Айсұлу

 

Арқанын керім кешінде, жаным, кездестік,

Сұлуды көрсем жан емес едім сезбес түк.

Білектей бұрым, беліңе дейін бұралып,

Төгіліп тұрды. Көрініп тұрды көзге ыстық.

 

Қызарып барып кірпігін Күн де жапты әрең,

Жарық жалғанмен қоштасып үнсіз жатты әлем.

Жұлдызды аспанды жанарына алған сыйдырып,

Айға ұқсап туған арманым, неткен, әппақ ең!

 

Балдай қылығың бағаңды бірден арттырып,

Жанымды өртедің, жанарыңды оттай жалт бұрып.

Әппақ арманым, бұрала билеп жүрдің сен,

Қап-қара түнге қара бұрымды лақтырып.

 

Жұлдыздың бәрі жымың қаққанда бізді аңдып,

Әлдиге бөлеп Ай нұрын төкті Ізгі ән ғып.

Көшенің көкшіл шамынан сонда шошынып,

Сәулені сүйген сәби сезімді қызғандық.

 

Балауса сезім көңілге сеуіп балдай мұң,

Батқан күнменен кеткендей көшіп бар қайғым.

Жүзіңнен сенің үзіліп түскен нұрменен,

Үлбіреп тұрған үміттерімді жалғаймын.

 

Сыңар боп туған шығарсың мендік мұңмен сен,

Шіркін-ай саған аспаннан үзіп гүл берсем.

Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,

Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • толқын сарина

    2013-02-15 17:06:29

    кеееееееееремет өлең! Ақын аға жасасын.

    Пікірге жауап жазу

  • jandaulet janerke

    2013-01-26 02:28:41

    Kalkaman aga olenderiniz keremet, jurekti eljireter aserli sozder jazylgan. Men sizdin onerinizdin aldynda bas iemin. Sapaly olenderiniz kobeie tussin. Okyrmandarynyz olenderinizden de arta tussin. Izgi nietpen karyndastarynyz: janerke_96_11@mail.ru

    Пікірге жауап жазу

  • Айсұлу Өмірбаева

    2013-01-10 13:49:52

    Қалқаман аға керемет жазғансыз. Мен біздің Қазақстанда Мұқағали, Абай оқулары сияқты сіздің де оқуларыңыз өтіп тұрғанын қалаймын. Осы жағын ойланып көріңіз, мүмкін болса. Сізден жауап күтемін...

    Пікірге жауап жазу

  • аккербез керимкулова

    2013-01-04 16:37:03

    kalkaman aga keremet anderiniz. shalkar shabit tileimin. sizden tagi keremet konilden shigatin ander kutemin. kazaktin osindai azamattari kobeisin.....

    Пікірге жауап жазу

  • Оралбек ТІЛЕУБЕК

    2012-11-27 22:40:00

    тоқсан сөздің тобықтай түйінін айсақ "КЕРЕМЕТ"!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Боранбаева Зиялы Боранбайқызы

    2012-08-11 23:21:57

    Сәлеметсізбе Қалқаман аға! Сіздің өлеңдеріңіз маған қатты ұнайды! Сізге қажымас қайрат, мол бақыт тілеймін! Мен, яғни Абай оқулары, М.Мақатаев оқулары байқауы секілді сіздіңде Қалқаман Сарин байқауы өткенін қалаймын! Мен Атырау облысы, Мақат ауданынанмын! Сізден жауап күтемін!

    Пікірге жауап жазу

  • Карамат Қасен

    2012-07-22 22:21:54

    Өлеңдеріңіз жаныма мұң толтырып сол азаптан қайта тазартатындай.... Мөлдір Махаббаттың кәусәр бұлағынан сусындаған Төлеген ,Козы Көрпеш те сіз секілді жырлап көрмеген шығар....Аллах Өлендеріңізден өзіңізді айырмасын

    Пікірге жауап жазу

  • Алтынжан

    2012-03-11 15:38:29

    Қалқаман аға мен сізді сүйем өйткені өлеңдеріңізге ғашықпын
    Аллам қилыңызға қанат бітіріп, шабатыңызға шабыт қоссын...
    Монголия елі Бай-Өлкедегі қандас қарындасыңыз

    Пікірге жауап жазу

  • Алтынжан

    2012-03-11 15:34:38

    Қалқаман аға мен сізді сүйем өйткені өлеңдеріңізге ғашықпын
    Аллам қилыңызға қанат бітіріп, шабатыңызға шабыт қоссын...

    Пікірге жауап жазу

  • Мереке Алатаева

    2012-03-05 16:52:38

    Өте керемет жазылған өлең, Айсулудын арманы жок шыгар.....
    Қалқаман мәңгілік махабат тілеймін!!!

    Пікірге жауап жазу