Роберт Бернс (Шотланд ақыны)

Тауда менің жүрегім

Тауда менің жүрегім, әлі сонда,

Бұғылармен шыңға өрлеп жарысам да.

Құз-жартасты құламай кезіп жүрем,

Самға, самға, жүрегім, әрі самға!

 

Қош бол, менің отаным, солтүстігім,

Өзің берген бойымда бар күш бүгін.

Әлем шарлап кетсе де, сені ғана

Сүйемін деп серт беріп, ант ішті ұлың!

 

Қош бол, менің қар басқан таулы аймағым,

Қош бол, менің жазира жан-жайлауым.

Қош бол, менің жап-жасыл нулы орманым,

Жасырынып ішіңе қалды ойларым.

 

Тауда менің жүрегім, әлі сонда,

Бұғылармен шыңға өрлеп жарысам да.

Құз-жартасты құламай кезіп жүрем,

Самға, самға, жүрегім, әрі самға!

Пікіріңізді жазыңыз...