Өкіндіріп өтеді өмір жалған

 

Өкіндіріп өтеді өмір жалған,
Жалған, жалған, жалғаннан көңіл қалған.
Жетемін деп жүргенде желдей есіп,
Қалады екен қол бұлғап соңыңда арман.

Арман, арман, аңсатқан қайран арман,
Жерде болған... адасып Айға қонған.
Жаңылдырмай жолыңнан қоймас, сірә,
Қу дүние көзіңді байлап алған. 

Жалын атқан жастық шақ, қуаныш-бақ, 
Кетеді екен келмеске тым алыстап.
Ашық күнде адасып кету оңай, 
Алсаң дағы қолыңа шырақ ұстап. 

Қалмау үшін өмірің ұқсап күзге,
Қанағат қыл... қалғыма, ұшпақты ізде.
Тұрлауы жоқ баянсыз бес күндіктің,
Тұра алмаспыз тұтқасын ұстап біз де.

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Шаулиева Жанат

    2013-06-17 20:20:10

    Омир ширкин окиндиред ол хахкой
    Омир ози турли турли жолаккой
    Сол жолактан жургенинде отем деп
    Армандарын rолды булгап калмаккой

    Пікірге жауап жазу

  • Ләззат Рысбайқызы

    2013-06-01 08:14:01

    Қайырлы таң! Сіздің өлеңдеріңіз маған өте ұнайды, сізге шығармашылық табыстар тілеймін. Алла абырой берсін!

    Пікірге жауап жазу