Тербелік тіршіліктің...

 

Айнымас қасиетін мәңгі сақтап,
Келеді бар әлемді таң құшақтап.
Сәулелі сұлу күннің саусағынан
Шашылып жер бетіне алғыс әппақ.

Жамылған жағасына құрақ көрпе,
Беймаза бұрала аққан бұлақ та ерке.
Шағылып алтын сәуле күміс суға
Шомылды сұлулыққа шуақты өлке.

Көңілім мұны көріп болады асқақ,
Өмірін жатқандай бір жаңа бастап.
Күннің еміп шұрайлы сүт – сәулесін
Таулар жатыр денесін жалаңаштап.

Күн қандай! Керім өлке... керемет жаз,
Алаңсыз аспанымда әуелеп қаз.
Аз ғұмыр – жаз ғұмырды сезер ме екен,
Айтып жүр гүл біткенге көбелек наз.

Самал жел салқын ғана есіп өткен,
Тербейді табиғатты осы леппен.
Қызығын жарық күннің көтере алмай
Шулайды жан-жануар есі кеткен.

Бұл күннің ғажап еді хошы неткен,
Тұр едім тау басында есінеп мен.
Малынып күн нұрына жатты осылай
Тербеліп тіршіліктің бесігі еппен!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Аманжол Жанай

    2012-01-29 05:50:27

    Бул жазмышта мунды етер каламын,
    Бір Кудайдын кудіретін жазамын.
    Ку тірлікке сугып койган тагдыр ау
    Мундды етті менін кандай кадамым...

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 03:36:05

    Халқының қарапайым Қалқаманы,
    Жазады өлеңдерді махаббатпен!!!

    Пікірге жауап жазу