Роберт Бернс (Шотланд ақыны)

* * *

Көк аспан кешке үнсіз боялды,

Көкжиек масайрап, мұнартып,

Көктемнің көркі әсем, аяулы,

Көңіліме қояды мұң артып.

 

Жас балғын жапырақ көргенім,

Естимін құс әнін, төгілген.

Мазасыз жаныма ал, менің,

Бәрі де көріксіз көрінген.

Мен саған барымды ақтарам,

Ал,сенің көзіңде тамшы-мұң

Жүрегің жаралы боп калар,

Сезінсең жанымның бар сырын.

 

Қалармын күй кешіп көңілсіз,

Сені де сүйер жан табылып...

Қабірде жатармын мен үнсіз,

Қураған жапырақ жамылып.

 

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Гульзира

    2011-11-26 22:19:13

    "Журегін жаралы боп калар, Сезінсен жанымнын бар сырын." Керемет, шебер аударгансыз!..

    Пікірге жауап жазу