Қызым менің...

 

Қызым менің,

Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.

Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,

Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.

 

Қызым менің,

Қылығыңды тәп-тәтті жүзім дедім.

Бұл өмірдің бақ тұнған бақшасынан,

Жемісіңді қалаған үзіп жегін.

 

Қызым менің,

Болашағыңды ойлаумен бұзылды өңім.

Қысқа-қысқа тағдырлар құрайды екен,

Тарам-тарам тірліктің ұзын жолын.

 

Қызым менің,

Бой жетерсің боялып қызылға ерін.

Бұл әкеңнің тілегі: анаңдай бол,

Анаң сенің атанған түзу келін.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Акбота Атихалыковна Исмаилова

    2012-11-12 19:12:11

    "Айел",-деген кызын гой ,
    Тай-тай басса жетелеген, "Аке"деп еркелеген ...

    Пікірге жауап жазу

  • umsinay

    2012-11-11 20:25:06

    өте тамаша жазылған адам жанын тебрентер өлең.

    Пікірге жауап жазу

  • Aikymis!

    2012-04-25 11:37:59

    Не деген жолдар! "Бұл әкеңнің тілегі: анаңдай бол,
    Анаң сенің атанған түзу келін." осындай жолдарды кызына арнаган акеси бар жан бакытты гой!

    Пікірге жауап жазу

  • Динара

    2012-03-28 12:19:18

    Керемет!!!!!!!!!!!!!! Онериниз орге бассын, Алла жар болып, басыныздан бак таймасын!!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Лена

    2012-03-06 10:48:15

    Онеринз орге шапсын!!!
    Сондай керемет олен екен...

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 00:31:47

    тамаша... өте керемет!!!
    ағам қызына тілек тілей отырып, жеңгейді де сөзге қосуды ұмытпаған.
    отбасыңызға тек жақсылық тілеймін!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Margulan Atymtai

    2011-12-20 05:35:14

    keremet!

    Пікірге жауап жазу

  • Мәдина ЖАҚЫП

    2011-12-10 16:45:04

    Қызым менің,

    Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.

    Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,

    Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.

    және

    Қызым менің,

    Бой жетерсің боялып қызылға ерін.

    Бұл әкеңнің тілегі: анаңдай бол,

    Анаң сенің атанған түзу келін.Дәл осы шумақтар ерекше ұнады. Дәл осы шумақтардан. жалпы бүкіл өлеңнен Әке тілегін, әке жүрегін, әке махаббатын сезіну қиын емес! бұл, барлық әкенің қызына деген тілегі де! Және, құрметті қазақ қыздары, осы өлеңнен өздеріне тамшыдай болса да үлгі-өнеге алыңдар дегім келеді. Расында да ғибрат болатындай өлең екен....

    Пікірге жауап жазу

    • Білімханұлы Нұржахан

      2012-02-04 18:25:00

      Керемет олен, Калкаман ага Калкайып журе берыныз ортамызда

      Пікірге жауап жазу