Оқырман қыз

 

Оқырман қыз,
Өмірде алыс, 
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

Сен ше, қарғам?
Мұңаймашы, 
Түспесін еңселі арман.
Ықыласын бір саған аударар ем,
Ыңғайыма осы бір көнсе жалған.

Амал нешік?..
Сансыз арман сарылып санамда өшіп
Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін,
Көңілімнің көгінде ғалам көшіп.

Аңғалым-ай!
Жағымды бір болар ма ең, жанға бұлай.
Қалам ұстап қолыма сәл мұңайсам,
Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай!

Мөп-мөлдір шық,
Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып,
Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін,
Жүрегіңнен жарғандай КӨКТЕМ бүршік.

Оқырман қыз...
Өмірде алыс, 
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен,
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз...

Оқырман қыз...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • аяна

    2013-06-20 14:12:39

    калкаман ага олендериниз сиздин журегинизден калай шыкса биздин де журеимизге ешбир ауыткусыз дал солай жетеди ккеррррррремет олеендер

    Пікірге жауап жазу

  • Әлішер Гүлсезім

    2013-05-16 22:11:36

    Өлеңдеріңіз жүректі тебірентпей қоймайды. КЕРЕМЕТ!

    Пікірге жауап жазу

  • aidynbekob Sherkhan

    2013-02-24 13:36:27

    meni kiziktyratyny okirman kizdin esimi kim eken aga oleniniz keremet! Jalpy sizdin olenderinizge meninde ozgelerdin de tagan mini jok dep oilaim

    Пікірге жауап жазу

  • Амангүл Уатхан қызы

    2013-01-31 13:44:23

    сәлеметсізбе аға. мен сіздін оқырман қызыныз Амангул. сіздін өлеңдерініз маган қатты ұнайды. әркез оқырмандарыңызды қуанта беріңіз!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Дана Қасым

    2013-01-21 13:50:03

    Жарқыным-ай!
    Қу дүние қысып барады жанды ұдай,
    Жасырын жылап қалам кейде мен де
    Мұңдарым кеткеннен соң ішке сыймай.

    Асылым-ай!
    Жырыңды оқып тұрып шашылдым жәй,
    Күн батса айды күтем телміріп ап
    Жырыңды оқу үшін Асылым-ай.....

    Пікірге жауап жазу

  • Жақсылык

    2013-01-19 21:14:09

    Жақсы жазылған екен, жүректі шымырлатады

    Пікірге жауап жазу

  • Айсұлу Өмірбаева

    2013-01-10 13:27:54

    Қалқаман аға салеметсіз бе! Мен сіздің өлеңдеріңізді көп оқимын, теледидардан шығармашылық кештеріңізді де көремін. сіздің жазған өлеңдеріңіз маған өте ұнайды. Әсәресе Айсұлу! оны жан жарыңызға арнаған боларсыз...
    Сіздің жаһар жырларыңыздың құдіреті әр адамның жүрегін тебірентпей қоймасы анық...

    Пікірге жауап жазу

  • Ақерке Анарбекқызы

    2013-01-04 22:47:44

    Қалқаман аға сіздің өмір толқынындағы ағысыңыз бір ерекше.Өлеңдеріңіздің мағынасы мол,санада өшпес бір күндік дүние емес,ғасырлық ұрпақтан-ұрпаққа мирас боларлық дүние десем артық болмас.....Сіздің ақ қауырсынды ақ қаламаңыз тек қана ақ жүректен шыққан асыл дүниелерді жаза берсін!

    Пікірге жауап жазу

  • жадыра

    2012-12-27 16:49:04

    ага олендеринизге соз жок журегим елжиреп кетти

    Пікірге жауап жазу

  • окырман кыз

    2012-12-25 07:05:12

    акыным-ай!
    создерин шумакталган жакын удай.
    омирдин алыстыгы билбейди,
    жанымыз оленмнен жакынсырап,
    жибек сезим,журек созин жеткизетин
    ан-жыр кандай,комейинди жарып шыккан,
    коктемнин хауызындай!!!

    Пікірге жауап жазу