Хат

 

Өмірге өзімді сезініп жат пенде,

Бойымды алдым ба үрейге үйретіп.

Көңілсіз кештерде сүреңсіз сәттерге,

Еріксіз бағынып, еркімді билетіп.

 

Сол кезде сен мені құткарып мың ойдан,

Тұншыққан тыныштық сөйлейтін тіл бітіп.

Жо-жо-жоқ! Мен емес, мен емес мұңайған,

Мұңайсам қоярдай түнерген түн жұтып.

 

Іңірдің үніндей жып-жылы жел ессе,

Жұлдыздар демінен сағыныш аңқыған,

Елес пе, жоқ әлде бір өзің емес пе?

Ай болып аспанда алаңсыз қалқыған.

 

Білмеймін, бұл әлде, бекер ме,

Қатал түн көзінде сәуле ойнап нәп-нәзік,

Себепсіз сені ойлап, белгісіз мекенге,

Отырмын тағы да қаламсыз хат жазып...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • ушанов

    2013-04-26 16:22:51

    Қалқаман аға сіз өте тамаша ақынсыз мен сізді Мұқағали атамнан киінгі сатыға қойамын

    Пікірге жауап жазу

  • Бахыт Алимхан

    2013-01-12 19:32:38

    Қайырлы кеш! Өлеңдеріңізді оқып шықтым,жүректі шымырлатар әсері бар. Өлеңнің мұңнан,сағыныштан туатынын түсінем,дегенмен бір көңілді өлең жазып көріңізші,күліп оқып,жүрек жылайтындай!..

    Пікірге жауап жазу

  • Алматай

    2012-09-11 00:13:37

    Керемет! Рахмет сизге.

    Пікірге жауап жазу

  • tolganay

    2012-08-16 08:27:15

    Калкаманны олендери журек кылын тербейди, Сол бир жанга айта алмаган создерди олен аркылы поштасына жибере салып ем, Калкаманыныа тиип ал деген жакап келди,окиништи,дулдул дегеним жабы,сункар дегеним кораз болды кокиланган десенннн а

    Пікірге жауап жазу

  • Гулшат Наушабек

    2012-07-06 21:35:15

    "Себепсіз сені ойлап, белгісіз мекенге,
    Отырмын тағы да қаламсыз хат жазып..." менін уйреншікті адетім, Калкаман ага менін бар ойымды окып отыргандай. Сізге коп рахмет, Алла разы болсын! Сіздін олендерініз менін мундасым, сырласым, тіпті сынарым, ен акыры атаөанама, бауырларыма ренжісем де бар жубанышты Сіздін олендерінізден табамын.

    Пікірге жауап жазу

  • Исабекова Гулбаршын

    2012-05-16 21:23:42

    Калкаман аганын олендерын окып лаззат аламын.Асыресе жалгыз калганда жаныма медет болады. Ага сызге алла разы болсын.

    Пікірге жауап жазу

  • Жадыра Андарова

    2012-03-13 00:16:59

    Өлеңдеріңіз өте ұнады. Қаламыңыздан осындай тамаша туындылар туа берсін. Әсіресе домбыра туралы өлеңініз әсерлі екен.

    Пікірге жауап жазу

  • Tolganay

    2011-11-15 19:51:50

    Тамаша олендер!

    Пікірге жауап жазу