Күз бен біз

 

Сары түсті сағыныштан Күз моншақ,

Тағып алып тағы келді бізді аңсап.

...Көздеріңді тұрды менен жасырып,

 Кірпіктерің қызғаншақ.             

 

Сұр қалаға сыр айтады сыңсып Күз,

Ал, екеуміз күзде ашылған бүршікпіз.

Кірпіктерің күні-түні күзеткен,

Көзіңдегі сезім бе еді кіршіксіз?!

 

Сезім екен сақтағаны сол көздің,

Киялға еріп бір әлемді мен кездім.

Күннің әлсіз сәулесіне жылынып,

Көз ішінде керіледі кербез – мұң.

 

Жасыл бақтың жапырағын ұрлап Күз,

Жатыр әне. Сірә біздер  тым жатпыз?

Көше бойлап келе жаттық сырласып,

Үнсіздіктің үн таспасын тыңдап біз.

 

Еміс-еміс қос жүректің дүрсілі,

Естіледі, бұл – махаббат тылсымы.

Өзің жайлы ойларымды ұрлайды,

Күзгі жаңбыр. Тамшылардың тырсылы.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Назым

    2012-12-21 23:58:05

    Өте керемет!Осындай өленднріңізбен оқырмандарыңыздың санын көбейте беріңіз.шығармашылық табыс тілеймін!

    Пікірге жауап жазу

  • Aizhanka

    2012-05-08 22:19:20

    Қанша оқысам да оқи бергім келеді! Өнеріңіз өрге шапсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Арсен

    2012-02-13 13:49:14

    ...Сұлу қыз-көктем – сезімге қанат береді,
    Жібермей оны кеудеңе қысқың келеді.
    Ол бірақ асыққан болып бір жаққа,
    Бір қарап артқа, ары қарай қайта кетеді...

    ...Тағы міне, жалғыздық болды қонағым,
    Жалғызсырап жан-жаққа қайта қарадым.
    Тосамын сені жыл бойы қатты сағынып,
    Келерсің әлі, боларсың тағы қонағым..

    Пікірге жауап жазу

  • Ьотакөз

    2011-12-09 12:13:56

    Жасыл бақтың жапырағын ұрлап Күз,

    Жатыр әне. Сірә біздер тым жатпыз?

    Көше бойлап келе жаттық сырласып,

    Үнсіздіктің үн таспасын тыңдап біз...Акын ешкім көрмес сезбес тусінбес дуниені угады деген түсінік бар. Қалқаман аға сол ойдың ақиқат шыңына шыққан ақын...Бір-ақ сөзі оган дәлел! Үнсіздіктің үнтаспасы ! Ойлап қарасаңыз, өзі үнсіздік болса, оның үнтаспасы қайдан болсын деріңіз мүмкін...Ал ол жайында ақын айтқанда таңдай қағып еріксіз айналаңыздың дем алысына дейін жан бітіре алатын талантына бас иесіз! Бұл ақынның жеңісі!

    Пікірге жауап жазу