Ақ жауын

 

Боздасын, бәрі боздасын,

Малмандай басып су – қайғы.

Аспанның көріп көз жасын,

Қара жер қайтып құрғайды?!.

 

Жауын боп көктен мұң ақсын,

Жатпайды жуас жер сілкіп.

Жылағандарды жұбатсын,

Жанарларын жел сүртіп.

 

Жылмаңдап ақпа жылғамен,

Сұрауың бар ғой, су – тірлік.

Тазарсын мынау күллі әлем,

Күйбең де күйбең қу тірлік!

 

Сар далам өзі-ақ сабырлы,

Сабалап оны не керек?

Сыздатпай менің жанымды,

Себелеп жаушы, себелеп...

Ей, жауын!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Шаяхмет Айнур

    2013-02-14 15:51:50

    Салеметсиз ба? Олендериниз оте адеми, асерли екен.

    Пікірге жауап жазу