Анашым

 

Асыл ана! Түсімде көрем сені,

Бұрынғыдай емессің неге еңселі?

Мен білсем, саған деген сағыныштың,

Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі.

 

Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы,

Елжіреп елесіңді құштым тағы.

Хат байлап қанатына жіберер ем,

Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі.

 

Не таптым, белден кетіп бетегелі?!

Қалаға қаңғыбас ой жетеледі.

Жақұттап жазу үшін осы өлеңді,

Он жылдық білімім де жетер еді.

 

Дүние шыр айналып   шарайнадай,

Жолыма қала бердің қарай-қарай.

Қайырымсыз қалаға, мейірімді,

Қалдырып кете бергем қалай ғана-ай?!

 

Ал, бүгін ақын болды ақылды ұлың,

Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым.

Ардақтап арнамасам саған өлең,

Адыра қалатындай ақындығым.

 

Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба?

Жабығып жүргендеймін жат ғаламда.

...Тарылған көшелері тас қаладан,

Тарыдай бір мейірім таппағанда,

Сені сағынып кетем, анашым!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Сымбат Айдархан

    2013-03-02 23:00:59

    Құрметті Қалқаман аға!! Мен сізге шығармашылық табыс тілеймін!! Қаламыңыз ұштала берсін!! Өлеңдеріңіз әр адамның жүрегінен орын алады деген сенімдемін!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Гүлзира Наурызбаева

    2013-02-25 01:20:49

    Сәлеметсіз бе, Қалқаман аға! Сіз - мен сүйіп оқитын ақындардың бірісіз. Менің Сізге бір бұйымтайым бар еді. Білмеймін, ерсі көрінетін шығар, бірақ өз қолымнан өлең жазу келмеген соң Сізден сұрамақшымын. Қысқасы, 8-наурызда жан құрбым ақ босаға аттап, келін атанбақ. Есімі - Самал. Атына заты сай, қазақтың инабатты, ақылына көркі сай жан. Сол құрбыма арнап бір шумақ болса да өлең жазып бермес пе едіңіз?!
    Оқырман қарындасыңыз - Гүлзира, Қостанай облысынан.

    Пікірге жауап жазу

  • Абдиханова Жадыра

    2013-02-23 11:56:12

    Сәлеметсіз бе Қалқаман аға? Алла Сізге ұзақ ғұмыр, бойыңыздағы ерекше дарынға әрдайым шабыт берсін. Өнер жолыңда қанатыңыз еш талмасын. Сіздің қай жанрдағы болсын өлеңдеріңіз, адам баласының жүрегін елжіретпей қоймайды, оған сенемін. Мына жалған өмірдің тек шындығын жырлайтын ақындар көп болсын!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Кожагелдиева Гулжайна

    2013-02-22 14:55:06

    ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ,братишка маган ана туралы өлендер тап,айтпесе олесин,мияусынго сен мал малсын сен

    Пікірге жауап жазу

  • Актамак Холдас

    2012-03-19 22:23:38

    Салеметсиз бе? Сиздин олендериниз унайды, сизге творчествалык табыс тилеймин.Костанай онирине келип,биз коз айым болармиз деген умиттемиз.

    Пікірге жауап жазу

  • AKIN JIGIT ARMAN

    2012-03-04 10:44:48

    Оленіме баға беріп коріңіздер
    CЕНІМСІЗ СЕЗІМ
    Қыс бітті келді коктемім,
    Ойымнан неге кетпедін,
    Қыйылып қара касынмен,
    Ғашық қыламын деппедін…
    Жыйылып айтар создерім,
    Сағынып саған қарадым,
    Саны бір жетпес секілді,
    Сағынышыма баладым…
    Корінбей менін козіме,
    Озге бір жанның жарығы,
    Түніме балап отырам,
    Сезімнің сағат қалығы…
    Отқанда жалғыз сұрақ тым,
    Сезімді неге құлаттым,
    Жамылып жалғыз отырмын,
    Сезіміне батып сынақтың…
    Сенбедің неге созіме,
    Алдасам маған не дейсің,
    Сезімге деген сыйыма,
    Соншалық неге кедейсің…
    Конілдін кілті қолында,
    Озіңе ғана ақтардым,
    Түсінбей жүрген шығарсың,
    Сезімді мүмкін мақпалдым…
    Бақытты күтсен сен менен,
    Құлыптап ұста уәдені,
    Келбеті керім сүйкімді,
    Кормеппін сендей адемі…
    Тұншығып жатқан жасына,
    Сағынсан келші қасыма,
    Соншалық мені сүйед деп,
    Шашылып сенде тасыма…
    Махаббат сынды бекеттің,
    Тоқтармыз мүмкін қасына…

    Пікірге жауап жазу

  • Асель

    2012-03-03 22:27:06

    Керемет! Барлық аналарымыз аман болып, жанымызда болсын! Барлық аналарымызды келе жатқан 8 наурыз "Халықаралық әйелдер" күнімен құттықтап, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

    Пікірге жауап жазу

  • Ардак Абдуллина

    2012-02-17 20:06:47

    Калкаман ага ! сиздин оледериниздин адам жанын жадырата алатын озиндк бир сикыры барна сондай тантимин, лайым дениниз сау болып, отбасыныз аман болып,бизди адеми оленизбен сусындатып журе бериниз!!!!!! иги тилекпенАКТОБНЕ КАЛАСЫНАН АРДАК АТТЫ ТЫНДАРМАНЫНЫЗ.

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 00:45:46

    әрине....
    қасыңда анаң болса, күлесің, жылайсың, еркелейсің...
    себебі ол кісі адамдардың ең мейірімдісі!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Гулназ

    2011-11-08 09:57:54

    Сәлеметсіз бе Қалқаман аға? Біріншіден Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Отбасынызға бақыт ырыс береке әкелсін. Мен сізді хабар арнасынан "Сонымен солай дейік" хабарынан көріп, тез арада сізді ғаламтордан іздеуді ұйғардым. Өлеңдеріңіз өте керемет, мән-мағынасы жағы тамаша. Соның ішінде "Анашым" өлеңі ұнады. Әттең. меніңде ақындық қабілетім болғанда мен осылай анама арнап өлең шығарар едім, менің бір қасиетім білмедім анамның жоқтығы жаныма қатты батадыма, сол себептен көбінесе ғаламторда отырсам "Ана" туралы өлеңдер іздей бастаймын. анам 10жыл бұрын өмірден озған. Алланың нұры жаусын аға. Енді сіздің өлеңдеріңізді сүйіп оқитын боламын.

    Пікірге жауап жазу