Әке

 

I

Білемін, бәрін, бәрін сездің, Әке,

Асылы айтпаушы едің сөзді қате...

 

II

Жерлеген күні сені дертті болып,

Мен түгіл жылап тұрды көк түнеріп.

Жеткізген он баланы қайран Әке,

Жете алмай жетпіс жасқа кеттің өліп.

 

Кеп жатты құрдастарың көңіл айтып,

Сиреген қатарлары көбі қайтып.

Тағдырдың жазуына қандай шара,

Қоятын не қуантып, не мұңайтып.

 

Болды рас дертің күшті, қайғы содан,

Ажалдан құтылып ед қай кісі аман?

Ішінде он баланың отырса да,

Жылайды жалғызсырап байғұс анам!

 

III

Қайран әке, жастығын тез ұрлатқан,

Мойымай нала шаққа.

Көңіліме нұр құйып, көзімді ашқан,

Жол сілтеп болашаққа.

 

Айтқан ақыл, салмақты сөзің мақтан,

Бастаған парасатқа.

Жүрміз әлі жан әке, өзің жаққан,

Жылынып сол ошаққа.

 

Қайран әке, жаны – жаз, сөзі – көктем,

Жүруші ек көп еркелеп.

Жүрмін бүгін жақсының көзі боп мен,

Ержетіп тек ертерек...

 

Тағдырына ұл-қызың төзім еткен

Бір Алла берер көмек!

Жүрміз әлі, жан әке, өзің еккен

Еменді көлеңкелеп...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Кауысова Жансая

    2013-06-12 23:48:37

    Cаламатсызба!мен акенін жылу сезімін сезгем жок билгем жок,откені әкем бізді кішкентай кезімізден тастап кеткен.Ол бізді мулдем жаксы кормейді. Аттен аңсайм әкенін жылулыгын.Бул оленді окығанмен ештене сезіне алмадым.Аттен татен))))

    Пікірге жауап жазу

  • Жолтаева Балауса

    2013-06-04 13:11:35

    Әке деген отбасының ең жақсы отауы.Мен өзімнің әкемді көрмегенмін . Әкем қасымда болғанын қалаймын. Қасымызда әке болса ештенеден қорықпайсын ол рас. Әке туралы жазып отырған себебім мен балалар үйінде өскенмін. Әрқашанда әкелерді сыйлап өтейік.

    Пікірге жауап жазу

  • Алима

    2013-03-18 15:26:41

    Бір ай болды акемнен кенеттен айрылып қалғаныма, сіздің олеңіңізді оқып жылап отырмын. Әкемді қатты сағындым

    Пікірге жауап жазу

  • Нысанова Әсемгүл Төлеуқадырқызы

    2013-02-26 14:23:35

    Білемін, бәрін, бәрін сездің, Әке,

    Асылы айтпаушы едің сөзді қате..

    Менің әкеме арналған өлең жолдары секілді, менин айткым келетин сөздер, бірақ бари ишимде,Рахмет сізге. Әкем ойыма түсип отыр,ишим жылап тұр.

    Пікірге жауап жазу

  • гУДШАТ

    2013-01-21 16:06:00

    ТУРА МЕНИН АКЕМЕ АРНАП ЖАЗГАН СИЯКТЫСЫЗ,МЕНИН АКМНИНДЕ 10 БАЛАСЫ БАР.кЕРЕМЕТ ОЛЕН ОЗ ОЙЫМДЫ АЙТЫП ТУРГАНДА СЕЗИМДЕ КАЛДЫМ,РАКМЕТ!

    Пікірге жауап жазу

  • Turmanova Zhazira

    2013-01-21 15:28:59

    Arine omirde ata- anannan bauyrlarynnan kymbat ewnarse jok. Omir katal dep boska aitylmasa kerek, sen uwin kymbat jandardy jogaltasyn. Kyz bala kobine akege jakyn bolyp keledi, al akeden airylu en kiyn. Bul olendi okyp eriksiz kozime jas aldym, sebebi akemdi esime tusirdi.

    Пікірге жауап жазу

  • Акбота Атихалыковна Исмаилова

    2012-11-12 19:28:45

    Кыз баласы болсамда анама караганда акеме жакын болып осип келемин , Олен жакуттай коздеримди ойга батырды .

    Пікірге жауап жазу

  • Мусаева Алтынай

    2012-07-20 14:01:57

    Өлең өме жақсы, бірақ мұны жыламай дауыстап оқу- өте қиын.

    Пікірге жауап жазу

  • Абай Гүлмоншақ

    2012-05-22 12:51:41

    Уайымға мен де сізше төселдім...

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 00:41:01

    Аллаға шүкір әкем бар, дені сау....
    дегенмен менің де көзіме жас келді....

    Пікірге жауап жазу