Сағынбауға...

 

Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес,
Сәтсіздіктен де іздеймін жаным, тәтті елес.
Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,
Жетуге саған амалым болмай, әттең, еш.

Бұлыңғыр тартып, бұлтты күн де тым баяу,
Өтпейді. Өтсе, отырам оймен түнде ояу.
Саруайымменен, сарғаюменен күн кешіп,
Санама менің сіңіп барады бір бояу.

Толқыған жүрек, балқыған сезім тудырып,
Ол күндер кетті кірпікке ауыр мұңды іліп.
Малынып шерге, сағынып сен де жүрмісің,
Жаныңды, қарғам, жасына көздің жудырып.

Кетсе де мейлі аспанның асты тарылып,
(Серуен құрам, тәтті елес, сені сағынып).
Қанатын керген қара түндерден іздеймін,
Іздеймін анау аспанға сансыз шам іліп.

Жұлдызды аспаным жымың қаққанда жақын кеп,
Жұлдыздан құрап жазамын өлең ақын боп.
Қалайда, жаным, сені ұмытуға тиіспін,
Ал сағынбауға хақым жоқ!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • аккербез керимкулова

    2012-12-29 12:09:41

    калкаман ага сизге рахмет.

    Пікірге жауап жазу

  • Данғұлбекова Ырысалды

    2012-12-13 20:36:19

    Данғұлбекова Ырысалды
    Қалқаман Аға! Сізге ақын қарындасыңыз ретінде таусылмас жырлар тілей отырып, өз өлеңімді оқуыңызды өтінем.
    Сағынғын жүрек
    Қиын екен сағыныштан жылаған,
    Жылап тұрып, жетелейді бір арман
    Құшақтайсың қысып тұрып, сағынып
    Елес болып өтіп кетер сол арман.
    Жолға қарап, күтесіңде тағатсыз
    Үміттеніп, жақсылыққа баларсыз
    Сағыныштан өртенген сол сезімдер
    Күте-күте мөлдір жас боп ағатын.
    Жүрек үні дүрс-дүрс етіп қағатын
    Санап тұрар әрбір өткен сағатын
    Сағыныштын лебі егер басылса,
    Жүрек үні басқаша үн қағатын.
    Қиын екен сағыныштан жылаған,
    Күтіп жүріп, келмей қалса сол адам
    Амал қанша, тағдыр ісі дейсіңде,
    Ем іздейсің жүрекке сен жылаған.
    Уақыт емдер жаралы сол жүректі.
    Қаншама рет жүрек шіркін дір етті.
    Өмір осылай жалғасады жайымен
    САҒЫНДЫРЫП ЖҮРЕКТЕРМЕН ЖҮРЕКТІ.

    Пікірге жауап жазу

  • Алтеева Казима

    2012-12-08 21:29:10

    Калкаман сенің өлеңдеріңді сүйіп тыңдаймын

    Пікірге жауап жазу

  • Айып Әлсейт

    2012-11-14 11:57:06

    Қалқаман аға мен өлеңдеріңізді көп оқимын және солардан ғибрат өшпес тәрбие аламын өзіме, мына өлеңіңіз маган ұнады. Сізді мақтан тұтам Қалқаман аға.

    Пікірге жауап жазу

  • Арайка Нажкен

    2012-05-15 15:41:51

    Жаралы жүрекке еш ем таппай жүргенде,
    Жанына жақын тек поэзия болғанда,
    Оқисын жыр маржандарын тізбектелген,
    Солайнан жұбатқандай боласын өзінді өзін............рахмет сізге,Қалқаман аға!сіздей жандар өмірде бар болғанына!!"

    Пікірге жауап жазу

  • Нұржан Арыстанбек

    2012-05-09 00:01:39

    Қалқаман аға сиз қаламы откир, ойы ұшқыр, шабыты шалқар ақынсыз. Мен сіздің шығармашылығыңызға тәнтімін. Жырларыңыздың баршасы оте мағыналы, әрі өте көркем сөздермен кестеленген. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Өнеріңіз өрге жүзсін!

    Пікірге жауап жазу

  • Aikymis!

    2012-04-25 11:22:19

    Керемееееееет))) кайта-кайта оки бергим келеди,оки бергим....

    Пікірге жауап жазу

  • Айгерім Сармен

    2012-03-23 14:14:08

    Кай олендериниз болсын ман мағынасы терен. Осындай олендериниз кобейе берсин.АЛЛАХ ТАҒАЛАМ деніңізге саулык отбасынызға амандык басыңызга бак берсин

    Пікірге жауап жазу

  • Асель

    2012-03-03 22:14:47

    Өте қатты ұнады. Жарайсыз!!!

    Пікірге жауап жазу

  • қалқаман

    2012-02-16 13:10:07

    Өмірдің бәрі тұрады ғой сағыныштан..........,
    Ал көрсем жүрегім де алып ұшқан.....

    Пікірге жауап жазу