Тамшы-тағдыр

 

Алматы. Жып-жылы жаңбыры

Жанына ол қыздың ұнайтын.

Ал оның тағдыры, жан-мұңы

Жарысып жаңбырмен жылайтын.

 

Ақ нөсер астында тұратын,

Оларда ұқсастық бар шығар.

Бір-бірін тек үнсіз ұғатын.

Тамшыға қосылып тамшылар.

 

Қарайтын тамшының көзіне

Себебі, тым жақсы көретін.

Мөп-мөлдір моншаққа өзі де

Айналып кеткісі келетін...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Ырысалды

    2012-12-20 21:54:20

    Шіркін-ай, қыздың қатал тағдырын да құдай нап-назік тапшымен өлшегенін ойлаңызшы. Құдды назік жан мен назік тамшы үндескендей.

    Пікірге жауап жазу

  • Аңсарым

    2012-03-25 17:13:48

    Саламатсызба Калкаман ага мына оленнин жалгасы бар ма

    Пікірге жауап жазу