Роберт Бернс (Шотланд ақыны)

Шотландық даңқ

О, Шотландия,

қас дұшпаның саған қару кезенді,

Бастан кештің кері кеткен кезеңді.

Қоштаса бер даңқыңменен ежелгі,

Отан деген оттан ыстық сөз өлді.

 

Твид мұхиттың асығушы ед жолына,

Сарк болса түсті құмның торына.

Атамекен бәрі, бәрі... көшті енді,

Ата жауың — ағылшындар қолына.

 

Ғасырларға тізе бүкпей келгенде

Сені сатқан — сатқындар ғой, көр кеуде.

Ұлы Отанды айырбастап жіберді

Уға татыр уыс ақша бергенде.

 

Ағылшынның қылышына болаттай

Қарсы тұрдық, жерімізге жолатпай.

Бірақ, бізді ағылшынның алтыны

Саудаласып сатып алды, оқ атпай.

 

Қамын ойлап жесір менен жетімнің,

Өшпегенін тіледі олар отымның.

Брюс, Уоллес отқа түсіп жатқанда,

Отан үшін өлмегенге өкіндім.

 

Жасырмаймын.

Тәңір қолдап, дем берсе,

Айтам бәрін, жанар отым сөнгенше.

Отанымды сатып кеткен ойланбай,

Залымдарға қарғыс болсын өлгенше.

 

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Сейтбекова Маржан

    2012-08-21 12:19:13

    Алланың бары ақиқат деген айдары керемет!!!!!!!!!!!! Өлнңдері де кермет!!!!!!!!!

    Пікірге жауап жазу