Асқар Хәкім (Тәжік ақыны)

Не шара?

Біз еңіреп жылағанда,

Қайғымызға құмарлана күлді, Олар.

Біз қайтып тұрмастай боп құлағанда,

Басымызды баспалдақ қып тұрды, Олар.

Біз оларға төрімізді берген күні босатып,

Өзімізді үйімізден қуып шықты тас атып.

 

Баспанамның босағасын көре алмай,

Бостандығым бодандыққа алмасты.

Басқыншының бүлігіне көне алмай,

Бас көтерсе боздағымды дарға асты.

 

Өз көрімді өз қолыммен қаздырып,

Жан тапсырдық. Қала бердік жоқтаусыз.

Шарасыздан шыдай алмай көз жұмып,

Жан бауырым жылай алмай жатты әлсіз.

 

НЕ ШАРА?

...Көз жасымды қорған ғып,

Жаза алмаспын бұл дертті

Азаттықты арман ғып

Арыстандай айбат шегер КҮН ЖЕТТІ!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Асылбек Ақерке

    2013-06-10 14:53:11

    Аға сіздің өнеріңізге тәнтімін Алла жар болсын !!!

    Пікірге жауап жазу

  • Ботакөз

    2013-03-26 21:54:44

    Козиниз неге мунды,

    Пікірге жауап жазу

  • Шынболатов Мәулімнияз

    2012-10-21 21:56:57

    Сұрақ: Басқа жаңа жырларыңызды қайдан табуға болады?

    Пікірге жауап жазу

  • Фархат

    2012-03-17 22:37:56

    Қалқаман ага сізге АЛЛА риза болсын сіз қайталанбас тұлғасыз сіздін талантынызға тәнтімін өмирде барлык жагынан жолыныз болсыню

    Пікірге жауап жазу