Күйзеліс

 

Қош айтысқан күндер мен алыс кеткен айлардың,
Қайғысына оралып, қазығына байландым.
Бағым ауып басымнан, тәтті ойымнан тоналып,
Жапырағын жел жұтқан күзгі баққа айналдым.

Ашық аспан астында арманымнан адасып,
Жалғыздыққа жұп болдым жалғыз өзім жарасып.
Кірпік ілмей түнімен қос жанарым жасаурап,
Жұбататын жанымды жан іздейді қарашық.

Қарашыққа тұнып тұр, тағдыр сыйы тамшы – мұң,
Көрсем шерім тарқайды тамылжыған таң шығын.
Сағым белден сал самал сімірер ме ем, шіркін-ай!
Қала мынау... қажытқан қалың ойдан қаңсыдым.

Бар болмысты билейді, қамап алып ой – түрме ,
Қашып кеткім келеді бәрін тастап кей түнде.
Қайдам, бірақ қарақшы қара түнге тоналып,
Қайта оралып келемін сол күйзелген кейпімде.

Содан кейін отырам, өлең жазып ең соңғы,
Ең соңғы өлең – қайғылы, ең соңғы өлең – ең шерлі.
Бара жатыр ескі мұң езіп, жаншып еңсемді,
...Қарлығашым, қайдасың, қамықтырмай келші енді?!.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Лия

    2013-02-16 05:54:49

    Көңілі-ай көл~думан, өмірім-ай жыр~айдын,
    Жалғызсырап жүрегім, тағы міне мұңайдым.
    Өміріме өкпелеп кейде мен де жылаймын,
    Шара бар ма тағдырға, жазғанына Құдайдың,
    Тәңіріме тәуба деп бәріне де шыдаймын.

    Өмі деген алдамшы, екіжүзді жалғанда,
    Жан дүниеңді түсініп, демеу болар жан бар ма?!
    Көңіл шіркін құлазып, жалғыз өзім қалғанда,
    Шабыт келіп, дем беріп, жетелейді арманға...

    Пікірге жауап жазу

  • Erbolat Karakoshiev

    2012-09-15 10:54:52

    олендерініз тамаша оміріміз бір го агасы.........

    Пікірге жауап жазу

  • Накибаева Назерке

    2012-05-13 23:31:17

    нағыз ақын болу үшін түйсік керек қой, М.Мақатаев сияты ақындардың кереметтігі де сол, адам жанын терең түсіне білуінде...аға күйзелмеңіз...әр күйзелісіңіз осындай тамаша өлеңге айналса да...тәтті мұңыңызға жетпейді!

    Пікірге жауап жазу

  • Айнаш

    2012-01-04 10:44:56

    өлеңге дәйек болатын сезім қалпының осынау куйде қағазға түсірілу өнері дарыған адам бақытты ау шамасы...

    Пікірге жауап жазу

  • Гүлзира

    2011-12-29 02:20:59

    Расында, ақындардың бәрі жалғыз... Ұшуға қанат таба алмаған жүрек неге сонша мазасызданады екен... Немесе қиялға соншалық ерік береміз бе?

    Пікірге жауап жазу