Алланың бары ақиқат

 

«Алладан басқа жоқ Тәңір,
Мұхаммед – оның елшісі».
Соны айтып жаннат баққа кір,
Иманың – жанның емшісі.
Болуы қиын Хаққа құл,
Ібіліс болса көршісі.
Адамның көбіі жатбауыр –
Заманның жалған кем тұсы.
Жер бетіндегі көп қабір –
Адамның алған еншісі.

Құлдың да құлдан несі артық?
Нәпсісін түгел тыйса артық.
Зікір ғып Хақты ішінен,
Иманын кәміл жыйса артық.
Разы боп қылған ісінен,
Раббыңның өзі сүйсе артық.
Жәннаттан бір жай күтіп ең,
Кірерсің сонда күй шалқып.
Анаңның аппақ сүтінен,
Жұмақтың жұпар иісі аңқып.

Ғибадат жасап құрметпен,
Жаратқан хақтың нұрын көр.
Пайғамбар салған сүннетпен,
Жаңылмай жолдан жүріңдер.
Жұмағың жаннат, гүл-Көктем,
Тұрағың болмас жұмыр жер.
Рақым нұр жауып тұр көктен,
Танитын соны ілім бер.
Құлшылық еткен үмметке
Тіршілік етер ғұмыр бер!

Өтпелі мына ғасырдың,
Өткелі қиын жол болар.
Мерейі тасып тасырдың,
Асылдың бағы кем болар.
Сынағы ол да Хакімнің,
Шүкірлік етсең жөн болар.
Есіктен кірген басыңның,
Алатын орны төр болар.
Бесіктен шыққан басыңның,
Баратын жері көр болар.

Құранның сөзі – қасиет,
Пайғамбар сөзі – өсиет.
Ұмытпа сабыр етуді
Көрсең де қайғы, қасырет.
Бабалар өткен не түрлі,
Иманы жалғыз досы боп.
Сүйгені сүннет секілді
Бұйрығы хақтың осы деп.
Ғибратты ғұмыр кешуді,
Бізге де Алла нәсіп ет!

Пікіріңізді жазыңыз...

  • Акбала Хасенкызы

    2013-06-07 10:38:05

    оте тамаша

    Пікірге жауап жазу

  • Алтын Ашабаева

    2013-02-06 17:59:47

    Қалқаман Сариннің өлеңдерің жақсы көремин.Өлеңдері мағыналы,журектен орын алатын өлендер. АЛЛАНЫҢ ҢҰРЫ ЖАУСЫН!

    Пікірге жауап жазу

  • али алишер

    2013-01-30 17:53:27

    калкамандайакын жок казактарда

    Пікірге жауап жазу

  • Нургуль

    2013-01-14 19:37:26

    Алла жар болсын сізге!

    Пікірге жауап жазу

  • Бұлбұл Сабырқызы

    2012-12-28 21:53:49

    Керемет!!! Сіз сияқты ақындар кебейсін!!! Рахмет сізге осындай керемет өлең шығарғаныңыз үшін!

    Пікірге жауап жазу

  • Жаксылыкова Гулнур

    2012-12-14 22:01:12

    Калкаман ага! Салеметсизбе? Мен Актобе каласынан боламын.Казвр Кытайда жогары окуымды жалгастырып жатырмын,сиздин олендеринизди жии окып турамын.Олендериниз адамга куш алга талпыныс береди.сиздин Алла берген онеринизге тантимин. Аркашанда аман журиниз!

    Пікірге жауап жазу

  • Берікбол

    2012-11-28 00:29:59

    қисынды Аллам сөз берген
    иманды жүрек hәм берген
    Қалқамандай ұлың бар,
    мақтанғын қазақ,ой түйген

    Пікірге жауап жазу

  • Zere

    2012-11-22 11:39:08

    Осы арқылы иманы кушейген пенде ушін көөп сауаптар болсын сізге!

    Пікірге жауап жазу

  • Акбота Атихалыковна Исмаилова

    2012-11-12 18:29:24

    Жогалтканынды табатын , ошкенинди жандыратын олен екен . Осындай олен иесине мында бир алгыс !!!

    Пікірге жауап жазу

  • Махаббат

    2012-10-08 00:37:26

    Саламатсызба Калкаман ага!
    Сизге онерде табыс,денинизге саулык тилеймин!!! Сиздин ар шыгарган олениниз керемет!!!

    Пікірге жауап жазу