Туған ауыл

 

Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім,
Кешір мені, кеш мені, сен текті елім!
Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш,
Жүреді ылғи жанымды өртеп менің.

Туған ауыл. Бәрі есте... Балалық шақ,
Қалаға кеп қаңғырдық қалам ұстап.
Кешір мені, күнәсіз балалығым,
Қала алмадым ауылда саған ұқсап.


Қатты маған қызуың күннен сенің,
Сағынышым өзіңсің, мұң мен шерім.
Қайран ауыл, қалдың-ау үзіп алып,
Жұдырықтай жүректің бір бөлшегін.

Тұрғанда жасыл өлке жырға тұнып,
Көшіріп алушы едім, қырда отырып.
Жауһардай жырға құмар жүрегімді,
Алар ма ем, тұнығыңа бір батырып.

Көнермес қасиет бар келбетінде,
Сағынтар жалғыз мекен жер бетінде!
Ауылым, сенен алған тұнық сезім,
Жанымды бір ән болып тербетуде.

Бәрі есімде бал ғұмыр, бала кездің,
Арман қудым. Ат міндім. Дала кездім.
Қазыналым, қымбатсың маған мәңгі,
Қарашығы секілді қара көздің!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Акбота Атихалыковна Исмаилова

    2012-11-12 20:42:03

    Оте кушти асер алдым !!! Туган жер ушин ишкен асымды жерге коямын !!! "Ауылым ушин ешнарсе истей алмадым"депсиз, уакыт алда агатай).

    Пікірге жауап жазу

  • Бауыржан Айхожаев

    2012-07-05 10:06:55

    Қалқаман аға мен қара өлеңге қатты қызығамын. Сіздің өлеңдеріңіз мағынасы мен ұйқасы тоғысқан өлеңдер!

    Пікірге жауап жазу

  • Турсынай Жантай

    2012-06-11 11:40:33

    Қалқаман аға ,шығармашылықтарынызға табыс тілеймін!!!!
    Ақын аға жүрекке жақын аға!

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 00:53:51

    ия. Ақнұрға қосыламын.
    дегенмен сіз шетел асып кетпедіңіз ғой, қазақ балаларына білім беріп жүрсіз!

    Пікірге жауап жазу

  • Акнур Омирбекова

    2011-11-04 09:36:27

    Акын агам кайгырма сен, калмадым деп ауылда
    Сен кетпесен елден жырак, сагынбас ен касиетин тусинбей ауылыннын,
    Енди мине акын бала шабыттанып сагыныштан жыр арнадын,
    Калам алып ауылым деп туган жердин касиетин жырладын!!!

    Пікірге жауап жазу