Роберт Бернс (Шотланд ақыны)

Шағын баллада

Ғажап ару, бойы сұңғақ, ойы арлы,

Ғашығымен ғұмыр кешкен баянды,

Сүюші еді ол — бір арманды аяулы.

 

Бұл бақыттың болмай түбі қайырлы,

Екі жақта жеді екеуі уайымды.

Сүйгендерді сойқан соғыс айырды!

Теңіз кешіп, тау-төбеге түнеді,

Зеңбіректер атылса да үнемі,

Жасымады жауынгердің жүрегі.

 

Түн болғанда жұлдызды аспан мөлдіреп,

Тек сүйгенін есіне алып, елжіреп,

Лүпіл қағып жатушы еді сол жүрек.

Пікіріңізді жазыңыз...