Мадақтап мінсіз Алланы

 

Жарлы жұртымның жағасы жыртық...

Жар астында ма жақсылық?

Кетіпті елдің арасын ірітіп,

Жалғанды жалмап жоқшылық...

 

Қайтады қашан қазақтың кегі,

Жазмыш не дейді, көк аспан?

Шекесіне оның азаптың мөрі.

Басылған ба екен о бастан?

 

Жер бетіндегі нала-сұмдықтың,

Қасіреттердің көптігі...

Олардың бәрі жанашырлықтың,

Жанашырлықтың жоқтығы!

 

Жаттайын тынбай аят-сүрені

Мадақтап Мінсіз Алланы.

Ойсыз күндерден, оятшы мені,

Әдіре қалсын қалғаны...

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Перизат

    2013-01-30 20:48:50

    Калкаман аfа,оте жаксы жазfан екенсiз! Аллаh Таfаланын нуры жаусын!сiзге мол бакыт,зор шабыт,енбегiнiздiн жемiсiн тiлеймiн!

    Пікірге жауап жазу

  • Асылжан

    2013-01-26 23:36:02

    Кремет шығарған өлең.Базар жоқ

    Пікірге жауап жазу

  • Малибеков Нұржігіт

    2013-01-19 16:12:33

    Қалқаман аға Алла сізге шын иман дәмін таттырсын! Өлеңдеріңіз маған ұнады.

    Пікірге жауап жазу

  • Жубанганова Гульнур Жаркынбаевна

    2012-06-07 14:14:31

    Керемееееееееееет! Аллаһ екі дүниенің бақытын нәсіп еткей! Амин!

    Пікірге жауап жазу

  • АКНУР САМАТОВА

    2012-05-27 16:17:26

    КЕРЕМЕТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!АЛЛА КОЛДАП БИІКТЕРДЕН КОРІНЕ БЕРНЗ!!!!!!!!!!

    Пікірге жауап жазу

  • Қайрат

    2012-01-18 04:38:08

    МашАллах, Қалқаман ағаның өлеңдері қандай керемет. Аллах раз болсын аға

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-25 23:50:07

    Олардың бәрі жанашырлықтың,

    Жанашырлықтың жоқтығы!!!
    осы өлең жолдарыңыз өте қатты ұнады... расыменде солай сияқты.

    Пікірге жауап жазу