Менің-мұңым

 

Тағы да Түн.

Тәтті елестер ұнайтын жаныма тым.

Мына жарық жалғанда болса бір жан

Ол - өзіңсің, мені ойлап, сағынатын.

 

Жанып, ысып,

Заңғар көкке арманың алып-ұшып,

Білем, сезем, нұрланып отырсың-ау,

Сағынышың айға әппақ шағылысып.

 

Иә, жаным!

Қиялыңның мекендеп қия, жарын.

Күрсіністер ішіне құлап кетіп,

Өз ойыңның тартасың жиі азабын.

 

Көзіңде мұң,

Жүрегіңнен бермесең сезімге орын..

Ұмыт мені ендеше! Сені мүлдем

ұмытудың таппадым өзім жолын.

 

Қайдам, гүлім,

Таусылғандай бар амал – айлам бүгін.

Төзіміңе сүйеніп көз іледі,

Қабырғасы сөгілген қайран мұңым.

 

Түн - сабырым,

Жұбатады жанарға тұнса мұңым.

Сағынбас ем, дәл бұлай сағынбас ең,

Жүрегіңе, жаным-ау, жүрсе әмірің.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Жүнісов Мадияр Орынбасарұлы

    2013-02-24 14:35:28

    Тамаша ой тағы келді кетер
    Бос қиялдап жүргенмін мүмкін бекер
    Өзіңдей ақын болу қайран аға
    Армандаудың өзі маған артық етер
    Жан дүнием жабырқаулы жырға толған
    Арманым тұрса егер тосып алдан
    Өлеңімді өмір бойы жазушы едім
    Жұлдызбенен жарысып жарқыраудан
    Ылғи түнде қиялдап көз жұмады
    Сөзі өткір өзіңдей өр тұлғаны
    Қазақтағы көптің бірі боп жүрген
    Қара бала армандады бүгін тағы
    Ғасырда бір туады сіздей ақын
    Жыр жазар барлық кезде ойлап халқын
    Мен сіздей бола алмаймын жүргенімді
    Ескерсек бір ғасырда біздер айқын
    Қазақтың ұлы ақыны Абай атам
    Болмасаң да ұқсап бақ демеп пе еді
    Сол сөзі үмітімді қайта жалғап
    Қайрат пенен рух беріп демеп еді
    Дүние деген тым қиын тармағы көп
    Үмітімді нәзік үнге жалғадым кеп
    Өмірден өз орнымды нақты тауып
    Ақын болсам өзіңдей арманым жоқ!

    Пікірге жауап жазу

  • Ботакоз Рахмет

    2012-12-03 21:11:32

    Казактын мандайына биткен акын Абай атамыздан кейинги екинши Абай деп айтар едим!

    Пікірге жауап жазу

  • Uldana Koshymova

    2012-10-13 22:28:08

    Салеметсіз бе! Расында, сезімге толы осынау өлең жолдары бірінен соң бір жалғасып, қандай жүректен шығады десеңші?! Маған өте қатты ұнайды. Аллам жүрегіңізді керемет жыр шумақтарынан айырмасын. Қазақ үшін туылған Нағыз Азаматсыз. Ғұмырыңыз ұзақ, өміріңіз шуаққа толы болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Дадабекова Аида

    2012-09-23 17:30:01

    Қалқаман аға сәлеметсізбе, осы өлең жолдарын оқып отырып Алланың сңзге берген таланты мен сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып отырмын. Аға ақын болып өмірге келу шексіз бақыт екенімен келісетін шығарсыз.... бұл өлнң жүрегімнің мұңдарымен үндесіп ерекше әсер қалдырды. Аға оқырманға айтар ойыңыз сарқылмасын. шығармашылығыңыз өрлей берсін, жұлдызыңыз биікте жарқырап, өлеңдерініз әлемнің тілдеріне аударылсын

    Пікірге жауап жазу

  • Диана Мукажанова

    2012-08-14 00:06:25

    сизды сонша сагындырган кандай адам

    Пікірге жауап жазу

  • ДАНА КӨЛБАЕВА

    2012-07-25 19:04:23

    СІЗДІҢ МҰҢҒА ТОЛЫ МӨЛДІР ӨЛЕҢДЕРІҢІЗ МЕНІҢ ЖАН ДҮНИЕММЕН ҮНДЕСІП ЖАН БІЛМЕЙТІН СЫРЫМДЫ ҮНСІЗ ҰҚҚАНДАЙ....САҒЫМДАРҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАН ҚИЯЛЫМДЫ ОДАН ӘРІГЕ ЫНТЫЗАР ҚЫЛҒАНДАЙ........

    Пікірге жауап жазу

  • Нұрсұлтанқызы Бақытгүл

    2012-06-15 11:04:12

    Оқыса жүрек тебірентер жырларыңыз үшін көп рахмет!Махаббаттығң тәтті елестерінің бірі сағыну ғой,кейде біреуді жақсы көріп,сағына білетінім үшін қуансам,бірде түнгі ұйқым қашып,мұңға батам..........сырларға толы махаббаттың қандай қасиеті бары түсіне алмадым ғой,сүйіп,сағына білмейтін жүрек қарайып кетеді дейді ғой,Алланы сүюдің өзі адам баласын сүюден басталады дегендей.....сағынатын,сағындыратын адамдарыңның болғанына не жетсін!!!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Индира Серикбаевна

    2012-05-21 13:12:58

    Калкаман ага маган сиздин олендериниз катты унайды.Жаным жабыркаганда жубаныш болып серпилис береди адамга.Онериниз орге жузсин.

    Пікірге жауап жазу

  • орынша

    2012-04-04 00:21:40

    калкаманнын олендери неге мунды екен.

    Пікірге жауап жазу

  • Abdesh Danagul

    2012-03-17 21:39:51

    оте тамаша!Сізге Алланың нұры жаусын!

    Пікірге жауап жазу