Кездестік қоштасқалы...

 

Көлдей тұнық көзіңмен қызықтырдың,
Жүрді сонда жазықсыз жүзіп бір мұң.
Қоштасар сәт келгенде қимай мені,
Мөп-мөлдір мұңнан моншақ үзіп тұрдың.

Жүрекке жұп бола алмай сендегі адал,
Таусылды тағат, төзім, мендегі амал.
Жасыңды жел кептіріп қоңыр кеште,
Қоңыр күз қолыңа әкеп берді орамал.

Таза едің таңғы шықтай, пәк мінезің,
Әп-сәтте кермек татып тәтті кезің.
Сенен емес, жаным-ау, сенен емес,
Сезімімнен салқындық таптым өзім.

Ұмыттым. Бәрі, бәрі ұмытылды,
Жаныма махаббаттың мұңы тұнды.
Қураған жапырақтай жалған сезім,
Алсам да алақанға... үгітілді.

Кездестік қоштасқалы... Күз. Кешкілік,
Мұңлы әуен тұрды алыстан бізге естіліп.
...Шақырып кездесуге сонда сені,
Кеттім-ау жалғыздықпен жүздестіріп.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Айжан

    2012-12-19 14:55:30

    каштаскалы кездесуге шакырып неге жалгыздыкпен жуздестирип кеттиниз екен?

    Пікірге жауап жазу

  • Жанна Нурымбетова

    2012-12-07 16:01:34

    Сәлеметсіз бе, аға! Өлеңдеріңіз жүректен шыққаны көрініп тұр. Оқырманыңыз көбейе берсін! Махаббаттың қадірін түсіну, бірге болмасаң да махабаттың дәмін көру - кез келгеннің басына қона бермейтін бақыт. Өлеңдеріңіз махабаттың бар екенін растайды. Құттықтаймын! Іске сәт!

    Пікірге жауап жазу

  • Ермекова Жансая

    2012-11-20 11:07:32

    олендериниз керемет!!!!!!!!!!!!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Абай Гүлмоншақ

    2012-10-12 23:15:05

    Өлеңдеріңізді оқып жүрегім елжіреп кетеді...жаныма тіптен жақын...

    Пікірге жауап жазу

  • Жантаева Турсынай

    2012-06-11 11:11:13

    Сәлеметсізбе! Қалқаман аға сіздің шығармашылығыныз маған ұнайды, осындай жүрекке жақын әндеріңізді жазып тұрыныз,
    «Қош!» дедің неге? Қолыңды неге бұлғадың?

    Күндердің санап үмітпен келемін бәрін.

    Мендегі мынау мөп-мөлдір мұңлық сезімнің,

    Сен едің, жаным, иесі сен едің, жаным!

    шығармашылығынызға , жумысынызға ақшалай табыс ,өмірінізге шаттық отбасынызға тыныштык тілеймін!!!

    Пікірге жауап жазу

  • қалқаман

    2012-02-16 13:03:54

    Тамаша..... Дәл өзімнің өмірімдегідей

    Пікірге жауап жазу

  • Ай-Керім

    2011-11-07 00:07:48

    Керемет!!! Сіздің талантыңызга таң қалудан жалықпаймын!!!! Сіз нағыз ақынсыз, Қалқаман аға!!!! Осындай өлеңдеріңізз көп болып, біздей оқырмандарды қуанта берсін!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Салтанат Бектурова

    2011-11-03 03:18:39

    Өлеңіңіз ұнады

    Пікірге жауап жазу