Қалқаман САРИН: Қазіргі ұрпақты тәрбиелейтін мағыналы шығармалар қажет

Бүгінде еліміздің бас ордасы – Астана қаласындағы жас ақындардың ішінде Қал­қаман Сариннің шығар­машылық тұғыры биік, қол­таңбасы ерекше. Оның сөзіне жазылған біраз өлең­дер халықтың көңілінен шығып, жастардың зор ілти­патына бөленді. Оның «Арма­нымның бейнесі» атты жыр жинағы мен «Жібек сезім – Жүрек сөзім» атты үн­таспасының жарық­қа шық­қанын жұрт жақ­сы біледі. Осыған орай қара­шаның 2-сі күні Аста­нада­ғы Конгресс-холл сарайында Қазақ­стан Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына орай ақын Қалқаман Сариннің «Арманымның бейнесі» атты алғашқы әдеби-сазды шығармашылық кеші өтеді. Өнер жолындағы жолдастардың бастамасымен өткелі отырған осы салтанатты іс-шараның алдында Қалқаман Саринмен сұхбаттасудың сәті түсті.

 

– Қалқаман Айымғазыұлы, алдағы шығар­машылық кешіңіз туралы ай­тар­дың алдында бүгінгі білім беру са­ла­сындағы қызметіңіз жайын­да бір ауыз сұрайын деп едік. Қазіргі оқыту­шы­лық қызметіңіз жеке шығар­ма­шы­лы­ғыңыз­ға қолбайлау болып отырған жоқ па?

– Мен үшін өнерім, өлеңім әрқашан бірінші орында тұрады. Ғылым да — шы­ғар­машылық, өлең мен әдебиет те шы­ғармашылық қой. Мен үшін олар бір-біріне бөгет жасамайды, керісінше, бірін-бірі толықтырып отырады. Жалпы, Еуразия ұлттық университетіне белгілі ғалымдар мен өнер адамдарының келуімен ол жердегі үлкен ортаның қалыптасуы мені қатты қызықтырды. Сол себепті осы іргелі оқу ордасында қызмет етуді қаладым.

Менің негізгі мамандығым – тарихшы. Сондықтан жас тарихшыларға дәріс беріп жүрмін. Өз басым тарих пен әдебиетті бө­ле-жара қарастырмаймын. Себебі кезінде батыр-билердің мемлекеттік маңызы бар дау-дамайларды бір ауыз сөзбен шешуі туралы әдебиетте ғана емес, тарихта да айтылады. Сондықтан осы тарихи тағы­лымды ұрпақ санасына сіңіру үшін әде­биет­ші болу міндет емес. Ол жағынан әр­бір мұғалімде дәріс берудің өзіндік әдіс­темесі болады ғой. Мен тарихты оқыт­қан кезде, ең алдымен, батырлардың батыл­дығы туралы айтып, ел бастаған дуалы ауыз шешендер мен көсемдердің мағы­налы сөздерімен балаларды қызық­тыруға тырысамын. Менің ғылыми жұмы­сым да осы тақырыптың төңірегінде. Ғы­лы­ми жетекшім – белгілі тарихшы-ғалым, профессор Тілеген Садықұлы. Ол кісі менің шығар­машылық қабілетімді ескере отырып, мамандығыма сай «Қазақ ақын-жыраулар шығармашылығындағы ұлт-азаттық идея» деген тақырыпты бекітіп отыр. Жалпы, бұл – мені қатты қызық­ты­рып жүрген тақы­рыптардың бірі. Сон­дықтан оны қандай да бір атақ үшін емес, өзім үшін қорғайтын боламын. Мен бұл тақырыпты аша алатынымды білемін. Негізі, ақын-жыраулардың поэзиясы, олар­дың ұлттық рух пен тарихи сананы жаң­ғырту идеясы қазірдің өзінде де өз күшін жойған жоқ. 

– Астана қаласындағы Көңілді тап­қыр­лар театрында редакторлық қыз­мет те атқарады екенсіз. Осы жайын­да кеңінен айтып берсеңіз?

– Иә, бұл театр Астана қаласының әкімі, өнер мен тіл жанашыры Иманғали Тасмағамбетовтың тікелей қолдауымен құрылған болатын. Театр ашылған бойда оның директоры Тұр­сынбек Қабатов мені ре­дакторлық қызметке ша­қырды. Осындай жауапты сәтте жолдасым Тұрсынбек маған сенім арт­қаннан ке­йін, келісім бердім. Негізі, бұл театрдың бағыты бөлек. Ол жерде жеке монолог­шылардың сатирасын дамыту жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Менің негізгі міндетім – әртістердің мә­тін­дерін тексеріп, саяси қателерге, сон­дай-ақ жеке тұлғалардың ар-намысына нұқсан келтіретін сөздерге жол бермеу. Ең бастысы, тілдің тазалығын сақтау. Қазіргі кезде халықты күл­діреміз деп, «жаргон» сөз­дерді көп қосып қоятын әдетіміз бар ғой. Ол жағынан, кейбір театрлардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық. Кемшілік бар, бірақ «көш жүре түзеледі» деген сенім де жоқ емес.

