* * *

 

Сөндірмей шоғын үміттің,

Етекті басқан бақ пен сор.

Адасып мен де жүріппін,

Шындықты көрмей, әттең, сол.

 

Тәрізді кейде көлеңкең

Қасыңда жүрер дос пен қас.

Түсіндім енді, мені ертең

Еңіреп ешкім еске алмас.

 

Көктемін аңсап текті жер,

Алмасып жатар қыс пен жаз.

Келгенін күздің жеткізер

Басыңнаң биік ұшқан қаз.

 

Өмірің – жалған, не керек,

Жұмақты сұра күн мен түн!

Міні жоқ, кемел, керемет

Аңсамас Хақтың кім көркін?

 

Жаратқан сыйы емес пе,

Жеті қат мынау жер мен көк?

Құдіретті Құдай, демеске

Пендеде, біздей, дәрмен жоқ.

 

Есінді жина, ей, Адам,

Етегін жапсын ұл мен қыз!

Құдайдан, бізді аяған,

Қорықпай қалай жүргенбіз?

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Перизат Илашева

    2013-01-30 20:55:36

    сiздiн олендерiнiзге таfы бiр тантi болып отырмын Калкаман аfа.Бiз сиякты жанына жакынын оленнен iздейтiн жастар ушин казiргi заманда улгi тутар жансыз!

    Пікірге жауап жазу

  • adai kiz

    2012-12-14 15:10:54

    аке оленин окыганда ............ калкаман агайдын олендери жан тебирентер жанга шипа болар ерекше дуниелер екени шубасиз

    Пікірге жауап жазу

  • Тургумбаева Балнур

    2012-02-21 12:51:40

    Қалқаман Сарин ағамыздың өлеңдерін сүйіп тыңдаймын! өте керемет ой саларлық өлеңдер,.

    Пікірге жауап жазу

  • Умама

    2011-12-25 23:54:59

    Аллаһ Тағала сізге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін, иншаАлла!!!

    Пікірге жауап жазу