Мүмкін емес...

 

Оңашада жанарыңнан тамшы үздің,

Жұбатпаймын. Бәлкім мен де әлсізбін.

Алып-ұшқан сағыныштан кешегі,

Арылғанмын. Ол өйткені арсыз мұң.

 

Жердің бетін тіміскілеп кезер Түн,

Жұлдыздардай жан сырымды сезер кім?

Сен емессің, сен емессің аңсарым,

Өз өртіңе өзің жансаң – өз еркің.

 

Саябырсып самал соқты керімсал,

Сезгендей боп сезімімді менің сәл.

Жарым түнде жалғызсырап отырмын,

Сен бар болсаң көзіме бір көрінші, ал!

 

Мүмкін емес, мүмкін емес... Мүмкін бе?

Жалған бәрі – көңілім де, күлкің де.

Сырға толы кешегі өткен күндерің,

Сығымдасаң сыйып кетер бір түнге.

 

Бәрі бізге белгілі еді. Белгілі...

Менен гөрі жақсы білдің сен мұны.

Күйдім, сүйдім деп жылайтын жар салып,

Кімге керек қу жүректің ерлігі?

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Akkerbez kerimkulova

    2013-03-02 17:11:10

    Kalkaman aga.
    soz jok keremet olenderiniz.
    rahmet sizdei kazaktin ulinin barina. onerinizdi asri karai jalgastiriniz.
    sizge tek sttilik.
    alga deimin.
    tek bakii boliniz. jurekti terber anderiniz olenderiniz kobeisin.

    Пікірге жауап жазу

  • Айгүл Тұрғанбекова

    2012-12-23 00:25:59

    Амансызба Қалқаман аға!Бүгін менің көңіл күйім жок еді,әдетте мұндай кезде Мұқағали Мақатаевтың өлндерін оқитынмын.Ал бүгін сіздің өлендеріңіз көп көмектесті.Шындығын айтайын сіздің сайтыңызға кездейсоқ кірдім.Саз алемінен танитыным болмаса өлеңдеріңізді оқыған емес едім.Өлеңдеріңіз маған ұнады.Шығармашылығыңызға табыс тілеймін.Алдағы уақытта сізден жаңа өлеңдер күтемін.Енді менің өлеңдерін сүйіп оқитын екі ақыным бар!

    Пікірге жауап жазу

  • ***_***

    2012-11-11 21:30:36

    Жарым түнде жалғызсырап отырмын....
    яя,мен де дал каз жалгызсырап отырм,касымда адамдар бар...бирак мен жалгызбыыыыын....

    Пікірге жауап жазу

  • Темирова Зейнеш

    2012-09-09 21:00:14

    Қалқаман аға "Арманымның бейнесі" атты кітабыңызды қайдан тапсам болады? Іздегеніме біршама уақыт болды... Көмегіңізді сұраймын.

    Пікірге жауап жазу

  • Темирова Зейнеш

    2012-09-09 20:49:32

    Пешенеме жазылганды жыр етем деп талай журектен орын алдыныз, Калкаман ага! Жырыныз жумыр, журекке жылы тиеди. Ишимдеги сырды айта алмаган болсам, менин сырымды сезип озиме айткандай куй кешемин. Улкен рахмет ага! Поэзия жагына келгенде мен сизге уксагым келеди!

    Пікірге жауап жазу

  • Ардак Тошынбай

    2012-07-22 09:06:20

    Анама хат
    Күндер өтіп барады зымыраумен,
    Мен жүрмін өзіңді сағынумен.
    Сен – анда, мен – мұнда болып бұл өмірде
    Күнімді өткізгім келмейді жүдеумен.

    Сағыныш бүгін кеудемде дірілдейді,
    Сағыныш сезім жүрегімді тербейді.
    Жүрсің бе сау, аман-есен саламат
    Деген сауалмен көңілім елеңдейді.

    Өзіңе, анашым, сағыныш сезіммен,
    Хат жазам қағазға көк сия өрнегімен.
    Екеуміз құдты бір інген мен ботадай
    Алыс жүрміз мына өмір өзегінен.

    Саған деген сағыныш хатқа сия ма?
    Бұндайда көңіл , шіркін, тасуын қоя ма?
    Анашым, көз алдымызда жүргеніңде
    Бала – ақымақ, тентектігін қоя ма?

    Еске түссеңсағым жарасы ашылады,
    Түнде көз ілінбей ұйқым да қашады.
    Көзім түссе өзне ана мен балаға
    Көз алдыма мейірімің оралады.

    Біз үшін алаңдап түн ұйықтамайсың,
    Тіршілік қиындығына мойымайсың.
    Ағаттық жіберіп, балалық жасасақ
    Кешіруді, анашым, неге қоймайсың.

    Әрқашан қуат бердің жалындаған,
    Сенсіз биік қамал бар ма алынбаған.
    Сенен асқан жан жоқ екен өмірде...
    Сен жоқта атар таңым шауқ шашпаған.

    Пікірге жауап жазу

  • Эритаев Нурдаулет Абдурасулоич

    2012-06-26 20:38:18

    Ассалаумағалейкум Қалқаман аға!мен сіздің өнеріңізбен толықтай таныс болмағаныммен біршама өлеңдеріңізбен таныспын!шынымды айтсам қазіргі таңда өлең шығарушылар коп қой,алайда маған сіздің өлеңдеріңіздегі теңеу мен ұқсастық,қарапайым қазақтың қара сөздерін қолданатыныңыз менің өнерге деген көзқарасымды өзгертеді.мен де аздап өлең шығаруға әуестигім бар,алайда жарыққа шығару үшін біреуден ақыл кеңес сұрағым келеді!менің де сіздей болғым келеді!

    Пікірге жауап жазу

  • Асель

    2012-03-03 22:20:09

    Керемет жазылған! Осындай өлеңдеріңіз үшін сізге көп-көп рахмет!

    Пікірге жауап жазу

  • Гүлзира

    2011-11-15 01:54:23

    Таң ертең жұмысымды Сіздің өлеңдеріңізді оқумен бастаймын. Жан-дүниемнің сырын ашатындай...Алла разы болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Ерсұлтан

    2011-11-11 05:11:24

    ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӨЛЕН МЕН СІЗДІ ҚАТТЫ ҚҰРМЕТТЕЙМІН СІЗДЕЙ АҚЫН БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ,,,МЕН АЛІ АҚЫН ЕМЕСПІН,,,

    Пікірге жауап жазу