* * *

 

Жұлдыздардың жалынына Түн балқып,

Балбырайды, құшағында мұң қалқып

Сені еске сап айлы аспанның демінен,

Жұпар сезім тұрды аңқып.

 

Дала мүлгіп, қала қалғып...  бәрі үнсіз.

Өзің жайлы ойлар ғана дамылсыз

Жер мен көкке сыймай тулай береді,

Мендік сезім – сабырсыз.

 

Жұлдыз ақса... Сағынышым сыр беріп,

Хат жазамын қанатына үлгеріп.

Сен туралы айта алмады ештеңе,

Түннің тілі күрмеліп.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Акмарал Ерзаткызы

    2013-03-13 21:12:15

    омыр туралы макалалар издеп отырып сыздың сайтыңызға кірдым, өлеңдерыңыз өте керемет екен! Мен біздәң ғасырымызда бағасы бар ақын жоқтынқасы ма деп ойлайтынмын,, Сыздың салмақты ойларынызды ой елегінен өткізіп ойымды өзгерттім,, Рахмет сызге! Сыз сияқты тұлғалар басым болса махаббатқа өмырге отанға деген жастардың көзқарасы озгерер деген ойдамын,,,,

    Пікірге жауап жазу

  • Күнханым Қаденова

    2012-10-16 16:10:13

    Керемет соз жоқ. Сіздің жазған туындыларыңыз мен үшін теңдесі жоқ алтынмен пара пар. Осынау камшының сабындай қысқа ғана ғұмырда сизге шексіз бақыт пен табыстар тілейм.

    Пікірге жауап жазу