Қадір түні

 

Құл болу құрмет қой, ҚҰДАЙҒА,

Фәнилік ұмытып уайымды. 

Нұр шашқан нығметті бұл айда,

Бір түн бар - мың айдан қайырлы!

 

Бұл түнді тең қылған бір Аллаһ!

Сексен үш жыл менен төрт айға.

Бұл түнде бұйырған ҚҰРАН – бақ,

Әр жолы – Ақиқат, мол пайда.

 

Көбейтіп мүміннің несібін,

Раббымыз бұл түнді сый еткен.

Дұғамыз: КЕШІРІМ, КЕШІРІМ,

...Тек қана тап-таза ниетпен!

 

Ондаған жылдардың амалын,

Бір түнге Тәңірім сыйғызып,

Бергенде, сол болсын жауабым

Маңдайды сәждеге тигізіп...

 

Кел, бауыр, құлшылық қылайық,

Сан түрлі сауаптан құр қалмай.

Ақ таңды қарсы алып тұрайық,

Анадан пәк болып туғандай.

 

Көшеде адасып кісі көп,

Мешіттің есігін таппай жүр.

Мұхаммед үмметі, шүкір ет,

Басқаға бермеген бақ қой бұл!.

 

АЛЛАҺУ АКБАР!!!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Erkegul Muratkhan

    2013-06-08 23:15:22

    МашАллаh. Керемет өлең!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Берікбол

    2012-11-28 00:48:47

    ет пен сүйек қозғалып тұрғанында
    мен көрмейтін,дәл қасымда бір әлем бар
    сындыра алсам нәпсімді дер уағында,
    сый ғып берер жұмағында,
    Аллаhу Акбар!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Saule

    2012-08-24 15:34:13

    Alla Tagala kalamynyzga nur, Jureginizge mykty iman bersin! Akynnyn imandy boluy halyktyn mandaiyna bitken bagy emespe? Tamasha olen!!! Alla razy bolsyn aga!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Наурызбаева Гүлнара Қадырбекқызы

    2012-08-15 01:36:40

    Керемет

    Пікірге жауап жазу

  • Онайбаева Данагул

    2012-07-17 19:40:05

    Әрине алланың бары рас
    Жаманға жақсының жаны қас
    Жастарға айтарым өмірде
    Адаспай жолыңды анық бас
    Нәр алдым сіз жазған өлеңнен
    Өлеңнен тек шындық көрем мен
    Сіздердей ақындар көп болса
    Өмірдің барына сенем мен

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-25 23:47:57

    ағам менің сізге Алла разы болсын!

    Пікірге жауап жазу

  • Ақерке Қайырлыбекқызы

    2011-12-13 09:31:20

    Армысыз, ардақты Алаш азаматы! Ақындарды Алла бәрінен ерекше сүйіп жаратады екен. Сіздерді халық тыңдайды, қасиетті қара өлеңмен адам жүрегіне жол табасыздар. Шығармашылығыңыз нұрлана берсін!!! Халыққа берері мол, мәнді өлеңдеріңіз көбейе берсін!!!

    Пікірге жауап жазу

  • галия

    2011-11-23 06:58:44

    Ия кейде тым өзімшіл болып Алланы еске алмай жатамыз,рахмет бұл өлеңдеріңіз жастарға үлгі болары анық.

    Пікірге жауап жазу