Абай МАРКЕНОВ: "Қалқаман Сарин"

Ол бір ақын, бір жұлдыз биіктегі,

Жарық сәуле сөнбейтін күйіп тегі. 

Тұнған бұлақ ағылған мөп-мөлдір жыр,

Құстар қонып, су ішкен киіктері.

 

Дала жыры аңқыған қазағымның,

Қалқамандай жыры бар таза кімнің?!

Ақ жаулығын Ананың желбіреткен,

Ал Әкенің суреттеп қаза күнін...

 

Анық көрдім «Арманның бейнесінен»,

Бір бақытты кетпейтін кейде есімнен.

Ай астынан бір сұлу қол бұлғайды,

Аппақ елес ақ көйлек жейдесімен.

 

Түн күзетіп оңаша отырғанда,

Шабытымнан қара сөз тоқылғанда.

ҚАЛҚАМАН-деп аспанға жазар ма едім,

Жұлдыздармен өрнектеп оқырманға…