(Аянатқа)

 

Қызым менің, қызығым, Аянашым!

Анаң сенің жүзіңді аяласын.

Таң нұрымен таранып еркем ертең,

Күн нұрымен бойжетіп боянасың.

 

Қызым келді өмірге, көз қуаныш

Қуаныштан қиялды кездім алыс.

Мәпелеген ботам-ау, бір мен үшін,

«Әке» деген ардақты сөз жұбаныш.

 

Бірегейі сен едің көп үміттің,

Ниет қылып Алладан сені күттім.

Менен асқан бақытты жан бар ма екен

Құшағымда тұрғандай көрініп Күн.

 

Жұдырықтай жүректің бөлшегісің,

Анаң барда асқақсың, еңселісің.

Өмірімнің жалғасы – ерке құсым,

Өлең жазам өлмейтін мен сен үшін!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Динара

    2012-12-26 20:06:49

    Keremet olen!!! Kizdariniz arkawanda Sizdi kuantip jure bersin!!! Kizgaldaktariniz aman bolsin!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Акбота Атихалыковна Исмаилова

    2012-11-12 19:20:35

    Алып косарым жок ,оленмен жеткизген тилегиниз периштенин кулагына шалынсын иншалла бари болады машалла !!!

    Пікірге жауап жазу

  • шапиева Жазира

    2012-01-28 10:04:29

    оте тамаша ,шынымен соз саптауыныз тамаша,жетистиктерге жете бериниз,

    Пікірге жауап жазу

  • Гул-жаннат

    2012-01-25 08:53:02

    Бала-Адам баласынын бауыр етi гой... Адемii олен. Шабытыныз шарыктай берсiн. Алла берген кулыншактарыныз аман болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 00:37:22

    не деген жақсы өлең!
    Аянат сіңіліме мықты денсаулық, мызғымас иман, мыңды жығар білім тілеймін!!!
    елінің еркесі, мамасы мен папасының мақтанышы болсын, иншаАлла!!!

    Пікірге жауап жазу