– Демек, сізді «сатирик» деп айтуға бола ма?

– (Күлді). Жоқ, о не дегеніңіз?! Мен тек редакторлық қызметке ғана жауап беремін. Мәселен, еліміздің жер-жерінде құрылып жатқан шағын театрлардың өзіндік диалектісі қалыптасқан. Мәселен, оңтүстіктің әзілін батыста түсінбей жатады. Міне, сол себепті Астанадағы театрды құру кезінде қазақтың барлығына түсінікті тілде сөйлейтін театр болсын деген тапсырма берілген болатын. Біз осы мәселеге баса назар аударып келеміз. Жалпы, бүгінгі қазақ сатирасының проблемасы бар. Ол – материалдың жоқтығы. Әрине, сатирик ағаларымыз біраз шығармаларды жазып жүр. Бірақ оны сахналау кезінде бірқатар қиыншылықтар туындап жатады. 

– Сіздің алғашқы шығармашылық кешіңізге кім қатысады екен?

– Бүгінде бұл кешке Фариза Оңғар­сы­нова, Ұлықбек Есдәулет, Несіпбек Айтұлы, Жүрсін Ерман, Серік Ақсұңқар, Исраил Сапарбай, Бауыржан Жақып, Тынышбек Әбдікәкім сияқты қазіргі қазақ поэзия­сы­ның көрнекті тұлғалары шақыры­лып отыр. Сонымен қатар бұл кешке менің сөзі­ме ән орындап жүрген «МұзАРТ», «Бәйте­рек», «Аламан» тобы, «Меломен», Досымжан Таңатаров, Еркін Нұржан, Ғаділбек Жанай, Гүлмира Сарина, Эльмира Жаңабер­генова, Клара Төленбаева, Баян Нұрмы­шева және тағы басқа қазақ эстрада жұл­дыздары қатысып, Тұрсынбек Қабатов бас­таған Көңілді тапқырлар театрының әртістері өз өнерін паш етпек. Шынын айтсам, бас кезінде жеке шығар­машылық кешімді беруге жүрексіндім. Себебі бір кітап, бір диск шығарып, шы­ғармашылық кешті беру қалай болады екен деп біраз жүрдім. Бірақ өнердегі достарым қолқа салғаннан кейін, келістім. Жалпы, бұл бастамаға достарым жан-жақты көмек көрсетіп, шығармашылық кешімнің ерекше өтуіне атсалысып отыр.

– Демек, бұл кешіңіз басқа шығар­машылық кештерден ерекше өтеді деп айтуға бола ма?

– Бұл кеште менің сөзіме жазылған әндер ғана айтылмайды. Онда бүгінгі театр және кино өнерінің майталмандары, ме­нің достарым, өлеңдерімді оқитын болады. Мен де көрермен қауымның алдында өзімнің бірқатар шығармаларымды оқимын. Сценарий бойынша біз шартты дүниеден қашып отырмыз. Құр баяндама жасап, шапан жауып, артынан концерт беруден аулақпыз. Әзірге құпия болып қал­сын. Бұл кеш тек мені көрсету ғана емес, бұл – Астанада үлкен өнер ордасының бар ек­ен­дігін таныту ниетінен туындап отырған бастама. Көпшілік өз бағасын бере жатар.

– Әңгімеңізге рақмет! Шығармашы­лығыңызға табыс тілейміз.

Автор: Арман БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ

"АЛАШ АЙНАСЫ" газеті

1 қараша 2011


 

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Сансызбай Әлен

    2013-03-20 22:47:14

    Ассалаумағалейкум аға мен сіздің өлеңдеріңізді сүйіп оқитын оқырмандарыңыздың ішіндегі ерекшесі мен боламын, себебі мен куніне бірнеше рет сіздің туындыңызды оқымасам өзімді жайсыз сезінемін. Сізбен кездессем деген менің бір үлкен мақсатым әрі арманым бар еді, уақытыңыз болып жатса.........өтінерім 87078216870 87757200706.
    Ініңіз,Сансызбайұлы Әлен

    Пікірге жауап жазу

  • Тогжан

    2013-02-01 18:36:50

    мен сызге ес туссыз гашыкпын

    Пікірге жауап жазу

  • елеу акылбек даулетулы

    2012-11-27 15:04:14

    Бойларында тулап сезім,
    Әр ақын жазар өлеңдерін,
    Шығармашылығыңызға зор табыс мен тілеймін,
    Өтуіңізге өмірдің белестерін

    Пікірге жауап жазу

  • Сулейманова Асель

    2012-09-19 21:43:26

    салеметсиз ба Калкаман агасіздін шыгармаларыныз маган унайды!сіздін шыгармашылыгынызга табыс тілеймін.мен таразда турамын бырак менін каламда сыздын кытаптарыныз мулдем жок . сыздын кытаптарынызды окыгым келып жур.сыздын кытаптарынызга калай кол жеткізсем болады.

