,
    Бір адам келді-ау иықтап,
    Тұра қаштым төсектен,
    Қашайын деп өсектен».

    Шәкім де аһ ұрып – ақ, булығады,
    Ағайынды екеуін кім ұғады...
    Шәкімнің берген жалғыз бұйрығымен,
    Уәзірлер өтірік зират тұрғызады.

    «Өгей шеше қорлығын көрмегендер!
    Мені де осы жерде өлді деңдер!
    Атты тұлдап апарыңдар, хош болыңдар,
    Бейітті келіп көрсін сенбегендер!»

    «Тұрғанда Әкемізден қайыр болмай»,
    Деді Шәкім: «Көмектессін, көкте Құдай!»
    Бауырын жұбатып – ап жүре берді,
    Бір тірлік қылармыз деп, күндер солмай.

    Жүре берді екеуі шаршап – арып,
    Тосыннан келген қасірет жанды қарып,
    Түнделетіп екеуі тіреледі,
    Қара жартас түбіне жетіп барып.

    Жарқырап, көктен сұлу ай түседі,
    Бастаудан екі жігіт су ішеді,
    Шөл қандырып, жартастың түбіне олар,
    Тон салып ұйықтауға кіріседі.

    Тәтті ұйқымен білінбей атады таң,
    Ұйқысы қанбағандай қалғиды маң.
    «Жүр бауырым, жүрейік, кетейік»- деп,
    Шәкіртті Шәкім түртіп оятты сан.

    Бауыры неге оның қозғалмайды,
    «Бауырым! Бауырым!»-деп, ойбайлайды.
    «Жалғызымнан айырдың ғой, Құдай-ау»-деп,
    Басынан құшақтап-ап ал боздайды.

    Қара тасқа хат жазды қиыстырып,
    Түсінікті етіп жазды жиыстырып,
    Алтын жамбы ағасы тастап кетті,
    Бауырының басына түйістіріп.

    Қайтсін енді, қояды жылап – жылап,
    Қасында отырды ол жоқтап жырлап,
    «Күрегім жоқ, бір мұсылман жерлер енді»,
    Жүре берді Алладан соны сұрап...
    -------------------------------------------------------------------------
    Меккеге кемпір мен шал жол тартады,
    Түйесіне азық – түлік мол артады,
    Қара жартас түбіне жақындайды,
    «Тынығайық, шал»-деп, кемпір тоқтатады.

    «Жаңа өткенде қалғанмын, қалай көрмей,
    Шықсаңшы, алдыма шал! Артыма ермей,
    Қасында жыландарың қаптап жүр ғой,
    Мына сен жігітті көр, ай мен күндей...»
    Кемпірдің есі шығып жүгіріп жүр,
    Шал айтты: «Тұра тұршы, безектемей!»

    Жас шағында алмаса да орта білім,
    Кәрі шал біледі екен жылан тілін,
    «Бұл ордалы жылан екен» - деді де шал,
    «Қайтарып ал дедім оған уыт – зілін».

    «Арбапты олар мына бір жас баланы,
    Үстіне келіп қоныпты ең залалы,
    Бала бізге табылды ғой кемпірім-ау,
    Абыржыма, артта қалды ең жаманы».

    Уытын қайтарған соң бала тұрды,
    Жасырмады, бәрін ашты ішкі сырды.
    Жамбыны шал-кемпірге ұстатты да,
    Хош айтысып, кете барды асып қырды.

    Арып – шаршап, ай жүреді, күн жүреді,
    Ойында не бар екен, кім біледі?!
    Меккенің маңайына орналасқан,
    Әйтеуір, бір шаһарға тіреледі.

    Шет жағында бір киіз үй тігіліп тұр,
    Бала барып сығалайды, үңіліп бір,
    Кемпір мен шал сұп-сұлу бойжаткенді,
    Аймалап, безек қағып жүгіріп жүр.


    Шәкірт көрген бұл қылыққа таңданады,
    Не болса да кіруге қамданады,
    Кезек – кезек олар сүйіп жас қыздарын,
    Жылап-сықтап уақытқа алданады.

    «Ассалаумағалейкум» - деп Шәкірт амандасты,
    Тосын жанға шал-кемпір жаман састы:
    «Бір айдаһар бар еді, ауыл болып,
    Кезекпенен береміз мал мен басты.
    Бір қоймен қызымды ертең апарамын...»
    Деп кемпір орамалмен сүртті жасты.

