...Сіз есен-сау болсын деумен, Көкке қолды жаямын көп (Бақытгүл Бабаш)

 

Жүрегі – жырлы,                                           

Тілегі – нұрлы,

Жансың-ау, сірә, сен адал.

Жаныңды жылатып,

Жарлардан құлатып,

Мазаңды көп алар  тұңғиық түндерде,

Тәтті азап тартқаның болмаса,

Таққаның – бақыт қой орамал.

 

Шынымен...

Ағаңның қақтың ба есігін?

Тұмар ғып тақтың ба есімін?

Жазылған жыр үшін сұрама кешірім,

(Несі айып, несі мін?)

Сені де, мені де өртеген – осы өлең,

Осы мұң!

 

Жарығым,

Жаныма кей кезде батып шер,

Таңдайым татып сор,

Оңаша өлеңмен қаламын,

Мен үшін бақыт сол!

 

Шығыстан Күн шығып,

Батысқа тұншығып батады.

(...Ғазалды,

Жаза алмай -

Жазарды,

Ниетсіз, сүйексіз Тіл сынып...)

Бір ысып, бір суып,

Жатады жалғасып тіршілік.

 

Сенен де арылмас,

Менен де арылмас,

Өлеңнің мұңы бар сағыныш сарындас.

Жұлдыздар жылайды көзінен тамып жас,

Жұбатар жан оны табылар, табылмас,

Бәрібір жорға – жыл жүрістен жаңылмас,

Амандық тілеген «аға» деп,

Өзің де аман жүр, қарындас!!!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Жайнагул

    2012-10-01 12:05:32

    секілді көктем асығып күткен шағала,
    өзіңді іздеп барамын жиі жағаға.
    сенсен гой сізді сагынган кезде жан ага,
    кішкентай ғана кеудеме сыйған жүрегім,
    Тулайды - ау ешбір сыйа алмай дархан далаға.

    Жадырап жүрші қайғыға ешбір жолықпай,
    өмірде мына опасыз мәңгі торықпай.
    қайда жүрсең де әйтеуір аға аман боп,
    Тілекші жанның өзіңе барын ұмытпа.

    Өмірде мынау қайғысыз - мұңсыз кім жүрсін?
    Сонда да аға алдынан әркез күн күлсін.
    іштегі сырды айтайын менде , әйтпесе,
    Тағдырым менің тамғалы тұрған тамшы жас,
    Жарлық кеп көқтен үзілер қашан кім білсін?!

    Пікірге жауап жазу

  • Шапырашты Болатбай Серік

    2012-01-29 00:53:36

    Маңдайалды жырларың көбейе берсін, жаратқан ие жар болып, қаламыңа қуат, журегиңе иман берсін. Өлеңдерін өрге жүзсін бауырым!!

    Пікірге жауап жазу