«Қош!» дедің неге?

 

«Қош!» дедің неге? Қолыңды неге бұлғадың?

Күндердің санап үмітпен келемін бәрін.

Мендегі мынау мөп-мөлдір мұңлық сезімнің,

Сен едің, жаным, иесі сен едің, жаным!

 

Неге сағындым? Сен мені неге сағындың?

Сарғайған сағынышымның елесі – ауыр мұң.

Бағыма менің бұйырмас балауса арманым,

Бақытты  кейіпкерісің  сен осы әнімнің!

 

Неге мұңайдым? Білмедім, неге мұңайдың?

Көзіңнен сенің cынығын көремін Айдың.

Түн құшағында тілдесіп тәтті елесіңмен,

Жұлдыздай болып бір – бірлеп сөнеді қайғым...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Сандуғаш

    2013-02-23 21:55:13

    Калкаман Сарин олендери оте тамаша керемет асыл создер жане магыналы!!

    Пікірге жауап жазу

  • Гульмира Агидуллаевна

    2012-10-18 16:16:51

    Cалеметсизбе? Сиздин шыгармашылыгынызга тантимин. Олендеринизди суйиспеншиликпен окимын.Сизге шыгармашылык табыс тилеймин.

    Пікірге жауап жазу

  • Moldir Nagimetbai

    2012-06-01 10:01:01

    Сәлеметсізбе!Хал жағдайыңыз қалай?Өлеңдеріңіз керемет!Ақындық өмірдің биік шыңдарын бағындыра беруіңізге шын жүректен тілектеспін!

    Пікірге жауап жазу

  • Айдана

    2012-05-21 13:24:18

    Бұл өлең кімге арналған екен?! Кімге болса да арманы жоқ шығар....

    Пікірге жауап жазу

  • Жулдыз ТОРЕБАЕВА

    2012-03-12 13:05:21

    Тилимиздин туманга айналып, алтын казынамыз -соз байлыгымыздын кадирин жогалтып бара жатканда журектеги саулени оятып, улттык мактаныш сезимин тудыратын казактын кара олени. Магыналы манди олен! Тарбие, акыл, жаксы багыт, омирге куштарлый, сулулык, терен ой осынын барин алуга болады оленен. Сиз сиякты талгамы бик акындар коп болса гой ширкин! Тек Кудайым тил козден сактасын! Дал осы каркынмен заза берсениз талай жаска улги, сурингенге тиреу, кулаганга демеу болар единиз! Бир АЛЛАМ камкор болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Сейт Нұргүл

    2012-02-09 03:14:14

    Қалқаман ағаның өлеңдері керемет!!! Маған өте қатты ұнайды.... Сізге тек Биіктерден көріне берініңіздегім келеді...............

    Пікірге жауап жазу

  • НУРСУЛУ

    2012-02-06 20:06:59

    Салеметсиз бе!!! Сиздин шыгармаларыныздын тен жартысын окыдым десем де болады, маган катты-катты унады! Сизге рахмет, осындай дарынызбен жастардын кызыгушылыгын арттырганынызга! Сизге Алланын нуры жаусын! Шыгармашылык табыстар тилеймин!

    Пікірге жауап жазу

  • Гулзада

    2012-01-29 08:47:09

    Калкаман бауырым! Сенин олендерин журегимдеги сезимдермен уштасып жаткандай...конилиме бир жубаныш акеледи.Жазатын олендерин али алда деп сенемин!

    Пікірге жауап жазу

  • САУЛЕ МУХТАР

    2012-01-21 11:24:11

    каламын уштала берсин !рахмет осындай журекке жетер андерин коп болгай !

    Пікірге жауап жазу

  • Нурсипат

    2011-11-04 09:38:40

    Олендериниз керемет, маган оте катты унайды! Магынасы бар, адамды ойландыратын олендер, соз жок......

    Пікірге жауап жазу