Менің мұңым

 

Тұншықтырып тірлігімді тынымсыз,
Тас төбемнен төнді тағы Түн үнсіз.
Маған қарап мұңаяды мың жұлдыз,
Жетімсіреп менің мөлдір мұңымсыз.

Менің мұңым, менің мұңым – мөлдір мұң,
(Мұңсыз өмір сүре алмаймын мен бір күн).
Түнгі аспаннан тұнық іздеп көз алмай,
Қарап жатып қанша жұлдыз сөндірдім.

Бүгін тағы құрбан болып бар үміт,
Санадан тыс құдіретке бағынып.
Мың жұлдыздың арасынан бір жұлдыз,
Ағып түсті. Жалғыздықтан жалығып.

Олар, сірә, ғашық менің мұңыма,
Мен де олардың құмар едім сырына.
Мұңсыз – мінсіз ғұмыр кешу, құдай-ау,
Қасірет қой жердің Ақын ұлына.

Әппақ Айдың бір сәулесі тисе артық,
Кетер, шіркін, көңілімде күй шалқып.
Өзгеше бір өлең жазып отырам,
Мың жұлдыздан мұңдарымның иісі аңқып.

Менің мұңым сәуле төгіп Күнге ұқсап,
Мұңлы шаққа сыйлайды бір нұрлы сәт.
Түнгі ызғардан тоңып тұрған томсарып,
Жұлдыздардан гүл жасайды бір құшақ.

Аспанымда – тұнып тұрған күміс шық,
Аспан асты – сыр ұқтырған тыныштық.
...Өзім сүйіп, өзім күйіп жататын,
Менің мұңым ып-ыстық.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Бекетов нариман

    2013-04-02 18:42:48

    Керемет аға өлеңдеріңіз ж8рекке жетіп, тербейді

    Пікірге жауап жазу

  • Самал Мұратқызы

    2013-02-19 21:12:29

    Тұнып тұрған лирика, сезім. Шаттық пен мұңды айнытпай өлеңмен өрнектеген өнеріңіз өлмесін! Қаламыңыз, талабыңыз талмасын! Жаныңызда тек жаны жайсаң, жақсы адамдар болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • AKMEREI

    2013-02-18 14:29:48

    Калкаман ага мен сиздин бир кшнзде сиздин бир оленизди окыгм келет бул улкен арманым мумкндгим барма олендернз катты униды жауап жазасызба Акмерей

    Пікірге жауап жазу

  • Лия

    2013-02-16 05:06:29

    Менің өлеңдерімді сынап көріңізші...

    Емханада

    Күңгірт болме, темір төсек, емхана...
    Ұйқы қанып, қарның асқа тойса да
    Түсіп жатқан науқастарды көргенде,
    Шымшытырық шырмалады ой-сана.

    Сол бір ойлар улап жатыр санамды,
    Жарық дүние болды маған қараңғы.
    Қалай ғана ауырмайды жүрегің,
    Көрген кезде аяғы жоқ адамды.

    Екі аяғы тізесінен кесілген,
    Сол бір адам кетпей қойды есімнен.
    Бұл тағдырдың сынағы ма, жоқ әлде
    Балкім бәрі арақ деген кесден.

    Беделіңе түсіретін қара дақ,
    Әзәзілдің өзі емес пе сол арақ.
    Маскүнем мен сол мүгедек адамның,
    Болашағын айту қиын жобалап.

    Бұ дүниеде денсаулыққа не жетсін?
    Кемтар болсаң, айтшы, кімге керексің?!
    Иманыңды серік қылсаң жаныңа,
    Хақ Тәңірің болар әр кез көмекшің!


    Бұл дүниенің кездері көп сынайтын,
    Басқа түссе бәріне де шыдайсың.
    Күнәсіз пәк адам болмас жалғанда,
    Пендеміз ғой, құлымыз бір Құдайдың.

    Пікірге жауап жазу

  • Лия

    2013-02-16 04:22:54

    Сәлеметсіз бе?
    ... Маған сіздің өлеңдеріңіз қатты ұнайды! Жаныма жақын. Еңбегіңіз жемісті болсын! Қаламыңыз ұштала берсін!

    Пікірге жауап жазу

  • Анар Нуртазақызы

    2012-12-18 14:07:36

    өте керемет аға өлеңдеріңіз адамға үлкен ой қалдырады оқып отырып көңілім босап кетті.Аллах тағалам еңбегінізді жемісті,өнерінізді биік шыңнан көрсете берсін.Өзіңізге және отбасынызға Аллах тағаламнын нұры жаусын.Ізгі ниетпен қарындасыныз Анар

    Пікірге жауап жазу

  • Аягүл

    2012-12-04 16:22:42

    Қалқаман аға!Мен сіздің талабыңызға,өмірге деген құштарлығыңызға тәнтімін!Жырларыңызды оқып көңілім босап жылап алдым.сізге көп рахмет!Жүрегіңіздің түкпірінен шыққан осындай жүректі толғандыратын жырларыңыз көбейе берсін! сіздің жырларыңызды үзбей оқитын қарындасыңыз Аягүл.

    Пікірге жауап жазу

  • zhanar

    2012-10-06 22:44:34

    Қалқаман ағаның мұндай керемет өлеңдерінің барын білсем де эстрадағы қаншама әдемі әндердің де авторы екенін осы сайтқа кіріп көргелі білдім, осындай рухани жағынан байытар ақын аға-әпкелерімізді қадірлей білейік. Қалқаман аға екі дүние бақытын көріңіз!қазір жастарға өте қажет қазақ жырын осылай сайт арқылы насихаттап жатқаныңыз үшін сізге зор алғыс айтамыз.

    Пікірге жауап жазу

  • Байсалова Жансая

    2012-09-29 16:05:59

    Калкаман ага сизге шыгармашылык табыс тилеимин! Отбасынызга баут тилеим! керемет ойлар,магынасы оте керемет астарында каншама терен оилар жатырю сизге коп рахмет осындаи ойларынызды жаза бериниз! сизге сурагым кешиниз енди кашан откизесиз?

    Пікірге жауап жазу

  • Тұңғиық Теңізбек

    2012-09-05 14:29:38

    ... Өзім сүйіп, өзім күйіп жататын,
    Менің мұңым ып-ыстық.

    Керемет теңеу, керемет жолдар. Құдды менің мұңымды жырлағандайсыз. Мың алғыс!!!

    Пікірге жауап жазу