    Пікірге жауап жазу

  • Дана Наршаева

    2012-09-15 21:36:57

    Cалеметсиз бе Калкааман ага! Сиздин шыгармашылыгынызга табыс тилей отырып сизден енди кашан алматыга концерт беретинизди сурагым келеди? Рахмет

    Пікірге жауап жазу

  • Кемелжанова Айман Естеуқызы

    2012-09-07 23:12:25

    Қалқаман Сарин ағамыздың шығармалары өтте жақсы әр өленін оқыған сайын ғажайып бир күйге бөленесің.Әр бір өлең шумағы оз мәнімен жүректен жүрекке жететін қазақ әдебиетіне алттын әріппен жазылатын шығармалар деп білем. Қазіргі жастарға айтарым шет ел әуендеріне қызықпай өз қазағымыздың, талатты ағаларымыздың шығармаларын оқып өмірлік сабақ алса деймін!

    Пікірге жауап жазу

  • Бухаркызы Мейрамгул

    2012-07-09 17:46:02

    КАЛКАМАН АГА САЛЕМЕТСИЗБЕЕ!!СИЗДИН ШЫГАРМАШЫЛЫК КЕШИНИЗДИ ИНТЕРНЕТТЕН АПТАСЫНА 4 5 РЕТ КАРАЙМЫН ДЕСЕМ ОТИРИК АЙТКАНЫМ ЕМЕС СИЗДИН ОНЕРИНИЗДИ КАТТЫ БАГАЛАЙМЫН СИЗДИН АР ОЛЕНИЗДИН АСТАРЫНДА ЕРЕКШЕ МАН МАГЫНАА БАР СИЗДИН ОЛЕНДЕРИНИЗ ЖАНЫМА БИР ЖАКСЫ ЛАЗАТ СЕЗИМ БЕРЕДИ ОСЫНДАЙ ОЛЕНДЕРИНИЗ КОБИЕ БЕРСЕ ЕКЕН ЖАНЕ ДЕ СИЗДЕЙ АКЫНДАРЫМЫЗ КОБИСЕ ГОО СИЗДИ КОРИП СИЗБЕН СОЛЕСИП БИР ДАСТАРХАНДА ТАМАКТАНУ МЕНИН АРМАНЫММ АГА СИЗДИН ОЛЕНДЕРИНИЗГЕЕ ОТЕ КАТТЫ ГАШЫПЫНН СИЗГЕ БАЯНДЫ БАКЫТ ТИЛЕЙМИН СИЗДИН ДЕ ОЛЕНДЕРИНИЗДИН ДЕ МЕН УШИН АЛАТЫН ОРНЫ ЕРЕКШЕЕЕ МАНГИ СОЛАЙ БОЛМАККК БАКЫТТЫ БОЛЫНЫЗ АГААА

    Пікірге жауап жазу

  • Бисенбаева Гүлсамал

    2012-05-25 01:45:54

    Сәлеметсіз бе, Қалқаман ағай. сіздің өлеңдеріңізді сүйіп оқимын. мен осы жылы ғылыми жоба қорғап жатқан ем. тақырыбы "қазіргі жас ақындардың шығармашылығындағы дәстүр мен жаңашылдық". бұл жобаны алғаш аудан көлемінде қорғаған болатынмын. аудандық сараптау кезеңіне жерлес ақыным көп көмек көрсетті. мен аудандық сараптау негізінде 1 орын алдым. енді облыстықкезең күтіп тұр. бұл жобам нақты, әрі өз орнын табатындай болу үшін жобамда кездесетін біраз ақындармен жүздесуім керек. соған байланысты сізбен де жүздесіп, сұхбаттасқым келеді. әрине, егер қарсы болмасаңыз. не болса да жазғы демалыста ақындармен кездесіп жүздесуім керек, себебі жаңа оқу жылы басталған кезде облыстық байқау басталып кетеді.

    Пікірге жауап жазу

  • Бердібек Сағадат

    2012-02-11 16:19:00

    Сәлеметсіз бе Қалқаман аға! Мен бүгін сіздің кешінізді хабар арнасынан тамашаладым. Маған және менің достарыма сіздің шығармашылығыныз өте қатты ұнайды. Көрермендерініздің жүрегіне жететін тамаша өлеңдерініздің көбеюіне тілектеспін. Маған ана туралы толғанысыныз қатты ұнады. Өлеңдерініз жүрекке жетеді.Сізге бақыт,имандылық, отбасынызға амандық, анаңыздың алдындағы борышынызды өтеуінізге және жүрегінізден шыгатын жауқазын жырларыныз коп болсын деп тілеймін! Сүйікті көрермендерінізді жаңа туындыларынызбен қуанта берініз. Аға, бүлдіршіндерініздің қызығын көрініз.

    Пікірге жауап жазу

  • Бекмагамбетова Мадина

    2012-01-28 11:31:23

    сәлеметсізбе ҚалҚаман аға!!! қалыныз қалай? мен сіздің шығырмашылығынызға бас ием!!! сіздін жырларыңыз көнілге қонарлық ой салады!!! сізге айтар алғысым шексіз!! сіз сиякты қазақ азаматтары көп болса екен деймін!!! өмір жасыныз ұзақ болсын!!! шағармашылығынызға үлкен табыстар,жетістіктер тілеймін!!!

    Пікірге жауап жазу