Түнгі елес

 

Тым көңілсіз кейіпке еніп қошқыл Түн,

Аспанымнан көзді арбайды көп сылқым.

Өзің жайлы ойларымның отына,

Жаным балқып жылынамын ех, шіркін!..

 

Түнгі қала. Қызыл, сары түрлі шам,

Әуені ауыр айтып отыр бір кісі ән.

Арманымның көріп қалып бейнесін,

Алаулаған аспан жақтан мұң құшам.

 

Түнгі қала. Талықсыған түнгі ырғақ,

Түнгі ырғаққа тербеледі тұнжыр бақ.

Мен отырмын сәуле сүйіп жып-жылы,

Түнгі елестің көзіндегі күнді ұрлап.

 

Сені ойласам сезімге еріп ең ыстық,

Тарылардай көз жетпейтін кеңістік.

Мен де сені ұмытамын бір күні,

Сен де мені мазалама! Келістік!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Бекболтаева Ғайнижамал

    2012-11-21 20:17:06

    жаксы олен екен маған унады

    Пікірге жауап жазу

  • НС

    2012-10-17 23:08:39

    Люблю тебя Калкамен Сарин

    Пікірге жауап жазу

  • Абылай Досниязов

    2012-06-02 11:17:59

    Калкаман Сарин өлеңдерін тыңдап әрі оқимын, Жұрекке жұмсақ,көңіл толқытар әндері көп. Осындай әндері бола берсін көп мейлі...

    Пікірге жауап жазу

  • НазЕрке Ахметова

    2012-05-08 18:39:34

    Әсіресе, соңғы шумағы керемет!

    Пікірге жауап жазу