Ай

 

Түн. Бұлыңғыр бір мұңға боялды көк,

Мен отырмын, ой – сергек, ояу – жүрек.

Алабұртып аспаннан іздегенім -

Үнсіз ғана сырласар аяулым ед...

 

Әппақ, әппақ арманым Айға асығып,

Қайтып жерге түседі қайғы асынып.

Жұбатады жанымды, кірпігіне

Жұлдыз біткен жылт еткен ой жасырып.

 

Меңіреу түн.  Айнала – керең құлақ.

Айсыз аспан. Бір жұлдыз төмен құлап,

Кеңістікке жұтылып кетті тағы,

Жеткізе алмай бір хабар сенен бірақ.

 

Тұңғиықтан тұйық сыр қашап алып,

Құлазиды көңілім қоса налып.

Менің таудай мұңымды көтере алмай,

Қара түннің кетеді шашы ағарып.

 

Айым, сенсіз мына түн тым үрейлі,

Тұншықтырып тастайтын тұнық ойды.

Мейірленіп мен үнсіз қарасам да,

Қара аспанның қабағы жібімейді.

                                                  

Көк ішінде адасқан сен де жалғыз,

Көп ішінде адасқан мен де жалғыз.

Бөлісуге келгенде елге адалмыз,

Көрісуге келгенде кембағалмыз.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Улпан

    2012-11-14 00:58:55

    Сіз жазған өлең қалмайды жерде бекерге,
    Оқысын қазақ жүрсе де мейлі шет елде.
    Акынга балап, кокірек соккан талайлар
    Дастандар жазып жатса да сізге жетер ме?

    Пікірге жауап жазу

  • Гульвира

    2012-11-13 00:12:28

    Салеметсизбе! Сиздин олендеринизди суйип окимын олар жаныма жакын тенеулеринизде оте адеми. Шыгармашылыгынызга табыс тилеймин! Мен аздап олен жазатын едим 2жылдай болды колыма калам алмаганыма енди бирдене жазайын десем уйкасым келмейди ма, алде шабытым жок болып кетема тусинбедим болар емес. Не истесем болады ага? Калай неден шабыт алсам болады?
    Рахмет сизге!

    Пікірге жауап жазу

  • гоха

    2012-10-11 22:11:05

    отеее керемет

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 03:18:46

    ағалардың ортасында жүрсемде,
    сенесіз бе ағасы, кейде менде
    СЕЗІНЕМ өзімді жалғыз!!!

    Пікірге жауап жазу