Бейнет пен бойжеткен

 

Махаббатқа тән емес пе мұң-шаттық,
Сүйген жүрек жалғыз қалып қойса да.
Құмарлықтың құлы болып бір сәттік,
Құрбан болған сезімдерің бейшара.

Міндет емес жанарларға жас алу,
Өмір солай өкінішті, дей тұра,
Айтшы маған арманы асқақ жас ару,
Қайда қалды балалығың бейкүнә?

Бойдағы әсем гүл сезімді құрсаулап,
Мисыз баста бола бермек ой қаза.
Әппақ арың әр төсекте жүрсе аунап,
Түнде кешіп тіршілікті, беймаза.

Таңырқаудың керегі жоқ тап солай,
Шырқалмаса шырқалмасын мейлі әнің.
Арманыңнан тұрғызғанмен ақ сарай,
Білесің бе, барар жолың беймәлім?

Төзіміңе қойғанменен тосқауыл,
Жұбаныш боп жан жарасын жоймақ кім?
Тағдырыңа өкпелеме тасбауыр,
Басы ауырмас бақыты үшін бейбақтың.

Өз өмірің өзің сенбес ертегі,
Кейіпкердің қалай,қайтіп кейпі оңар?
Ертегінің не болмақшы ертеңі,
Ол жағынан мен де, сен де бейхабар.

Белді бекем буып тұрып берер ме ең,
Тәнқұмардың тәбетіне тойтарыс.
Ар-ұятың, намысың бар дегенмен,
Бәлкім, бәлкім сен үшін ол бейтаныс.

...Сәтті болғай сапарыңның соңы да,
Жасырғанмен жамалыңды кейде түн.
Қала бердім қарай-қарай жолыңа,
Өз ойымның өзім тартып бейнетін.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Баянова Фариза

    2012-10-18 20:17:45

    Қалқаман аға,керемет өлең,сіздің өлеңдеріңізді жақсы көремін,қаламыңыз ұштала берсін.

    Пікірге жауап жазу

  • Кенжебек Азамат

    2012-10-03 13:11:45

    оте тамаша олен,рзамын ага сізге ,шабытыныз арта туссін, Белді бекем буып тұрып берер ме ең,
    Тәнқұмардың тәбетіне тойтарыс.
    Ар-ұятың, намысың бар дегенмен,
    Бәлкім, бәлкім сен үшін ол бейтаныс
    керемеееет

    Пікірге жауап жазу

  • Асылбек

    2012-04-04 22:50:24

    Қалхаман Сарин керемет ақын мен ризамын Қазақтың ақындары тоқтап қалмайдыосылай жалғасын таба берсін

    Пікірге жауап жазу

  • Allahu akbar

    2011-11-29 08:01:08

    masha Allah

    Пікірге жауап жазу

    • Гүлфия

      2012-04-05 11:21:04

      Ия әр сөздері мағыналы, терең ойлы. Нәпсіге құмар жандар оқыса бір ойланып қалармеді. ҚҰмарлықтың құлы болмас педі?

      Пікірге жауап жазу

  • Гүлфия

    2011-11-07 03:10:26

    КЕРЕМЕТ -ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫ. қАЛАМЫҢЫЗ ҰШТАЛЫП, БИІКТЕРДЕН КӨРЕ БЕРЕЙІК СІЗДІ.

    Пікірге жауап жазу