Достар

 

Беу, достарым,

Сағындым мен сендерді!

Тек сағыныш көтерер еңсемді енді.

Алып-ұшып кететін көңіл қайда,

Тарлық етіп осынау жер шеңберді.


Бал шақтарын көктем мен күздің аңсап,

Өмір күліп тұратын біз қуансақ...

Жастығымның оралмас белгісіндей,

Жанарынан жылдарым үзді моншақ.


Адал едік, ақ жүрек аңғал едік,

Таза, мөлдір жыр жаздық таңнан өріп.

Бір-бірінен аумайтын армандар-ай,

Жауһар сезім беретін жанға көрік.


Сарғайған гүл сияқты қолымдағы,

Сағынышқа айналды-ау соның бәрі.

Жалт-жұлт еткен жасындай жас ғұмырды,

Жүріп өткен кешегі жол ұрлады.


Жол ұрлады. Өзгерді өмір мәні,

Жалғыз айтқан әнімнің жоқ ырғағы.

Күзге айналып кетсе де күрең жалған,

Күйі ойнайды көктемнің көңілде әлі.


Көңіл-дөнен "басқа өрлеп, төске шауып",

Өлімменен қауышпай өшпесі анық.

Қайдасыңдар, достарым, келіңдерші,

Ессіз, ерке шақтарды еске салып!!!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Ушанов Абылай

    2013-04-26 16:25:01

    Достың орны әрине ерекше ғой Қалқаман аға

    Пікірге жауап жазу

  • Ардақ Қобыландыұлы

    2013-04-02 21:30:29

    Өте жақсы өлең! Керемет

    Пікірге жауап жазу

  • Акниет

    2013-01-26 00:29:45

    Салеметсіз бе, Қалқаман аға Мен Оңтүстік Шымкент қаласында киелі Қазығұртта туылғанмын,есімім Ақниет, Сіздің өлеңдеріңіз керемет сезімге толы өлеңдер Сізге шығармашылық табыстар тілеймін! мен ағам жане інім үшеүміз ән айтамыз, сіздің өлеңдеріңізді орындағымыз келеді Сізден калай алуга болады калай жолыксак болады?

    Пікірге жауап жазу

  • Асель Нурланкызы

    2013-01-06 17:23:20

    Сәлеметсіз бе, Қалқаман ағай! Менің пікірімше сіздің өлеңдеріңізде бір құдірет бар. Қай өлеңізді алып қарасақта мағынасы терең, түсінікті және айқын! Жаным жабыққанда сіздің өлеңдерінізден дему алам. Сізге шығармашылық табыс пен жаңа сәтті туындыларды жарыққа шыгаруынызғы шын жүректен тіліктеспін!
    Ізгі ниетпен: оқырманыңыз Асель!

    Пікірге жауап жазу

  • Эльмира

    2012-12-22 12:07:48

    Cәлеметсіз бе Қалқаман аға! Сізгі , шығармашылығынызға деген, алғысым шексіз. Шығармашылғынызға өшпес із, тек биіктерден көрініңіз! Болашақ жастар мен жалынды жастардың құлшынысын оятатын шығармаларыныз көбейе берсін! Өлеңдерініз өте керемет, Мұқағали агалармыз, Фариза апаларымыздың, және сіздің шығармаларыныз оте катты унайды! Шын жүректен тілерім қаламыныздың сағы сынбасын, шыгармалығыныз өшпесін деп тілеймін!!!!!!!!!! Сүйікті оқырманыңыз Эльмира

    Пікірге жауап жазу

  • Аят Берген

    2012-12-08 10:50:08

    Сәлеметсізбе Қалқаман аға! Сізге тек алға оттыөлеңдеріңіз шыға берсін Сүйікті оқырманыңыз Берген

    Пікірге жауап жазу

  • Нурбол

    2012-11-29 16:26:55

    жаксы олен екен!

    Пікірге жауап жазу

  • нұрадин сәуле

    2012-10-26 14:47:51

    Сәлеметсізбе Қалқаман аға! Сізге деген, өлеңдеріңізге деген ықыласымды қалай жеткізер екем. Ең алдымен Мұқағали десем, екінші емес Мұқамен теңдей көкейімде сізсіз! Сіздің өлеңдеріңізді оқыған сайын қалай шабыттанатынымды білесізбе? Сізге шығармашылық табыс, қаламыңыздың қарымы талмасын дегім келеді. Шын көңілмен тілеймін! Қалқаман аға, осы бетіңізден таймаңызшы! Сүйікті оқырманыңыз Нұраддин Сәуле!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Жанбай

    2012-09-22 10:34:42

    Жақсы өлең. Ұсыныс- сайт фонын тым қою қоңыр, оқу- жазуға жайсыз.
    Мынау менің өлеңім;
    Достарым

    Тұрғанымда қысылып
    Медет берген достарым;
    Өз қайғысын ысырып
    Көмек берген достарым;

    Замандастың жеңісін
    Көре білген достарым;
    Қолындағы жемісін
    Бөле жеген достарым;

    Сынға түскен кездерде
    Сырын бермес достарым;
    Қамыққанын өзгеге
    Біліндірмес достарым;

    Тайғақ заман, тар жерде
    Қолын берген достарым;
    Жолдасына мәреде
    Жолын берген достарым.

    Жырға сені қосумен
    Өтсем деймін досым-ау;
    Сыйлас болып досыммен
    Өмірімде осынау.

    Жанбай Өзденбаев

    Пікірге жауап жазу

  • Нурадинова Дильноза Ердашбаевна

    2012-09-10 14:44:40

    Құрметті Қалқаман Сарин!!
    Өлеңдеріңіз өте керемет, әрі әсерлі де, әрі жан тебіретерлік. Ақындығыңыз асқақтай берсін!

    Пікірге жауап жазу