Құлазу

 

Құлазып қалды ма еңсең,

Жылатсам демеп едім.

Жылаған жанды көрсем,

Жұбатсам деген едім.

 

Қарсы алмас сол баяғы,

Көктем де күліп бізді.

Санам да сарғаяды,

Сіңіріп суық күзді.

 

Алысып, адасып ең,

Алапат сезімменен.

Жүректің жарасына ем,

Іздейсің көзіңменен.

 

Тереңге барам батып,

Миымда – мазасыз мұң.

Сыйлардай саған бақыт

Ерлікке шарасызбын.

 

Сенбісің іздегені,

Елеңдеп екі көздің.

Махаббат күзде өледі,

Өлтірдім. Қатігезбін...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Жанерке

    2013-06-14 21:45:17

    агатай......Алланын берген сыны бар еди... мына оленнен жубаныш таптым....

    Пікірге жауап жазу

  • Amankeldi Mubarak Raxmetjan uli

    2012-12-30 22:39:23

    Kalman Sarin-Kazakstandagi en uzdik akin,

    Пікірге жауап жазу

  • Ұлпан

    2012-10-20 01:21:56

    Қалқаман аға Аллам шығармашылығыңызды одан әрі дамытсын!!! Алланың нұры жаусын аға. Бала күнімізден сіздің өлеңдеріңізді оқитынмын қазірде айтулы оқырманыңызбын. Менде өлең шығарамын.. Бұл қасиет, дарын кім көрінгенге беріле бермейді сондықтанда өнердің, өлеңнің құдіретін сезіне білген сіз сияқты ағаларымыздың барына қуаныштымыз. Өнеріңіз өрге жүзсін!!! Қарындасыңыз Ұлпан

    Пікірге жауап жазу

  • АЙГЕРИМ

    2012-08-31 21:52:39

    керемет олен

    Пікірге жауап жазу

  • Саят Қамзин

    2012-04-30 21:10:30

    Қалқаман аға мен сізге шығармашылық табыстар тілеймін!

    Пікірге жауап жазу

  • қалқаман

    2012-02-16 13:01:09

    Өнер - өлең ешқашанда өлмейтін,
    Шабыт беріп көңіліңді тербейтін.
    Өлең оқып, өлең жазып жүргендер,
    Сендей болсын өрелі ұл сөнбейтін.
    (Қалқаманға Қалқаманнан) яғни P@X@

    Пікірге жауап жазу

  • Фарида

    2011-11-04 03:17:01

    Саламатсиз! сайтыныз кутты болсын. Олендериниз керемет. Каламыныз уштала берсин Алла денинизге саулык берип, жаксы олендериниз кобейе берсин

    Пікірге жауап жазу