Түс

 

Сен менің бүгін тағы түсіме ендің,

Беймаза бұл хәлімді түсінер кім?

Жаныма жақұт  нұрлы сәуле шашып,

Көзіңнің күліп тұрды ішінен Күн.

 

Бұл жайды мен түсіндім, сен де түсін,

Тарылып бара жатыр кеуде тұсым.

Ұйкымды бұзбас едім дәл осындай,

Тәтті түс, тәтті сезім шербеті үшін.

 

Елесің, ерке күнім,  келді қайтып,

Кетпесең жарар еді-ау сен мұңайтып.

Нүктесі қойылмаған жырларыма,

Бүкпесіз бар сырымды бердім айтып.

 

Кешегі көктем – ғұмыр, көгілдір бақ,

Келмеске  кетпеп пе еді қолын бұлғап?!

Бақыттың бесігіне бөлеп бүгін,

Тербейді жүрегімді көңілді ырғақ.

 

Жайнаған жұлдызды аспан, Ай да әдемі,

Еседі мамыр айдың майда лебі.

Қағысын жүрегімнің жиілетіп,

Барасың бастап, қалқам, қайда мені?...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Мамаева Улжалғас

    2013-06-20 14:37:04

    Қазақтың маржан сөздеринен құралған қара өлеңдер тамаша, керемет !!! Маған қатты ұнайды, поэзия жанры !

    Пікірге жауап жазу

  • Ақерке

    2012-12-07 18:58:52

    Сәлеметсізбе!!!Олеңдеріңіз тамаша екен)))АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Ерасыл

    2012-07-22 11:27:23

    Өлеңініз тамаша, адам жанын түсінгендейсіз

    Пікірге жауап жазу