Соңғы үміт

 

Көктемім өзің едің күзде келген,
Жаралған жан дүниең ізгі өлеңнен.
Сен менен алыс кеттің, арманым-ай,
Мен сенен үмітімді үзбегенмен.

Жанымды жүз қуантып, жүз жылатып,
Кетсе де жүрмін сол бір күзді ұнатып.
Қуанып қос ғашыққа қол бұлғайтын,
Шақырып баққа қарай бізді бақыт.

Аспанда сан мың жұлдыз жымыңдасып,
Айға сыр айтатындай сыбырласып.
...Жанымды жапырақ қып жайып тастап,
Тұрушы ем жалғыз саған сырымды ашып.

Тұрсаң да қарсы алдымда күліп керім,
Қайрылмай кетеріңді біліп пе едім?
Желіккен желмен ұшып кетті-ау сонда,
Үзілген жапырақтай... үміттерім.

Сендегі суынғанда сезім нұрлы,
Мендегі махаббат та көзін жұмды.
Мұңайып мұңға батқан бақ та мынау,
Менің жалғыздығымды сезіндірді,

Сен жоқсың... Түз – меңіреу. Күзім – керең,
Көктемнің күзгі бақтан ізін көрем.
Ілініп жалғыз ғана жапырақ тұр,
Мүмкін... сол соңғы үмітім үзілмеген.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Абдраимова Роза

    2013-04-02 21:37:20

    әрбір жазған өлеңініз үлкен мағынаға ие екен. Мен өзім әңгіме жазуды бастап едім сіздің өлеңдеріңізді эпиграф ретінде алдым. Сізге шығармашылығынызға үлкен табыстар тілеймін!

    Пікірге жауап жазу

  • Гулназ

    2013-01-08 10:12:39

    Тамаша! Мен сиздин олендеринизди окып гашык болдым.

    Пікірге жауап жазу

  • Түгелбай Бисенов

    2012-12-20 12:29:25

    тілек айтпай-ақ қойайын. мен сіздің өлеңіңізді оқып, махаббатымды қараттым қазір бір жыл болды бірге тұрып жатырмыз.

    Пікірге жауап жазу

  • Түгелбай Бисенов

    2012-12-20 12:26:58

    керемет Қалқаман ағаның өлеңдері ерекше сезімге бөлейді мені

    Пікірге жауап жазу

  • Зейнулла Назыгүл

    2012-12-16 23:54:16

    Қалқаман ағай аллам сізге бақытты да,баянды ұзақ ғұмыр бергей!

    Пікірге жауап жазу

  • СУНГАТ САМЕТОВ

    2012-12-01 19:11:03

    Оте тамаша олен, Калкаман ага онериниз тек кана орге домаласын! Шабытыныз шарыктай берсин! Алла саналы ой мен уйкасты оленинизден айырмасын

    Пікірге жауап жазу

  • Акмаржан

    2012-10-24 18:38:59

    керемет олен,тамаша туынды

    Пікірге жауап жазу

    • Жанат Болатбеккызы

      2012-12-03 11:54:56

      оте тамаша создер. Тилинен бал тамган Калкамандай агамыз ардайым ортамызда осындай жыр шумактарымен журе берсин! Шыгармашылык табыстарыныз мол болгай!

      Пікірге жауап жазу

  • Акмаржан

    2012-10-24 18:38:33

    керемет олен,тамаша туынды

    Пікірге жауап жазу

  • Нургуль Бидайқызы

    2012-10-24 14:56:40

    жақында Сізді сырласыда сұхбатыңызды естідім,сол кезде отбасыңыз туралы өлең оқып едіңіз. Оқыған өленіңіз менің де,Анамның да жанына жақын болды. Менде көп отбасынан шығып едім Сіз сияқты.Кейін іздеп таппадым.Желіден кітабыңыздың бар екенін көрдім. бірақ таппадым,жұмыста бірге істейтін жолдасыңыз бар еді сол кісіден Сізден алып беріңізші деп едім ол ағай бітіп қалғанын айтты. Солөлен жолдарын қайдан тапсам екен,атауы қандай екенін де біле алмай жүрмін.
    Хатыма жауап болады деген үмітпен НУРГУЛЬ БИДАЙҚЫЗЫ

    Пікірге жауап жазу

  • Айнур Курмашева

    2012-10-23 00:02:08

    өте керемет оки отрып ойландырады кейде мунайтады.Оралдан жас журналист Айнур.

    Пікірге жауап жазу