    «Апа! Ата! Жыламаңдар, жетер!» - деді,
    «Қызды берме, бір қойың кетер» - деді.
    «Қырық құлаш семсерді соқтыртыңдар,
    Құдайым жіберді ме бекер мені,
    Қойды алып айдаһарға мен барамын,
    Тәңірім бір амалын етер!» - деді.

    Таң да атты, дайын болды семсері де,
    Ержүрек жігіт қашан да еңселі ме?!
    Айдаһар жұтынғанда қақ бөлінді,
    Көлденең тартқан Шәкірттің семсеріне.

    Сол шаһардың Ханы ақылды, қаһарманы,
    Халқымен қояды екен қатар жанын.
    Уәзірін жұмсайды білу үшін,
    Айдаһарға апарып па азықтарын.

    Айдаһарды көреді анадайдан,
    «Байлық бізге бұйырды қанат жайған,
    Алпауытты біз өлтірдік деп айтайық,
    Сол үшін алтын алып, Ханнан, байдан».

    Арам оймен айдаһарға жетіп барып,
    Қарайды екі уәзір көзін салып,
    Құйыршықтағы шала – жансар бозбаланы,
    Жүгіреді асығыспен көме салып.

    Сүйіншілеп, айқайлап жар салады,
    Қуанған Хан сыйлықпен қарсы алады.
    Сый көрмеген, ашкөзді арамзалар,
    Алтынды басып алып мәз болады.



    Істеген игі істерін ойға тоқып,
    «Жүрмесін көмусіз қап, қарға шоқып,
    Қызымызды құтқарған сол баланың,
    Қайтайық шал, басына құран оқып».

    Уақытпен жатпады есептесіп,
    Шал мен кемпір кетеді жетектесіп,
    Құрбандыққа қойды шал бауыздап жатты,
    Кемпір кетті етегіне тезек теріп.

    Тезек теріп жүргенде қамыс жақта,
    Құдай-ау, бұл не өзі, сор ма, бақ па?!
    Аяғы бір шұңқырға кіріп кетіп,
    Баланы тауып алды ойда жоқта.

    Ойбайлап, шалды кемпір шақырады,
    «Суыр мына баланы!» - деп бақырады.
    Тірісіне Шәкірттің қуанады,
    Сыйға – сый, сұмдыққа кім сатылады.

    Баланың үсті басы тілініпті,
    Ұсақ сүйек қадалыпты, ілініпті.
    Шал-кемпір емдеп жазды жас баланы,
    Тыртығынан сұрапыл өмір білініпті.

    Бас көтеріп тұрды бала жиырма күннен,
    Айдаһарды өлтіргенін кімдер білген?!
    Шал-кемпірдің баласы боп жүре берді,
    Қиын күнді ұмытпақ боп өзі көрген.

    Жайсаң жігіт жамандықты қаламайды,
    Базарды емін – еркін аралайды,
    Кемпір-шал бар ақшасын ұстатады,
    Ақылды бала әр нәрсені саралайды.
    Екі уәзір сыртынан оны танып қойды,
    Алаңсыз жігіт ештеңені байқамайды.

    «Мына жігіт жұртқа бізді қаралайды,
    Дарға асып, ертең бізді жазалайды.
    Айдаһарды өлтірген менмін десе...»
    Біреуі айтты: «Құрту керек, жарамайды!»

    Шәкірт сатып алады жұмбақ сандық,
    Иесі айтты: «Ашарсың жеке барып.»
    Сандықты арбаға сап кете берді,
    Соңынан екі жөлік жүрді аңдып.

    Таса жерде сандықты ашып қалды,
    Жарқыратып даланы, бүкіл маңды,
    Қолында қағазы мен қаламы бар,
    Бір бойжеткен сандықтан шыға қалды.

    Шәкірт бүкіл өмірін баяндады,
    Баяндады, еш оған аянбады.
    Шаһар Ханы – Шәкім деп естігенде,
    Қуанғаннан көздің жасын тыя алмады.

    Отырғанда баяндап, жайбарахат,
    Екі залым келіпті тіпті тақап,
    Ұстап алып Шәкіртті дарияға,
    Ағызып жібереді сандыққа сап.

