Әке

 

Жақсы мен жаманды да көрді көзің,

Сонда да мұқалмады өр мінезің.

Айбыны Алатаудай қайран, әке -

Асқарым арқа сүйер болдың өзің!


Беріліп ғажабына бала күннің,

Қадірін сол бақыттың жаңа білдім!

Өлшеусіз өнегеңді өлеңге өрсем -

Жетер ме, құдіреті қаламымның?!


Сен жүрген жол қысқарып, сапар бітті,

Сонда да жанға медет батаң құтты.

Әкетай көруші едім тек өзіңнен,

Мейірім тұнып тұрған қаталдықты.


Көз жазып қара шалдан қалған ауыл

Құлазып, (түсе алмайды арнаға бір...)

Артыма қарайлаумен келем үнсіз,

Арқалап сағынышты салмағы ауыр.


Өскен соң өлмес мұра өлеңге ұйып,

Басымды көрмегем бос беделге иіп...

Мен үшін адамзатта жан жоқ, сірә,

Сенен Өр!

Сенен Асқақ!

Сенен Биік!...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • сАУЛЕШ

    2013-04-05 16:37:16

    кЕРЕМЕТ ӨЛЕҢДЕР! аЛЛАТАҒАЛА сІЗГЕ ТЕК ДЕНСАУЛЫҚ, ШАБЫТ, АБЫРОЙ, ЛАЙЫҚТЫ, БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР БЕРСІН!

    Пікірге жауап жазу

  • Алма Нурбаева

    2013-02-13 09:23:47

    Рахмет керемет өлең әсіресе мына жері Әкетай көруші едім тек өзіңнен,

    Мейірім тұнып тұрған қаталдықты
    Сіздің бұл өлеңізді әкемнің туған күнінде оқып беремін Әкеме сіздің Алланың бары ақиқат өлеңіңіз ұнайды . Сізге рахмет Шығармашылық табыс тілеймін

    Пікірге жауап жазу

  • Базаргул Надиркызы

    2013-01-31 15:15:08

    Оленнин арбир сози менин журегимнен шыгып жаткандай. Рахмет, Олениниз ушин... Ак папамды сагындыммммммммм

    Пікірге жауап жазу

  • лаура шыңғысбаева

    2013-01-15 11:38:59

    керемет мен сіздің өнеріңізге тәнттімін. өлең сіз ушін онер емес өміріңізге айналсын қаламыңыз ұштала берсін

    Пікірге жауап жазу

  • жадыра

    2012-12-27 16:45:33

    керемет олен журектен шыккан соз журекке жетеди ..

    Пікірге жауап жазу

  • анар

    2012-12-26 21:54:05

    әр адамның әкеге деген сағынышы болады.Әттең тек әкенің қадірін кеш түсініп жататынымыз өкінішті.Өлеңнің тілі жеңіл,айтар ойы мазмұнға бай екен. Рахмет!

    Пікірге жауап жазу

  • Елеу Ақылбек Дәулетұлы

    2012-11-27 17:25:51

    Әке қамқорлығын көрмеппін ,
    Әкемді жан жағымнан іздедім,
    Жанымды жегідей жейт сол бір сезім,
    Әкедеп жылатты жүректі бұл- өленің.

    Пікірге жауап жазу

    • Шахматер

      2013-01-27 15:36:17

      Әкелерден үлгі алуға тырыстық
      Әкелер ғой нағыз төре болыстық
      Әкелер ғой нағыз қатал дегенмен
      Қабақтары қаһар төнген тым ыстық!

      Қуанса егер ерітетін шекер - мұз
      Ашуланса бешпетіңнен өтер мұз
      Бақытымыз тая қоймас сірә да
      Қасымызда болса егер әкеміз!

      Пікірге жауап жазу

  • Гүлден

    2012-11-01 23:05:13

    Мына өлеңіңіз тура әкемді көз алдыма әкелгендей болды. Әкемнің қатал қабағы мейірімге толы болатын. Сарғайған сағынышымды аз да болса басқандай бодым. Қандай керемет жазылған. Алла өзіңді тіл көзден сақтасын інім.

    Пікірге жауап жазу

  • Аягул

    2012-11-01 01:53:29

    сөз жоқ...Әкем есіме түсті..көзіме еріксіз жас алдым..кеудеме жиналып қалған сағыныш дертін бір қозғағандай болды...рахмет...

    Пікірге жауап жазу

  • Маншук Жанбырбаева

    2012-10-25 21:17:01

    оте керемет олен!!!

    Пікірге жауап жазу