Іңірдегі үнсіздік

 

Керуеніне ілесіп Өмір – Көштің,

Өтті бір күн. Қалмады көңілде ешкім.

Үнсіздікпен үйлесіп іңірдегі,

Сырласына айналам қоңыр кештің.

 

Қызыл іңір. Барады Күн қанталап.

Қыр астынан келеді Ай түнді арқалап.

Жалғыздықтан, жаным-ау, мені тағы,

Қалар дейсің құтқарып кім қалқалап?

 

Жалғыздықтың сүйгені сол – тыныштық,

Тыныштықта жоқ, жаным, қорқыныш түк.

Мұнарадай мұң шақсам түнгі аспанға,

Жұлдыз еріп кетер ме? (Дертім ыстық...).

 

Айлы түнге асыққан ақын көші,

Иә, жалғыздық – жанымның жақын досы,

Cен де мені сүйер ең, көрсең егер,

Өлең жазып отырған сәтімді осы.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Индира

    2013-03-18 14:26:56

    Айлы түнге асыққан ақын көші,
    Иә, жалғыздық – жанымның жақын досы,
    Cен де мені сүйер ең, көрсең егер,
    Өлең жазып отырған сәтімді осы. Қзақа халықының ардайым мақтанышы болып жүре беріңіз№ өлең жолы жан тербетеді.

    Пікірге жауап жазу

  • Гүлзира

    2013-02-26 13:38:06

    Менің көкірегімде орнаған рухтың жай-күйіне ұқсас... Өмірде ақындардың бәрі жалғыз екені рас. Өлеңдеріңіз жүрек қылын үзердей... АллаҺ берекетін берсін!Неге мұң мен шерге толы?

    Пікірге жауап жазу

  • камшат

    2013-01-09 13:54:30

    унсиздик.........мени ендиги омирим дал осылай откели тур....керемет олен

    Пікірге жауап жазу

  • лаура енсеп

    2012-02-07 16:51:29

    аркаттагы биздин уй олени жаныма катты унады, журегиме терен синди! бул олендерди, андерди калай алуга болады? мен таба алмадым, жауап кутем

    Пікірге жауап жазу