Ақ ұлпа қар

 

Ақ ұлпа қар қылаулап,

Жауады жанды баурап.

Алаңсыз асыр салып,

Келеді-ау алғым аунап.

 

Ақ ұлпа қар – көбелек,

Жауғаны сән керемет!

Жер бетін жатыр міне,

Ақ қанат әнге бөлеп.

 

Ақ ұлпа қарда менің –

Балалық бар дәуренім.

Қарға ұқсап кетер едім,

Жетсе егер әл-дәрменім.

 

Ақ ұлпа қар – құсым ед,

Кейде оның қонғысы жоқ.

Мен іштей түсінемін,

Қара жер – қарғысы көп.

 

Ақ ұлпа қар – ғажайып,

Амалсыз (қалды азайып).

Қонады қара жерге,

Қанатын зорға жайып.

 

Ақ ұлпа қар!..

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Умама

    2011-12-26 03:54:05

    дала әппақ болып қарға оранып жатқанда, Алланың құдіреттілігіне бас имеуге болмас!

    Пікірге жауап жазу

  • Аида

    2011-12-21 13:31:40

    Сіздің өлеңдеріңізге ес түссіз ғашықпын...

    Пікірге жауап жазу