Перизат...

Алғаусыз сезім ақ жүрегіммен, 

Арманына адал тағдыр едім мен.

Бағыты – жұмбақ, бағасы – қымбат,

Бақыт іздеген жанмын өмірден.

 

Көрдім де сені... Өртендім өзім,

Еркімді билеп, еркем, бір өзің...

Көркіңе, шіркін, жарасқан қандай,

Көзайым, күнім, көркем мінезің!


Еліктей ғана ерке сылқымым,

Ерек сезімнің шертесің қылын.

Өлең ойымды жауласын түгел,

Өне-бойымды өрте, шіркінім!


Алаштың аққу қызы ма ең, керім?

Айдынға салған жүзіп өрнегін.

Үнсіздігіңнің өзі бір ән ғой,

Үздігіп жаным, үзілер демім...


Жап-жарық нұрдан жаралдың ба сен?!

Мөп-мөлдір мұңдай жанардың жасы ең.

Ғайыптан келген перизатым-ау,

Ғажайып сыйы ғаламның әсем.


Назданып нәркес нұрға малынып,

Ынтызар еттің ырғала күліп,

Мен сені жақсы көріп қалдым ғой,

Мезі еткен ауыр мұңнан арылып.


Көріктім менің көзі – нұр, жақұт,

Сыр айтсын сендік сезім үн қатып.

Көз ілмей мәңгі, өзіңдей жанды,

Сағынудың да өзі – бір БАҚЫТ!

 

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Эльмира

    2013-06-02 00:52:26

    Керемет тамаша жазылған жақұт жырлардың бірі!

    Пікірге жауап жазу

  • ПЕРИЗАТ

    2013-04-14 18:40:13

    Аға алланың нұры жаусын!

    Пікірге жауап жазу

  • каламкас

    2013-02-21 00:02:52

    керемет!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Kerekova Gulim

    2013-02-06 23:44:17

    Ote-ote keremet!!Tamasha,sizdin barlyk olen joldarynyz unaidy magan.Sizge shygarmashylyk tabys,otbasynyzga amanshylyk tileimin!!

    Пікірге жауап жазу

  • Венера

    2013-01-26 09:38:18

    Көз ілмей мәңгі, өзіңдей жанды,
    Сағынудың да өзі бір БАҚЫТ!

    Пікірге жауап жазу

  • Бота

    2013-01-21 11:50:27

    Әр оқырман ұнаған өлеңді Өзіне арналғандай көріп, өлеңнен өзін іздеп оқу керек меніңше! Сол кезде жүректе қалады жазылған жыр! Маған қатты ұнады! Нәзік сыр жатыр өлеңнің өне бойында...

    Пікірге жауап жазу

  • Дариға Дәурен

    2013-01-20 23:59:37

    Қатты ұнады осы өлең... Мөлдір мұң, кіршіксіз сезім... Тап-таза әлем....

    Пікірге жауап жазу