Кеш, күнім...

 

Қосылған жүрек қосағым едің, қос бұрым

Көзіндей болып көрінген маған ескінің.

Бетіңнен сенің сүйгізбей жатса, кеш, күнім,

Мерекесі көп, берекесі жоқ бес күнім.

 

Оңаша оймен отырып кейде кешқұрым,

Ғашықтар әнін жабығып, жалғыз естідің.

Күтумен өткен түндердің бәрін кеш, күнім,

Өзіңнен басқа жоқ еді менің ешкімім.

 

Солдырып алма сезімнің нәзік хош гүлін,

Көрсете берме көңілдің сірә, бостығын.

Жоғалтып ала жаздасам сені кеш, күнім

Көбейтемін деп жүргенде кейбір дос түрін.

 

Сыны көп сәттің елемей жүрсең ешбірін

Еңсеңді сенің баспайды сонда ескі мұң.

Жаныма кейде жараспай жатса кескінім,

Кеш, күнім!

Бәрін... бәрін де, бәрін кеш, күнім!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Айжан

    2013-06-20 00:14:26

    Керемет ұйқас,керемет өлең,керемет ақын!

    Пікірге жауап жазу

  • Бану

    2012-12-11 21:51:29

    Қалқаман ағаның қай өлеңі де болса керемет қой. Бұл да маған қатты ұнады.

    Пікірге жауап жазу

  • Асылзат

    2012-10-31 15:53:47

    Калкаман Сарин, Казыргы заманга сай андердин авторы ретинде оз басым оте катты силаймын, Бугинги танда, ан, тура жанбырдан сонгы козыкуйрык ретинде кобейыыыыппп кеткен, саны бар, сапасы жок, Ал Калкаман андери сол андердин ишинде бир тобе, Керемет,Баска айтарым жок!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Асель

    2012-01-07 07:40:25

    Тамаша олен! Рухы жагынан оте жакын озыме, мундай немкурайлыкты кешируге орынды ма? Барине бага бере отырып, кателерымызды тусыне отырып, жаксы мен жаманды айыра отырып, туйсыгымызды елемей, алдамшы сезымдерымыздын жетегынде журетынымыз окынышты-ак!

    Пікірге жауап жазу

  • Зейнегуль

    2011-12-13 02:52:02

    Қалқаман аға тамаша өлең!!!

    Пікірге жауап жазу