Қарауыл. Қара өлең

 

Қара өлеңнің мекені – Қарауылға келемін,

Қара өлеңнің қамы еді, қарап жүрмей жегенім.

Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,

Қара өлеңге құмартқан қара бала мен едім.

 

Қара Ертісті жағалай толқып келе жатырмын,

Қара басып қалардай, қорқып келе жатырмын.

Қараой менен Қарасаз, Қарауылдың мұңы бір,

Қара нарға мұңымды артып келе жатырмын.

 

Қараөткелдің бойынан Қарауылға бұрылып,

Қара жолдың үстінде қуып келем бір үміт.

Қараша үйдің есігін көп кешікпей ашармын,

Қара жорғам астымда кетпесе егер сүрініп.

 

Қара торы жігіт боп қалғанымды көрсем деп,

Қарай-қарай жолыма қайран анам кемсеңдеп,

Қараңғыда аптығып шыға келсе алдымнан,

Қара таудай қасқайып тұрар ма екем мен сергек.

 

Қара ұлына байлаған бағыланды сойдырып,

Қарапайым қызықты қайран әкем той қылып...

Қара қойдың сорпасы бұрқ-сарқ етіп қайнаған,

Қара қазан жататын бәрімізді тойдырып.

 

Қара нанға сары май жағып алып жейтұғын,

Қара суға қанағат, қарын тойды дейтұғын.

Қара жаяу, қайғысыз көше бойлап жүгірген,

Қарадүрсін кешегі сағындырды-ау кей күнім.

 

Қара сиыр сүтімен қою шайды ішетін,

Қара кемпір сөйтіп ап қара терге түсетін.

Қараң қалғыр! – деп қойып қарайғанға ұрысып,

Қара күбі қымызды қайта-қайта пісетін.

 

Қара қыздар кешегі – қара көзді келіншек,

Қара шашын тарайтын қапияда көрінсек.

Қара түнде ақсүйек ойнамайды енді олар,

Қара барқыт кеште де шыққысы жоқ, еріншек.

 

Қарақұрым халықтың халі бөлек бүгінде,

Қара жаңбыр жауып тұр қар аралас іңірде.

Қара суық күз келіп қалтырайды қу тірлік,

Қара торғай секілді қарағаштың түбінде.

 

Қарауылда қалды әне, қара шалым, тектім-ау,

Қара шалдан қалғаны – Қара шаңырақ тек мынау.

Қара күйе жағылып арыңа аппақ, ауылым,

Қара ниет қоғамның құрбаны боп кеттің-ау...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Құдайберген Есжан

    2013-06-12 07:45:56

    Ассалаумагаликум...
    Жалпы ақынжандарға жаным құмар, сіздей шабыттылардың өлеңдерін оқығанға не жетсін. Өнердеде, өмірдеде шабытыңыз өлмесін.

    Қара өлеңге бұрылып менде қарадым
    Ұйқасында қара өлеңнің жанамын
    Шабыттанған ақындарды сыйлайтын,
    Сырда өскен ақынсымақ баламын.

    Пікірге жауап жазу

  • Айжан

    2013-04-11 17:45:34

    Салеметсізбе Калкаман Сарин. Сіздін өлеңдеріңізді естіп жүрмін, керемет! Алланын берген таланты бар бойыңызда! Шығармашылығыңыз одан әрі биіктей берсін деген тілегім бар! )) АМАН БОЛЫНЫЗ! Айжан.

    Пікірге жауап жазу

  • zangar

    2013-02-22 01:11:02

    keremet kara olen ekeen

    Пікірге жауап жазу

  • Б3ржан Райымбеков

    2012-06-03 19:03:43

    Қалқаман аға шығармашылығыңызға толағай табыс тілеймін,Алланың нұры жаусын! Кара өлеңіңізді окитын кара коз казак бауырларымыз коп болгай!

    Пікірге жауап жазу

  • Болат Бегей

    2012-04-30 08:54:14

    Болатбек Алпысбаев;
    Қалқаман аға талантыңызға Алланың нұры жаусын өлеңдеріңіздің қайсысы болмасын керемет№ менде қара өлеңді сүйсіне оқып шумақ жазатын ініңнің бірімін. Сіздей қазақтың жас ақындары көбейе берсін!!!!!!!!!!!!"

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-26 03:04:48

    әрбір өлеңіңізде бір ерекшелік байқалады....және ол ерекшелік жәй ғана ерекше емес. тым ерекше, тым әсерлі.
    Қара халықтың ортасынан шыққан,
    Қара торы ағама тілегім:
    Қарапайымдылығыңызды жоғалтпай,
    Көз қарасыңызды жасырмай, ортамызда жүре беріңіз!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Айдарова Динара

    2011-11-14 08:16:49

    талантыңызға нұр жаусынннннннн!!!!!!Қарауыл.Қара өлең. осы өленіңіз маган қатты ұнады. Атақты Абай атамыздай 21-ғасырдың ұлы ақыны болуыңызды АЛЛА нәсіп етсін.

    Пікірге жауап жазу

    • Журсин

      2012-03-11 16:47:37

      Калкаман ага Сизге Алланын нуры жаусын Казактын карапайым кара домалак баласынан карагурым елдин ыкыласына боленген керемет Акын болдыныз Омир жасыныз узак болып Еки дунинде де жузиниз жарык болсын

      Пікірге жауап жазу

      • Елдар Ермекулы

        2013-02-28 17:05:33

        Қалкаман аға талантыңызға нұр жаусынннннннн .Сіз Архатка келмейсізбе? Ауылга келип осы олендеринизди озиниз окып берсеніз деп едим,бул барлык Архаттыктардын ойы деп ойлаймын

        Пікірге жауап жазу

  • Айжан Жексембаева

    2011-11-14 08:08:28

    Өлеңдеріңіз тамаша. Сөз жоқ керемет. Әсіресе,"Қарауыл.Қара өлең" қаааааааааааааааааты ұнады.

    Пікірге жауап жазу