Ертіс... Семей...

 

Есімнен еш кетпейсің Ертіс, Семей...

Еңсемді езе берді-ау сол кішкене ой.

Барар ем барлығын да құрбан етіп,

Бұйырып бүгін, ертең жол түссе ғой.


Кеудемде күмбір-күмбір шулайды орман,

Әуреге салған жанды бұл қай жалған?

Сылаңған сері күндер артта қалып,

Бір арман қолын тағы бұлғайды алдан.


Осылай ой тербетіп жолда келем,

Тулайды тұла бойда толғақ - өлең.

Әп-сәтте сезім кешіп абыр-сабыр,

Беймаза мұндай күйде болмаған ем.


Қайтейін, ғұмыр қысқа, ал, жол ұзақ,

Тар көше, тас қаланың таңдары жат.

Аңсатып баға жетпес балалығым,

Жеткізбей бара жатыр арман ұзап.


Ілесіп кеттім екен қандай көшке?

Үмітім өшпесе екен. (Жанбайды өшсе.)

Есілде ел сүйсінер еркелік бар,

Ертісті бірақ, әттең, салмайды еске...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • маржан

    2013-05-10 23:11:20

    жарайсың бауырым тек тек биіктерден көріне бер қасиетті Семей топырағынан шыққан кезекті шоқ жұлдызсың!!!!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Айнагул

    2013-04-27 22:44:07

    Салеметсиз бе! Олендериниз тамаша, табыс тилеймин. Шыгысым шырайлы елим олениниздин сози керек еди. Рахмет

    Пікірге жауап жазу

  • рустем

    2012-11-25 14:53:28

    Күшті екен. аман болыңыз." Есілде ел сүйсінер еркелік бар,

    Ертісті бірақ, әттең, салмайды еске..." тамаша. менің де семейде өткізген қызығы мен шыжығы мол кездер есіме түсіп кетті. жаза беріңіз. қолдан келгенше демек жүруге тырысамыз.

    Пікірге жауап жазу

  • Назым

    2012-11-19 21:24:40

    Керемет өлең! Сізге тек шығармашылық табыс тілеймін! Әрқашан биіктерден көрініңіз!

    Пікірге жауап жазу

  • Тоты

    2012-11-10 08:54:06

    Соңғы шумақ менің дәл қазіргі күйімді айқындап бергендей екен. Астанаға келгелі Ертіске деген сағынышым үдеп кетті...

    Пікірге жауап жазу

  • Куагышбекова Балнур

    2012-10-25 15:13:26

    Калкаман ага саламатсыз ба? Мен сиздин жерлесинизбин Аркаттан.менин туган жеримнен сиз сиякты тулганын шыкканына мактанамын!сиздин олендер жинагынызды кайдан алуга болады???

    Пікірге жауап жазу

  • Аханова Молдiр

    2012-09-27 04:52:04

    Калкаман ага салеметсiз бе! Маган сiздiн олендерiнiз катты унайды! Сiздiн кiтабынызды алып окысам димiн,бiрак iздеп таба алмадым,Семей,Оскемен калаларынан.

    Пікірге жауап жазу

  • маликова жанат

    2012-08-15 01:40:48

    magan katty unaidy olenderiniz!!!

    Пікірге жауап жазу