    Жазушы қыз ұстатпай қашып кетіп,
    Сол шаһардың Ханына жедел жетіп,
    Қағаздарын көрсетіп, бар болғанды,
    Бастан аяқ береді баян етіп.

    Шәкім іздеп бауырын жар салады,
    Қол ертіп, Шәкіртті іздеп сандалады.
    Сатқындық пен арамдық ісі үшін,
    Басын шауып, екі уәзірден жанды алады.

    Сандық барып ілінеді балықшының ауына,
    Балықшылар естімейді, Ханның мұңлы зарына
    Сыр сандықты ашып қалса, ай мен күндей жігіт тұр,
    Тәубә етіп жүре берер тіршіліктің барына.

    Түсінді Шәкім қу тіршілік тар екенін,
    Есітті де балықшылар бар екенін,
    Шәкіртті, балықшы шалды алдыртады,
    Жалғыз шалға тастатып жар мекенін.

    Ағайынды екеуі көріседі,
    Қайғы менен қуанышын бөліседі.
    Туғанның арасының беріктігі –
    Бірі үшін бірі енді өліседі.

    Шәкірт сұлу жазушыны жар етеді,
    Қыс та жетіп даланы қар етеді.
    Ұрпақ сүйіп Шәкім де Шәкірті де,
    Шәкім-Шәкірт ұранын ар етеді.

    Жыл артынан жылдар өтті білінбей,
    Шәкім айтты: «Көзім де жүр ілінбей,
    Ит те болса әкеміз ғой, қайтеміз енді бауырым,
    Қателеспей, кешірейік. Сыннан өттік сүрінбей!»

    Ағасының бұл сөзін бауыр қолдапты,
    «Тәуба» деді, «махаббат гүлі солмапты,
    Аттанайық, жаратқан ием жар болсын,
    Жүрегіміз тасқа айналып болмапты.»

    Жолға шықты екі жігіт ағайынды,
    Демейді ғой біреуге жағайын-ды.
    Жылап-сықтап көрісті Әкесімен,
    «Сыйлап келдік, Әкетай самайыңды.»

    Әкесінде билік жоқ бұрынғыдай,
    Өгей шеше жылап отыр: «Құрыдым-ай»
    Бар кезінде «шүкір» ет, асып – таспа,
    Алам десе ала салар бір күн Құдай.

    Аллаға етпеңіздер, күпіршілік,
    Бармын деп есіреді, өңкей шірік.
    Қайырымды, бауырмал, адал жандар –
    «Тәуба» дейді жатқанына өмір сүріп.
    -------------------------------------------------------------------
    Ашкөздікпен қателеспе, кімге керек боқтығың,
    Бұл өмірде адамдығың – адалдығың – тоқтығың.
    Ең бастысы, Тәубеңе кел, асып-тасып кетпегей,
    Өмір деген бір-ақ рет беріледі шоқтығым...

    Кенжегүл Тергембаева,
    17 қаңтар 2001 жыл

    Пікірге жауап жазу

  • Саткынова Жанаргуль Мукашевна

    2012-02-13 16:06:48

    Сәлеметсізбе, қазақ халқының маңдайына жарқ етіп әсер беріп өзінің еңбегімен, талабымен көзге түсіп жүрген жарқыраған інім Қалқаман. Сіздің шығармашылық кешіңізден кейін де дейінде көптеген бауырларымыздың жақсы ойға шомылып, жаны жадырап жасарып жүргені рас. Еліңнің елеулісі , халқыңның қалаулысы деген осы болары да шындық. Ой сергітетін өзіңіздей бауырларымыз көбейе беруіне әрқашан қуаныштымыз. Сіздің тулаған жүрегіңіздегі таза ойлармен сырлас халқың қазіргі таңда рахат алуда десем қателеспегендік болар еді.

    Пікірге жауап жазу

  • Лаура Султанбекова Сапарханқызы

    2012-02-10 20:55:09

    Сәлеметсіз бе, Қалқаман аға? Мен сіздің өлеңдеріңізді сүйіп оқимын.
    Менің сізге өтінішім бар. Мектепте ұйымдастарушы педагог болып жұмыс істеймін. Мамандығым- математик. Ауданымызда "Үздік ұйымдастырушы-педагог" сайысы өтпекші. Осы сайысқа таныстыруды құрастыру маған қиын болып жатыр. Көмектесе алмайсыз ба? Асыға жауап күтем. Рахмет.

    Пікірге жауап жазу