Абай МАРКЕНОВ: "Қалқаман Сарин"

Ол бір ақын, бір жұлдыз биіктегі,

Жарық сәуле сөнбейтін күйіп тегі. 

Тұнған бұлақ ағылған мөп-мөлдір жыр,

Құстар қонып, су ішкен киіктері.

 

Дала жыры аңқыған қазағымның,

Қалқамандай жыры бар таза кімнің?!

Ақ жаулығын Ананың желбіреткен,

Ал Әкенің суреттеп қаза күнін...

 

Анық көрдім «Арманның бейнесінен»,

Бір бақытты кетпейтін кейде есімнен.

Ай астынан бір сұлу қол бұлғайды,

Аппақ елес ақ көйлек жейдесімен.

 

Түн күзетіп оңаша отырғанда,

Шабытымнан қара сөз тоқылғанда.

ҚАЛҚАМАН-деп аспанға жазар ма едім,

Жұлдыздармен өрнектеп оқырманға…

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Ахтаева Нағима Әдрашитқызы

    2012-11-29 11:15:00

    Қайырлы күн, Қалқаман мырза! Өзіңіздің шығармашылық кешіңізбен халыққа шығу жоспарыңызда бар ма? Теледидардан кешіңізді көріп үлкен әсер алдық Әншілердің концерттері бұрынғыға қарағанда жиі болып тұрады. Ал ақындардың кештері өте сирек, тек оқу орны, мұражай төңірегінде қалып жатады. Сіздермен жүздесіп, үндеріңізді естігіміз келеді. Сәлеммен Павлодар қаласынан Нағима

    Пікірге жауап жазу

  • Аяулым Альсеитова

    2012-10-07 19:27:23

    оте керемет жазылган екен

    Пікірге жауап жазу