Қолтаңба

 

Биіктен бастамақ боп шер-толғауды,
Аламын мекен етіп өр тауларды.
Өлмейтін өлең жазып өзіме тән,
Өзгеше қалдырамын қолтаңбамды!

Шабысқан шаң қаптырып қорқауларды,
Тұлпардай топтан озып томпаң жалды.
Қазақтың қазыналы даласына,
Қазық қып қалдырамын қолтаңбамды!


Жырымнан жақұт шашып ең таңдаулы,
Қарсы алам құшақ ашып мен таңдарды.
Осылай әр қазақтың жүрегіне,

От қылып қалдырамын қолтаңбамды!

...Қалдыру үшін, досым, қолтаңбаңды,
Қалдыру міндет емес том-томдарды.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • ДАНА КӨЛБАЕВА

    2012-07-25 18:48:36

    САЛЕМЕТСІЗБЕ ҚАЛҚАМАН АҒА!!!!!!МЕН СІЗДІҢ МӨЛДІР МҰҢ МЕН ТЕРЕҢ СЫРҒА ТОЛЫ СИҚЫРЛЫ ЖЫРЛАРЫҢЫЗДЫ СҮЙІП ОҚИТЫН ҚАРАКӨЗ ҚАРЫНДАСТАРЫҢЫЗДЫҢ БІРІМІН!!!!!!!!ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАҢДАЙЫНА БІТКЕН ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ БІРІ СІЗСІЗ!!!!!!!СІЗГЕ ҰЗАҚ ҒҰМЫР АЛ ӨЛЕҢДЕРІҢІЗГЕ МАҢГІЛІК ҒҰМЫР ТІЛЕЙМІН!!! і ізгі ниетпен ҚАРЫНДАСЫҢЫЗ ДАНА

    Пікірге жауап жазу

  • Бекболат Әбуов

    2012-04-14 21:49:20

    Бұл өмірдің берері, алары көп,
    Міндет қылып мойынға тағары көп.
    Ақын аға мен білем: Болашақта
    қолтаңбаң қазық болып қалады,-деп!

    Пікірге жауап жазу